Елу жылда ел жаңа - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Елу жылда ел жаңа
24.09.2015, 11:56
Тақырыбы: Елу жылда ел жаңа
Мақсаты:
Білімділігі: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістермен таныстыру.
Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, буклеттер көрмесі.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Барысы: 1. Ұйымдастырушылық кезең.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толу мерекесіне арналып отыр.
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика Әнұраны.
Мемлекеттік әнұран орындалады.

«Елу жылда ел жаңа» атты тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата - бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

А) Қызығушылығын ояту.
- Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт - береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм - тұзды ақтай білген елміз.
Осылай деп кім айтқан еді?
- Қаз дауысты Қазбек би.

Ә) Мағынаны тану.
Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата - бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толғалы отыр.
1991жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Егемен ел атанды. Әлем таныды.
Иә, бұл мереке – ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке. Ежелден қазақтың асыл мұраты, еңселі ел болу еді.

Тәуелсіздік күні – Қазақ елі тарихында ең атаулы күн, сан ғасырлық арманының орындалған күні.
Алғаш рет қазақ халқы өз тағдырын өзі айқындап шешуге мүмкіндік алды.
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары сондай - ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті.
Қазақстан Республикасы:
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен елеулі,
Әнұранымен айбатты.
Егеменді еліміздің елтаңбасынан кең байтақ отанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт - санасымен жасампаз рухы толық танылады. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шот - Аман Ыдырысұлы Уалихан.
Мемлекеттік Ту. Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы – Алматылық Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.
Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі, ортақ. Жер шары ұлттарға мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенімен де жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.
Республикамыздың мемлекеттік Әнұраны, 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа Әнұран қабылданды.
Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнұранның әнін жазған: Ш. Қалдаяқов.
Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.
Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының шежіресіне ой жіберелік.
1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16 - желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.
Дала да думан, қала да думан жыр бүгін,
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұл бұлым.

Тәуелсіз Қазақстанымның 20 жылғы жеткен жетістіктеріне көз жіберсек:
1. 1991 жылы 10 қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
2. 1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ - на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
3. 1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
4. 1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
5. 1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
6. 1995 жыл 30 тамыздың Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
7. 1996 жыл 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.
8. 1997 жыл қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
9. 1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.
10. 1997 жылы “ҚР Тілдер туралы” жаңа Заң Парламентте қайтадан талқыланып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Еліміздің Ата Заңы Конституцияның 7 - бабында «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген.
11. 1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6 - мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.
12. 1999 жыл 10 қаңтар. Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
13. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы.
14. 2000 жыл шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.
15. 2001 жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21 - ғасырды зор сеніммен қарсы алды.
16. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев 2001 жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады.
17. 2006жыл Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы аталып өтті.
18. 2006 - 2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.
19. 2006 жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.
20. 2008 жыл Халық санағы болды. Қазақстан халқының саны 1600000 – ға жуықтады.
21. 2010 жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды.
22. 2011 жылы VII қысқы Азияда олимпиадасы Астана - Алматы қалаларында болып өтті.
23. 2011 жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н. Ә. Назарбаев болды.

Қорытынды:
«Жүректен - жүрекке шеңбері»
Жақсыдан үйренейік
Жаманнан жиренейік
Қазақстанның
Ең бақытты, ең ақылды, ең білімді азаматы болайық!
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет - ғұрыпты, салт - дәстүрді қастерлеу болып табылады.
ӘН: «Бақытты ел»
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ел, жаңа, Елу, жылда
Просмотров: 174 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar