Ерлік мәңгі өшпейді - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ерлік мәңгі өшпейді
24.09.2015, 12:17
Сабақтың тақырыбы: Ерлік мәңгі өшпейді
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой өрісін дамыту;
2) Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу;
3) Балаларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үнтаспа, кітап көрмесі, Ұлы Отан соғысына арналған, ерлік туралы жазылған нақыл сөздер, бүктемелі кітапшалар, шарлар, гүлдер;

Қолданылатын әдістері: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын, әдеби музыкалық монтаж;

Сабақтың барысы..
1. Кіріспе бөлім:
Мұғалім: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыстын қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Ерлік мәңгі өшпейді.

Хор: «Майданға»

Қанат: Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған.

Әсел: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ.
Кеңес халқы жан - тәнімен Отанын қорғады.
Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды.
Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Айбек: Соғыс жалмап аға іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды..
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Дарын: Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және армиясының құрамында 1 млн 870 мыңдай қазақстандық болған.

Нұрасыл: Қырық бірінші жылында,
Қанқұмар жауыз Гитлер,
Соғысуды ойлады.
Бейбіт елге аттанды
Қаруын жиып бойдағы.

Дильназ: Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңқалтқан батырлылығымен,
Тарланбоз Талғат ағамыз.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: мәңгі, өшпейді, Ерлік
Просмотров: 208 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar