Ер есімі - ел есінде - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ер есімі - ел есінде
24.09.2015, 10:47
Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев есімі тарихта, біздің есімізде мәңгі қалмақ

Сабақтың тақырыбы: Ер есімі - ел есінде
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды Ұлы Отан соғысы мен қазақстандықтардың ерлік істерімен, Ідіріс Үргенішбаевтің ерлігі мен қаһармандығы туралы таныстыру;
2) Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге баулу;
3) Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кітаптар, суреттер, І. Үргенішбаев туралы материалдар, интер. тақта

Сабақ барысы:
Мұғалім: Қазақ халқы небір ауыр тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Сондай тарихи кезеңнің бірі әлемді дүр сілкіндірген Екінші дүниежүзілік соғысы еді. Бұл оқиға 1941 жылғы маусымның 22 – де болған еді.

Үнтаспадан тыңдау:
- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 маусымда таң шапағы арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
/ Соғыс туралы музыка ойнап тұрады/

Оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Соғыс жалмап аға – іні бауырды,
Зар жылатып тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман - тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Мұғалім: Осындай бейбіт өмірге қол жеткізген батыр аға - апаларымыздың рухына бас иіп, ұмытылмас ерліктерін паш етіп, еске аламыз. Өзіміздің жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев есімі тарихта, біздің есімізде мәңгі қалмақ.

Оқушы: Ідіріс Үргенішбаев 1912жылы Талдықұм селосында дүниеге келеді. Ақтөбе педагогикалық учелищесін бітірген соң, туған ауылында бастауыш мектеп меңгерушісі болып қызмет атқарып жүргенде 1942 жылы қаңтар айында Қызыл Армия қатарына шақырылып, артында анасы және зайыбы Жәмила қалды. Ідірістен қалған жалғыз баласы Есенгелді 1942 жылы 28 тамызда Аяққұмда дүниеге келді. Есенгелді мен Зиягүл 1969 жылы отау құрған. Есенгелдінің баласы Арман Үргенішбаев Есенгелдіұлы 1972 жылы 3 маусымда дүниеге келген. Арман Шалқар қаласындағы Аула клубының дене тәрбиесінің нұсқаушысы қызметін атқаруда.

Оқушы:
1943 жыл қыркүйек - қазан айлары. Днепр үшін шайқас.
Днепр үшін шайқаста екі жақтан 4 млн - ға жуық адам қатысты. Ал майдан шебі 1400 шақырымға созылды. Гитлердің оң жақ жағалауы тік жар болып келетін Днепрде кеңес әскерлерін тоқтатып, қарсы шабуылға шығамын деген жоспары іске аспады.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ел, есінде, есімі, ЕР
Просмотров: 156 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar