Ізгілік – адамгершіліктің белгісі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ізгілік – адамгершіліктің белгісі
24.09.2015, 12:40
7 - 8 сынып аралығы
Тақырыбы: «Ізгілік – адамгершіліктің белгісі»
Мақсаты: Ізгілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізгілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакат, қанатты сөздер, мақал - мәтелдер.

Сабақтың барысы:
1. « Ізгілік - адамгершіліктің белгісі» (ойталқы);
2. Саяхатқа шығу ойыны (сұрақ - жауап)
3. Суретпен жұмыс: «Бойында асыл қасиеттерге толы адамның бейнесі»
4. «Адамгершілік – асыл қасиет» пікірсайыс
5. «Өзіңді білуің адамгершілікке жетелейді» тренинг.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің «Ізгілік – адамгершіліктің белгісі» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі ізгіліктен қалыптасады.
Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Қазір мен осы әдептілік жайлы сендердің ойларыңды осы тақырыпқа байланысты сұрақтар беру арқылы білгім келіп отыр. Ендеше бірінші бөлімге кезек берелік. Алдымен екі топ тақырып таңдайды.
1 «Ізгілік - адамгершіліктің белгісі» атты бөліміндегі тақырыптарды таңдауға кезек берелік.
1. «Сәлем – әдептіліктің белгісі»
2. «Қоғамдық көліктегі әдептілік»
3. «Дастархан басындағы мәдениет»
4. «Мәдени – көпшілік орындардағы әдептілік ережелері»
5. “Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық - аздырар адам баласын” деген ұлы Абай атамыздың нақыл сөзін бүгінгі тақырыбымызбен қалай байланыстырар едіңіз?

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: белгісі, Ізгілік, Адамгершіліктің
Просмотров: 488 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar