Имандылық бастауы не? - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Имандылық бастауы не?
24.09.2015, 14:11
Пікірталас «Имандылық бастауы не?»
Тақырыпқа резолюция: «Имандылық бастауы не?»
«Парламент» фракциясы спикерлері: І спикер: 11 сынып оқушысы
....
«Оппозиция» фракциясы спикерлері: І спикер: 10 сынып оқушысы
....

Уақытты белгілеуші таймкиппер болып 9 сынып оқушысы белгіленді.

Сөз алушыларға берілген уақыты:
І спикерлерге 3 минуттан;
ІІ спикерлерге 3 минуттан;
ІІІ спикерлерге 3 минуттан.

Сөйлеушілер:
Жүргізуші:
«Парламент» фракциясы (ПФ) І спикері сөйлейді:
Имандылық - қоғамдағы қарым – қатынас.
Имандылық пен әдептілік бір - біріне балама ұғымдар емес. Бірақ олардың арасында тығыз байланыс, табиғи шарттылық бар. Өйткені, екеуінің негізінде де ізгілік пен ар - ұят жатыр. Иман дегеніміз – сенім. Имансыз сөзі – сенімі жоқ дегенді білдіріп, мұсылмандарда, соның ішінде біздің түбі бір, діні бір бауырлас халықтарымызда ар - ұяттан ада, азғын мағынасын береді.
Адам сенімсіз, үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды. Олай болса, адамда шынайы сенім, дұрыс көзқарас қажет. Сонда адам неге сенуі керек? Адамда ождан бостандығы болуға тиіс. Осы арада бір айта кететін жайт: бізде кейде ождан мен иманды бір - бірімен шатастырушылық кездеседі. Имансыздық дегеніміз – ұятсыздық, ождансыздық.
Имандылық – егер адам туралы жақсы пікірде болсақ, «иманы бар», «иманжүзді» дейміз. Иман жүзді деп – ізгі - ілтипатты, тура сөзді, мейірімді адамды айтады.
Кімде - кім: инженер, дәрігер, мұғалім, өнерлі, жұмысшы немесе диқан - өз ісінің пайдалы, игілікті және қажеттілігіне сенбесе, оған саналы түсініп, көзін жеткізбесе, ол істі барлық күш - жігерімен, көтеріңкі рухпен істей алмайды. Ол жұмысты қажетті сенімсіз, бей - әрекет орындаушы болып қалады. Әрбір адам орындалады деп сенгендіктен алдына мақсат қояды. Сенім білімнен шығады. Білімсіз сенім бос қиял болып табылады. Сенімнен үміттену келіп шығады.
Әркімнің сенім бостандығын қолдап, адамдар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалдық, игілік, әділдік қарым - қатынас негізіне алып, жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдалана отырып, зайырлы мемлекет құру жолын ұстануды таңдауымыз қажет.
Адамзат қауымы сенімнен үмітпен, табандылық, жігерлілікпен өмір сүруі керек. Имандылық мұраты – инабатты болу.
Инабаттылық жөнінде ұлағат сөздерді мысалға келтіргім келеді.
Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ. (Абай)
Адамда алдында ұялу - жақсы сезім, бірақ бәрінен жақсысы өзіңнен өзің ұялу.
(Л. Н. Толстой)
Жақсының жаты болмас,
Жаманның ұяты болмас.
Мақал
Ұят адамның барлық құштарлықтарының ішіндегі ең тамашасы, махаббат анасы.
(М. Сервантес)
Қорыта келе сөзімді жастарға айтар ойым, ақылым көп жылдық тарихымызды, салт - дәстүрімізді, мәдениетімізді, тілімізді және асыл қасиеттерімізді сақтай білейік.
Бар күш жігерімізді білімге, мәдениетке, қоғамға, болашағымыз жарқын болуына үлкен үлесімізді қосайық, еліміздің болашағы жастар сіздердің қолдарынызда!
Ата - бабамыздан қалған тарихымызды, ана сүтінен дарыған тілімізді, ар - намысымызды, кең байтақ жерімізді, егеменді елімізді арандатушы арам діндерден және терроризмдерден сақтай білейік!
Жүргізуші:
Сұрақ бар ма?
ОФ ІІІ спикерінің сұрағы: Сіздің арам дін дегеніңіз не?
Жауап: Арам дін – секталар, біздің салт – дәстүрімізге жат қылық көрсететін діндер.

Жүргізуші:
«Оппозиция» фракциясы (ОФ) ІІ спикері сөйлейді
Имандылық – қоғамдағы дін.
Мен сөзімді мына өлең жолдарымен бастамақпын.
Өзгені ақыл ойға қондырады,
Біле алмай бір Тәңірін болдырады.
Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,
Талпынып тағы да ойлап зор қылады.
Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да Оны ойламай қоя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.
- деп ұлы ақын Абай айтқандай, адам тек құр тылмыс ғұмыр кешіп қана қойғысы келмейді. Өмірге бір кірпіш қаласам деп келеді.
Дельфий храмының маңдайшасына жазылған «Өзіңді - өзің таны...» деген формуланы дұрыс талқылай алатын пенде бірен - саран. «Мен өзім» деген не? Біз өзіміздің ішкі жан дүниемізден не білуіміз керек? Әңгіме не жайлы болып жатыр? Әңгіме: біздің мінезіміз, әлсіздігіміз, кемшілігіміз бен жетістігіміз туралы ма?... Жоқ, өзіңді тану – өз денеңнің тығыз бөлігінен бастап, ең нәзік денелеріңнің құрылымы туралы және осы денелерге өмірді кім беретіні, олардың қажеттілігі бізді қалай сынайтынын, осыған байланысты санамыздың деңгейінің өзгерістері туралы терең ой.
Өз жан дүниеңдегі тепе - теңдікке, өзін өмір сүріп жатқан әлемдегі барша халықтар, дін ағымдары арасындағы өзара сүйіспеншілікке, махаббатқа, қайырымдылыққа, түсіністікке нақтылы ақиқатқа қалай жетуге болады?

Алдымен денемізден бастайық. Ол нені қажет етеді? Әрине денсаулықты. Дені сау болу үшін оған тамақ қажет. Өзіне тамақ сатып алу үшін ақша қажет. Оның ақшасы – әрекет, іс - қимыл; өзінің қуатын арттыру үшін жігер әркез қимылсыздықтан, іс - әрекет жасамаудан алшақ болуы шарт. Қандай болмасын дененің қозғалысы, іс - әрекеті, тынымсыз қимыл адам жігерін арттырады.
Зердеге не қажет? Оған жан - жақты терең рухани Ілім қажет. Зерде – Жаратушының нұрына шомылып, білім алуға ұмтылады. Оның тамағы – ой. Жақсы ойларды сатып алатын ақшасы – даналық. Даналықты әкелетін іс - әрекет – ойды шоғырландырып ұю (медитация). Тек даналық қана сіздің зердеңізді жақсы ойлармен қоректендіре алады. Осының нәтижесінде зердеңіз Жаратушының нұрымен нұрланады. Сізге Алланың нұры жауады. – дейді Құран Кәрімде.
Сөзімді қорыта келе, имандылық - қоғамдағы дін дегім келеді. Сонымен қатар, әр халықтың өз діні, ділі өзіне жақын. Имандылыққа бет бұра отырып, жалпы ел болып, қауіпті секталардан сақ болуымыз, жастарымызға лайықты дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі ағымдардың қиянаттығынан сақтануымыз керек. Сондықтан, осындай жаман жағдайлар (секталарға еніп кету, ата – анасынан бас тарту) болашақта болмау үшін білім жүйесі бойынша мектеп оқушыларына «дін тану» пәнінің енгізілуі де жастардың дінге деген сауатын ашатын бірден - бір жолы деп түсінемін. Себебі қандай дін дұрыс, қандай дін теріс? - екендігін білмей кейбір жастар айыра алмай адасып жатады.
Бірақ, діннің имандылыққа апаратын жолдың бірі екенін де ұмытпайық!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бастауы, Имандылық, не?
Просмотров: 255 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar