Ертегілер елінде - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ертегілер елінде
24.09.2015, 14:43
Тақырыбы: «Ертегілер елінде» ертеңгілігі (презентациясымен)
Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән - мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,
логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан
жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей
отырып достыққа, қарым - қатынастарын дамыту.
Көрнекілігі: «Ертегілер елінде» плакаты, шарлар, гүлдер, ертегі кейіпкерлерінің суреті.
Сабақтың барысы:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің ата - аналар, балалар, ұстаздар!

І. Кіріспе сөз
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.
Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.
Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің....... болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады.
Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:
1. Қиял - ғажайып;
2. Хайуанаттар туралы;
3. Шыншыл ертегі;
4. Тұрмыс - салт ертегілері.
Қиял - ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан - алуан ерлік оқиғалар баяндалады.
Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді.
Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын - қыстау оқиғаларда ақыл, айла - тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады.
Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б.
Ата - бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады.
Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм - қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.

Толық нұсқасын жүктеу
Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ертегілер, елінде
Просмотров: 293 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar