Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды
24.09.2015, 14:33
ШҚО, Үржар ауданы, Барқытбел ауылы,
Барқытбел орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері:
Ковнашарова К. К., Алиппаева С. К.

3 - 4 сынып
Тақырып: Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды
Мақсаты:
Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.
Көрнекіліктер:
Кітап көрмесі, нақыл сөздер, батырлардың суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер, белгілі даталар, слайдтар.

Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім:
- Биылғы 9 мамыр күні Ұлы Жеңіске 70 жыл толды. Сендер де, сендердің әкелерің де, тіпті кейбіреулеріңнің аталарың да соғысты көрген жоқ. Сондықтан да, біз бақытты ұрпақпыз! Ал бізге бейбіт те, бақытты өмірді сыйлаған кім? Олар 1941 жылы маусым айының 21 - де басталып, 1945 жылдың 9 мамырында жеңіспен аяқталған Ұлы Отан соғысына қатысқан біздің бабаларымыз бен әжелеріміз. Олардың көпшілігі бүгінде біздің арамызда жоқ, бірақ есімдері мен ерліктерін біз ешқашан ұмытпауымыз керек. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам қатысты. Олардың 400 мыңы әйелдер еді. Соғыс кезінде Отан үшін, ел үшін талай боздақтар жанын пида етті. Олардың көпшілігі 17 - 18 жастағы өрімдей жастар еді. Басым көпшілігі Ұлы Жеңісті көре алмай, кейінгі ұрпақтың бақыты үшін жат жерде көз жұмды. Соғыс жылдарында елде қалған қариялар мен аналар, бота тірсек балалар күн демей, түн демей аш құрсақ күйлерінде арып - ашып еңбек етті. Соғыс кезінде Қазақстаннан барған 500 жауынгерлер мен офицерлер, оның ішінде 100 қазақ ұлтының азаматы Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғарғы атаққа ие болды. Олар біздің мәңгілік мақтанышымыз, айбарымыз.
Ән: « Соғыс ешқашан да, болмасын» (хор)
Оқушылардың Ұлы Жеңісіне арналған өлең жолдары:

1. Оқушы:
- Олар өлді тек аспан сау болсын деп,
Олар өлді туған жер бар болсын деп.
Олар өлді ақ арман сөнбесін деп,
Олар өлді өзгелер өлмесін деп.
Олар жұтқан ауаны құлатпадық
Олар жыртқан даланы жылатпадық
Олар өліп кеткенмен өлмейтұғын
Даңқыменен Берлинде бір аттадық.

2. Оқушы:
Соғыс келді батар күн жарқынымен,
Өздерінің көк темір толқынымен
Қаратастың қатігез қабағымен,
Сары Құмның сары жез салқынымен
Қара жерді қапсырып бауыр басқан,
Өртенеді ерте кеш жанып аспан
Қара ағаштар бірге қарауыл боп,
Қара түнді қопарып жалын шашқан.

3. Оқушы:
Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлды төнген күнде.
Бәрі: Барлығы майдан үшін,
Барлығы жеңіс үшін.

4. Оқушы:
Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар.
Жаттап алғын балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.

5. Оқушы:
Қамықпаған қиындықтың түбіне
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: да, Ешкім, ұмытылмайды, ешқашан, де
Просмотров: 284 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar