Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
24.09.2015, 12:25
Тақырыбы: «Ешкімде, ешнәрседен ұмытылмайды»

Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.
Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру.

1 - жүргізуші: Жеңіс күні - адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
2 - жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған «Ешкімде, ешнәрседен ұмытылмайды»
атты әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен өскелең ұрпақ! 9 мамыр мерекесі барлығымыз үшін ең бір қымбат тарихи күн екені күмәнсіз. Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің қандай бағамен келгенін ешқашан ұмытпаймыз. Біз Отанымыздың бейбітшілігі мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиған аяулы жандарды мәңгілік естен шығармақ емеспіз.

2 - жүргізуші: Кешегі неміс - фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды.
1 - жүргізуші: Бұл мереке әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытылмауы тиіс! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
2 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасағаны баршамызға аян.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

Ән «Война»
1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9-ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
2 - жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңістің 67 жылдығын атап өтеміз.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным болсын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.
1 - жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.

2 - жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға жетті.
1 - жүргізуші: Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет, қантөгіс, өлім – жетім. Соғыс дегеніміз – күн сайын туған – туыстан, жақын – жорадан, қарулас досыңнан айырылу.
Біржан: Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек – жарақ заттарымды қолға алып,
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
Таң алдында сағат бесті соққанда
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да,
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау
Шекараға келіп салды ойранды.

Талайбек
І. Еске алып туған жер, ана жарын
Биік ұстап абырой, намыс, арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар
Кеудесінен ұрса да отты жалын.

ІІ. Қан кешкенде майданда бабаларым
«Қан көрмесін ұрпағым, бабаларым»
Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай
Тауып алып қан - жаса жараларын.

І. Батырлықтың қашанда тұрағы – елі
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.

2 - жүргізуші: Иә, Отан – ана өзінің 27 миллион ұлдары мен қыздарынан айырылды. Олар дала төсінің ерлері, инженерлер мен ғалымдар, қысқасы адамдардың зор бақытын жасаушылары бола алатын еді. Өмір мен өлім арасында отты майдандарда қазақстандықтар, солардың ішінде өзіміздің осы Кеңес ауылының өрімдей азаматтары қыршын кетті.
1 - жүргізуші: Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды

2 - жүргізуші Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы, 50 жеке полк батальондары қатысты. Соның ішінде
Жамбыл облысынан - 100 мыңнан аса жауынгер ұл мен қыз қолына қару алды.
Меркі ауданы бойынша - 14 мың адам майданға аттанды.
Ән «Қайдасыңдар қаһармандар»
2 - жүргізуші:
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.

1 – жүргізуші: Орыс, қазақ, қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.
Айсұлу:
Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.
Бәрі:
Барлығы майдан үшін,
Барлығы жеңіс үшін.

1 - жүргізуші: Зұлым жауға қарсы күреске 1 миллион 200 мың қазақстандықтар қатысты. Олардың 200 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен наградталды. Ал, 500 - і Кеңестер Одағының Батырлары атағына ие болды.
2 - жүргізуші:
1 - жүргізуші: Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды
Б. Момышұлы – Біржан
«Атақты қызыл офицер» - Аяужан
Т. Тоқтаров – Талайбек
М. Ғабдуллин
«Қан сасыған ұрыста» - Айсұлу

2 - жүргізуші: Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қыркүйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленинградты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.

Н. Әбдіров – Лазат
«Қырғидай тиіп жауына» - Талайбек
С. Баймағанбетов –
Әлия – Толғанай
Мәншүк – Аяулым
Ж. Молдағалиев «Әлия» - Аида
А. Бақтыгереева «Мәншүк» - Аяна
Т. Бигельдинов – Баука
ІІ жүргізуші: «Катюша» - Айсұлу, Айда
І жүргізуші
Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.
ІІ жүргізуші: 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Фашизмнің ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті!
1 - жүргізуші: Сүйінші, халқым, сүйінші!
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!
2 - жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
1 - жүргізуші: Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,
Елестетіп жанын қиған құрбандарға.
Қарсы аламыз үлгі тұтып,
Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды!
оқушылардың орындауында хор «День Победы» әні
І жүргізуші:
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді алақай
Тоя жейтін нан болып.
ІІ жүргізуші:
Жеңіс, жеңіс!
Бабамыздың –
Қызыл қаны төгілген.
Кеше туған және біздің
Бағымыз боп көрінген.
Лазат, Аяужан, Толғанай, Ағыбай, Нұрлан
1 - жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.
оқушылардың орындауында хор «Ақ көгершін» әнін қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
2 - жүргізуші: Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!

1 - жүргізуші. Құрметті көрермендер бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келіп тамашалағандарыңызға көптен – көп рахмет. Көріскенше сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ешкім, ұмытылмайды, ешнәрсе, де
Просмотров: 224 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar