Есірткіге құмарлық әлеуметтік ауру - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Есірткіге құмарлық әлеуметтік ауру
24.09.2015, 11:47
9 - сыныптар арасында өткізілген іс-шара
Тақырыбы: Есірткіге құмарлық әлеуметтік ауру

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда - дей отыра бүгінгі сабақтан тыс шарамызды бастаймыз, олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы: Есірткіге құмарлық - әлеуметтік ауру

Сабақтың мақсаты: Зиянды әдеттердің денсаулыққа болашақ жас ұрпаққа қас жау екендігін түсіндіру.
“Қазақстан - 2030”бағдарламасында көрсетілгеніндей елдің әрбір азаматының денсаулығын сақтау нығайту салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Салауатты өркениетті зиянды әдеттерге қарсы күресетін салауатты білімді – тұлға тәрбиелеу

1-кезең Біздің пікіріміз!
Есірткі қолданған адамды кім дейді?
Есірткі ұзақ қабылдаудан табылатын аурулар?
Есірткінің қауіптілігі неде?
Есірткі алынатын өсімдік атауы?
Қазақстанда қай өңірде есірткі өсімдігі өсіріледі?
Нашақордың өмірі шамамен қанша?
Жастар есірткіні тартуға қалай үйренеді?
Есірткі көп тараған елді мекендерді ата?
Есірткі не үшін медицинада қолданылады?
Нашақор дегеніміз кім?
Есірткіден болатын жұқпалы ауру түрлерін ата?
Есірткіге деген Қазақстандағы заң қызметкерлерінің орны қандай?

2-кезең Есірткі өсірілетін алқабының суреттері
Есірткіні жасалу жолдары
Есірткіні қолдану жолдары
Есірткінің бас миға әсері
Есірткі қолданғаннан кейін адам организміндегі зиянданған орындары: қол, білек қар, аяқ, балтыр сан башпай бөліктері қарайып шіріген көріністері, суреттер.

3 - кезең Сауаттылық – салауаттылыққа жеткізер жол (суреттер)
Нашақорлыққа жол жоқ!
4 - кезең Қауіпсіздік ережесі (суреттер)
Көкөніс, жеміс - жидек суреттері
Дене белсенділігі
Сапалы тағам құрамдары
Дене шынықтыру суреттері
5 - кезең Тән саулығыңыз қалай?
1) Дене шынықтырумен жиі айналысасыз ба?
А) Аптасына 4 рет
Ә) Аптасына 2 - 3 рет
Б) Аптасына 1 рет
В) Шұғылданбаймын

2) Күн бойына қанша шақырым жаяу жүресіз?
А) 4 шақырымнан артық
Ә) 4 шақырымға таяу
Б) 1, 5шақырымнан аз
В) 700 метрден аз
3) Сабаққа, дүкенге сіз....
А) Ылғи жаяу барамын
Ә) Әр кез жаяу барамын
Б) Жарты жолды жаяу жүремін
В) Ылғи көлікпен барамын
4) Демалыс күндері сіз...
А) Сағаттап үйде жұмыс істеймін
Ә) Күн ұзаққа серуендеймін
Б) 1 - неше рет азды көпті серуен жасаймын
В) Күн ұзағына кітап оқимын, теледидар көремін

Жауаптың балы: А) 4 Ә) 3 Б) 2 В) 1

Сұрақтың жауаптары: 18 және одан көп балл; сіз ширақ және сау адамсыз
12 - 18 балл мүмкіндігінше белсенді денсаулығына оймен қарайтын адамсыз
8 - 12 балл сізге дене тәрбиесімен ерекше айналысу керек
8 - және одан төмен балл жалқау өз денсаулығына немқұрайлы қарайсыз. Міндетті түрде шынықтыруды қолға алуыңыз керек.

6 - кезең «Біз болашақ салауатты, тәрбиелі білімді жас ұрпақпыз!»
“Темекі ” сөзіне мақал - мәтел құрау
Т - тазалық денсаулық кепілі
Е - екі ауру бір келсе ажалыңның жеткені
М - маскүнем арақтан өледі
Е - ескермеген ауру жаман, ескермеген алау жаман
К - күлкі денсаулық кепілі
І - ішің ауырса аузыңды тый
Темекінің жақындары:
Темекі -- Насыбай - Арақ - Анаша - ЖҚТБ (Жұқтырған қорғаныш тапшылығының белсенділігі)

7-кезең Алкогольдің ағзаға тигізер әсері. Ішімдікті шектен тыс ішу әр түрлі аурулардың пайда болуына себеп болып табылады. Мысалы:
1. Жүрек қан тамырларының аурулары
2. Жүрек артмиясы, жүректің жиі соғуы
3. Қан тамырлар ауруы атеросклероз
4. Бауыр церрозы, бауырдың қабынуы
5. Жыныс мүшелерінің ауруы, белсіздік
6. Жүйке жүйесінің аурулары,, кемақылдылық жұқпалы аурулар психиканың өзгеруі, жадының төмендеуі

Суреттер көрсетіледі (Алкоголь жайлы, осымен бүгінгі сабақтан тыс шарамыз аяқталды)
Біз болашақ салауатты, тәрбиелі, білімді жас ұрпақпыз!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: құмарлық, есірткіге, ауру, әлеуметтік
Просмотров: 194 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar