Ер есімі ел есінде - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ер есімі ел есінде
24.09.2015, 12:44
Ашық тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: Ер есімі ел есінде (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын ұштау.
3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің
ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мақалдар, батырлар суреті.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар бүгінгі 1 «А»сыныбының «Ер есімі ел есінде» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Сіздерді 9 - мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыздың, әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі өткізілгелі отырған тәрбие сағатымыз да осы Ұлы Жеңістің келбетін насихаттауға арналған.
- Балалар Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
- Қай жылы аяқталды?
- 9 мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады?
Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткенімізге биыл 68 жыл толып отыр.
Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды.
Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл кеңес халқының 20 - 25 млн - нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады.
Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкелерін, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді. Осы соғысқа Қазақстаннан 1млн. 70мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, бірі хабар - ошарсыз кетті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Ендеше соғыс даласында хабар - ошарсыз кеткен, қаза тапқан ер жүрек батыр ата - әжелерімізді бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

1 мин. үнсіздік
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің арамыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңені ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл - біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
Ендеше сол жылдарға көз жүгіртейік.

1941 жылы 22маусым күні, таңғы сағат 4 - те таң шапағы жаңа арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді.
Гүлзира: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау келіп,
Қырғын соғыс басталған.

Аружан: Оқ борады күні - түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.

Альбина Т.: Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.

Қарақат: Солдаттар жаралы
Майданнан оралды.
Ажал боп төнген жауына,
Даулды көктің қыраны.

Көрініс: «Ананың баласымен қоштасуы»
Анасы(Жансая):
- О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір!
Баласы(Еркебұлан):
- Анам! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын менің қалай сені жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен соң, жақын арада оралам. Анам! Жан анам!
Қыз(Нұрайлым):
- О, сұм соғыс! Сенің бұл не істегенің? Мынау дала тыныш боп қалды. Солдат артынан солдатты алдың. Сау болыңдар, жігіттер! Қайтып оралуға тырысыңдар! Жоқ. Тығылмаңыз! Биік боп, еш оқ пен гранатты аямай жауды жеңіп оралуға тырысыңдар!
Қыз(Арайлым):
Қайта оралуға тырысыңдар! Сау бол!!!

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдты жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ел, есінде, есімі, ЕР
Просмотров: 217 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar