Емберген Медіресінұлы Терековтің туғанына 100 жыл - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Емберген Медіресінұлы Терековтің туғанына 100 жыл
24.09.2015, 12:58
Емберген Медіресінұлы Терековтің туғанына - 100жыл
Мақсаты: Өскелең жас ұрпаққа Емберген Медіресінұлы Терековтің еңбегі мен шығармашылығын паш ету;
І - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті қонақтар, оқушылар мен ұстаздар! ССРО мен Қазақ ССР - інің оқу ағарту ісінің үздігі, қадірменді ұстаз әрі жергілікті сазгер, Ұлы Отан соғысының ардагері, марқұм Емберген Медіресінұлы Терековтің туғанына - 100жылдығына арналған «Ұлағатты ұстаз» атты кешке қош келдіңіздер!

ІІ - жүргізуші: Бүгінгі кеш бой сергітіп болсын базар,
Музыка әуені де судай тасар;
Әрі ұстаз, композитор Ембергендей,
Атамыздың жыр толғауы көңіл ашар.

І - жүргізуші: Талаптың тұлпарында жайнақтаған,
Өрге шауып шабыты жай жатпаған.
Кілтін ашып музыка қақпасының,
Он саусағы түрлі аспапта ойнақтаған.

ІІ - жүргізуші: Толқыған жүрек сырын әуелетіп,
Сыйқырлы әнге қосты ой тербетіп;
Әсерлі сазды әуендер ырғағымен
Жеткізетін көңілдің күйін шертіп.

І - жүргізуші: Маза бермей небір қиял шырағы,
Тұлпардай боп жерге тимей тұяғы,
Ембергендей ағамыз әуеледі,
Ашылғандай сыр сандықтың бұлағы.

ІІ - жүргізуші: Білемін көп әнінің ұнағанын,
Толқымай мен қалай тұра аламын,
Жыр – нөсерін қуат берер өң бойына
Бас иелік ұстаздың талантына.
Дина Нұрпейісованың күйі «Тойбастар» орындайтындар: Мектеп жанынан құралған домбырашылар ансамблі, жетекшісі Мұстафина Шаттыгүл.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Терековтің, туғанына, Емберген, Медіресінұлы, жыл, 100
Просмотров: 119 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar