Ерлік- ел мұраты - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ерлік- ел мұраты
24.09.2015, 14:04
Сабақ тақырыбы: Ерлік - ел мұраты
Сабақ мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ батырларының
өміріне шолу жасау, олардың ерліктерін дәріптеу арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.
«Ерлік» туралы түсінік қалыптастыра отырып, оқушылардың өзінің көзқарасын,
ойын жеткізу қабілетін арттыру, өзіне деген сенімін нығайту.
Тәрбие бағыты: әскери - патриоттық және азаматтық

Сабақ көрнекілігі:
Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов т. б. кітаптары, аңызға айналған
Батырлар портреті, сұрақ - тапсырмалар жазылған кеспелер,
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
психологиялық тренингке қатысты суреттер.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ой - пікір айту, іскерлік ойындар

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі «Ерлік - ел мұраты» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бұл сабағымыз - мектебімізде
9. 04 - 9. 05 аралығындағы «Патриот» айлығының аясында өткізіліп отырған шара.
Тарихта «Ұлы Отан соғысы» аталған соғыс шын мәнінде аса үлкен, өте ауыр сын болды. Майдан даласында, тылдағы еңбекте қазақстандықтар отаншылдық пен ерліктің өшпес үлгісін көрсетті. Халқымыздың бұл ерлігі мәңгі жасап, ұрпаққа ұран, елге мұра болып қала бермек. Бүгінгі сабағымызда халқымыздың батырлары, олардың ерлік істері мен өнегелі өмірін өзімізге үлгі ете отырып, «ерлік» деген ұғымға байланысты ойларымызды ортаға салмақпыз.
Ендеше, сабағымыздың жүргізілуі 10 - класс оқушыларына тапсырылады.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ел, мұраты, Ерлік-
Просмотров: 215 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar