Имандылық жарасады ұл - қызға - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Имандылық жарасады ұл - қызға
24.09.2015, 10:52
Имандылық жарасады ұл - қызға
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттеу.

Барысы:
Жоспар
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Бата ұғымының түп - төркініне түсінік.
3. Тілек айту.
4. Тыйым сөздер.
5. Қорытынды.

Мұғалім: Иман - арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейір - шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді.

«Тура биде туған жоқ, туысты биде иман жоқ» деп, халық иманды адамның әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы, кеңпейілдігі, көпшілдігі, дос көңілдігі - әлеуметтік имандылықтың белгісі. Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адам болу - кісілік борыш. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір - біріне деген мейір - шапағат - әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп, қатыгездіктен қашып, қаталдықтан сақтандырып отырған. Еліміз ер - азаматтарын мейірімді болса екен деген аттармен атап, жастарды үнемі мейірімділікке баураған. «Көпті жамандаған көмусіз қалады» деп халқымыз мейірлі болу - өз халқын сүю, бірлікшіл болу екенін уағыздайды. « Үлкен адамның сөзін тыңдай біл» деп өсиет айтқан ата – бабамыз мейірімділік негізі – сыйласым екенін дәл көрсетеді.
Мұғалім сабақты кіріспе сөз имандылық туралы айтып, бата, тілек және батаның түрлеріне тоқталады. Ендігі кезек жүргізушіге беріледі.

Әйгерім Ажығалиева:
Сабақты біз «Ақ бата» деп атадық,
Үлкендерден жүрейік деп бата алып.
Ақ батамыз бастайды екен ақ жолға,
Шалыс басып кетпесін деп шатасып.
Имандылық жарасады ұл - қызға,
Ал, батамыз бастайды екен шың - құзға.
Инабатты, ұмытпасқа ізетті,
Айналамыз біз адами жұлдызға.

Қатипов Сұлтанбек:
«Бата» ұғымының түп - төркініне барлау жасар болсақ. Құранның 1 - сүресінің аты «Фатихадан» туындаған халықтың бата - тілек сөздері жеткіншек жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуіне баулиды. Малды - басты, дәулетті, бақытты, кекшіл емес кешірімді болуын тілейді. Бата - қазақ арасында адамдардың бір - біріне деген ынта - ықыласының адал ниеті мен жақсы тілектерін білдіретін тәрбиелік мәні зор рәсім.
Ал, дастархан батасы туралы айтсақ.

Мұхитұлы Мырзахан:
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Дастарханың тоқ болсын,
Уайым - қайғы жоқ болсын!
Берейін бата асыңа,
Амандық берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Бар екен деп жасыма,
Жоқ екен деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның
Жуа бітсін жолына.
Бақытың жетсін төтелеп.
Дүние малды жетелеп.
Аузыма түскен батаның,
Жатырмын бәрін төпелеп!
Көтердім міне білекті
Ақтардым түгел тілекті,
Мынау тұрған балаңыз,
Батыр болсын жүректі.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қызға, ұл, жарасады, Имандылық
Просмотров: 223 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar