Ер есімі – ел есінде - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ер есімі – ел есінде
24.09.2015, 09:16
Сабақтың тақырыбы. «Ер есімі – ел есінде».

Сабақтың мақсаты, 1. Ұлы жеңістің 70 - жылдығына орай ұйымдастырылып отырған отты жылдары қан майданда от кешкен, есімдері мәңгі ұрпақ есінде сақталуы жайында толық мағлұмат беру. Ұлы жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін дәріптеу, жас ұрпақтарды бейбітшілікті сақтауға, нығайтуға, өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілігін, арттырып патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қаза болған батырлардың ерлігін, ешқашан ұмытпауға тәрбиелеу.
2. Оқушыларды сонау сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсеткен, батырларымыздың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
3. Оқушыларға үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі. Қазақстандық батырлардың суреттері. Қанатты сөздер, мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы.
Мұғалім: Бұл 1941 жылы 22 - маусым еді. Фашистік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды.

1. Оқушы
Зұлым жаудың ниеті,
Москваны құлатпақ,
Кремльді күл етіп,
Дүние жүзін шулатпақ.

Жеңілмеді астана,
Берілуге болмайды.
Артымызда Москва
Шегінуге болмайды.

Мұғалім Фашистер күшті Армия жасақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру мақсатында, соғыс ашты. Фашистер күзге дейін - ақ Кеңес Одағын жеңеміз деп даурықты. Фашистерге қарсы бүкіл халық көтерілді. Партия халыққа «Бәрі майдан үшін» «Бәрі де жеңіс үшін» деген ұран тастады. Бұл ұранды бүкіл ел қолдады. Дәл осы кезде «Отан ана шақырады»
деген ұранмен бүкіл кеңес халқы майданға аттанды. Қазақстаннан 1200000 адам Қызыл Армия қатарына алынды. Жауға атылған әрбір оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілді. Неміс – фашист армиясының түпкі мақсаты Москваны басып алу еді.

Оқушы. Тастар көкке атылды.
Орман шулап тау құлап,
Жиырма сегіз батырды,
Жеңе алмады жау бірақ.
Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп,
Жиырма сегіз батырын
Ұмытпайды ел мәңгілік.

Оқушы. Қазіргі тыныш заманға
Жеткізген бізді өздерің.
Бас иемін сіздерге,
Батыл да батыр бабалар.

Ән. «Әрқашан күн сөнбесін»
Мұғалім. 1941 - жылы күзінде жау Москваға шабуыл жасады. Москваны бүкіл ел болып қорғады. Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мамбетова Калинин майданында соғысып, Невель қаласын қорғауда қаза тапты.
ТАҚПАҚТАР.

Соғысты бастаған фашистер 1945 - жылы, 9 - мамырда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр күндер артта қалды. Жер бетінде бейбітшілік орнады. Кеңес Армиясы Берлинге дейін даңқты жолдардан өтті.
Ән «Отаным»
Ағаларым қан майданды бастарынан өткерді,
Соғыс өрті біздің елге қасіретін ап келді.
Қазағымның ержүрек батырларын жеңу. е,
Немістердің күш - қуаты батылдығы жетпеді.

Мұғалім. Фашистер оңайлықпен берілмеді. 1710 қаламызды, 70 мың селомызды, 32 мың өндіріс орнымызды қиратты. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады.
Қорытынды сөз. Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлерді еске алу. 1 минуттық үнсіздік.
Хормен. Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды.
Батырлар Отанымыздың байтақ жерін қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.

Балалар. Хормен.
70 жыл бейбіт заман таң атқалы,
Жеңдіңдер шын ерлікпен қас дұшпанды.
Жеңсек те, тойласақ та бейбіт таңды.
Әттең шіркін жеңе алмадық сұм ажалды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ел, есінде, есімі, ЕР
Просмотров: 163 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar