Ертегі айта білеміз бе? - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ертегі айта білеміз бе?
24.09.2015, 12:02
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің
бастауыш сыныбы І санатты мұғалімі
Макуова Нуршат Аманкосовна

Тақырыбы: Ертегі айта білеміз бе?
Мақсаты: 1.Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі туралы түсінік беру.
2.Есте сақтау қабілеттерін арттыру,өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеу.
3.Алғыр,ізденімпаз,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегі кітаптар,нақыл сөздер,тақырып жазылған плакат,суреттер,т.б.

Жүру барысы:
I.Ұйымдастыру
II.Кіріспе
Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған шарамызды ашық деп жариялаймыз. Бәріміз де кішкентайдан әжелеріміздің ертегілерін тыңдап өстік.Міне,бүгін де біз жаздың бір шуақты күнінде тағы да ертегілер әлеміне саяхат жасамақпыз. Сайыс «Әжемнің ертегілері»өлеңімен ашылады.
Жүргізуші:
Әжем менің көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды.
Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.
«Айта берсе екен» деп,
Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.

II.Сайыстың бағдарламасы
1.Таныстыру.
2.Кішкентайынан жатқа білетін ертегісін баяндап беру,айту.
3.Ертегі кейіпкерінің дыбысын сомдау.(образға ену)
4. «Лагерь» тақырыбына ертегі құрастыру.

III.Негізгі бөлім
Бұл шараға 4 топ мүшелері қатынасады.
1-топ «Балдәурен»
2-топ «Ақкөгершін»
3-топ «Балдырған»
4-топ «Болашақ»

1.Таныстыру.
- Топ мүшелері өздерін таныстырады.
2.Кішкентайынан жатқа білетін ертегісін баяндап беру,айту.
1-топ «Балдәурен»- Мақта қыз бен мысық.
2-топ «Ақкөгершін»- Алтын балта.
3-топ «Балдырған»- Түлкі мен қырғауыл.
4-топ «Болашақ»- Аңқау арыстан.

3.Ертегі кейіпкерінің дыбысын сомдау.(образға ену)

1-топ «Балдәурен»- Мақта қыз бен мысық.
- Мысық кейпін көрсету.
2-топ «Ақкөгершін»- Алтын балта.
- Аңқау шалды сомдау.
3-топ «Балдырған»- Түлкі мен қырғауыл.
- Айлакер түлкіні салу.
4-топ «Болашақ»- Аңқау арыстан.
- Арыстан бейнесін сомдау.

4. «Лагерь» тақырыбына ертегі құрастыру.
Әр топ өз бетінше ертегі құрастырып 10 минуттан соң құрастырған ертегісін әңгімелеп айтады.
Шарты:1.Ертегінің басы болуы керек.
2.Негізгі бөлімі.
3.Ертегінің соңын жақсылықпен аяқтау. (мұратына жету)

IY.Қорытынды
«Ертегі айта білеміз бе?» атты шараға қатысқан топ мүшелеріне рахмет айтылып,төмендегідей мақтау қағаздарымен марапатталады.
1.Тоқберген Медеу
2.Бесжан Асылзат
3.Тынышбай Ақнұр
4.Дүйсенбай Жомарт
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: айта, БЕ?, білеміз, ертегі
Просмотров: 281 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar