Ұяда не көрсең (шаңырақ сайысы) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұяда не көрсең (шаңырақ сайысы)
24.09.2015, 09:13
Тақырыбы: «Ұяда не көрсең...»
Шаңырақ сайысы
Мақсаты: баланың тал бесігі отбасы екендігін ұғындырып, отбасы құндылықтарын құрметтеп, дәріптеуге, өзінің айналасындағыларға құрметпен сыйластықпен қарау қасиеттерін жетілдіру, заман талабына сай отан сүйгіш азамат тәрбиелеу;
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, ұлағатты сөздер, DVD; шарлар, гүлдер.
Әдісі: ой қозғау, пікірталас, сайыс.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Қонақтармен таныстыру
1. Жақаева Роза қызы Айданамен
2. Тарғынова Елеусіз ұлы Алмаспен
3. Жақаева Әлия қызы Аяулымен
4. Изетов Рашид ұлы Әлинұрмен

Н: «Ана сая болар бағың болса, әке - асқар тауың» дейді қазақта.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді дана халқымыз, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда отбасы туралы ой қозғалады.
Терме орындайтын Аманжолова А. Қ.
Жүргізуші№1: өздеріңіз көріп отырғандай бүгін бізде қонақта үлкен әжеміз немеремізбен келіпті. Алмас мектептегі күміс көмей әншілердің бірі. «Бал дәурен», «Әнші балапан» сынды байқауларға қатысып, өз бетінше өнерін шыңдап жүрген жеткіншектің бірі. «Бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің және шешенің, яғни отбасының әсері көп. Өзіңіз де ән саласыз, сол талантыңыз, өнеріңізді немереңізге қалай дарыта алдыңыз? Сол туралы білгіміз келіп отыр.

Ән: Алмас пен әжесінің орындауында
Жүргізуші №2: рахмет өнерің үстем болсын, апаңның сенімін ақтап, үлкен өнер иесі болуыңа тілекшіміз! Қошеметпен қол соға отырып, келесі қонағымызды қарсы алайық.
Әдептілік ар - ұят, адалдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат, надандықтың белгісі, - деп үнемі баламызды жақсы әдеттерге баулып отырамыз. Жаман мен жақсыны айырып өссін деп, ақыл кеңестер айтып отырамыз.

Жүргізуші№1: қай ата - ана болмасын, баласына тек жақсыны біліп өсуге тәрбиелейді. Сол сияқты міне, келесі қонағымыз өзі тамақ әзірлеудің сан түрін меңгере отырып, өсіп келе жатқан қыздарына да соны жеткізе отырады екен. Сізді тыңдасақ енді.
Айдана анасымен әзірлей отырып сұрақтарға жауап береді.
№1 қоржыннан проблемалық сұрақтарға жауап беру.

Жүргізуші№1: «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген ұлы сөз бар. Халық даналығы еш уақытта қалт айтпаса керек. Сондай үлгі өнегені бойына дарытып, әжесі мен анасынан қазақтың ұлттық өнеріне деген қызығушылық танытып жүрген 5 - сынып оқушысы Аяулы мен анасын қарсы алайық.
Аяулы мен анасы қолөнер шеберлігін көрсетеді.
Жүргізуші№2: әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдында үлгі – өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының береке, ынтымағы үшін, отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие, тәрбиелік рөлі де зор.
Жүргізуші№1: Келесі көріністі тамашалай отырып, өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

№2көрініс
Әкесі жұмыстан келе сала жұмыс дегенің құрып кетсін, жатып алып дем алғанға не жетсін, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты ақымақтар - ақ істесін деп өзіне – өзі ызаланады. Осыны естіген 5 - сыныпта оқитын баласы да «сабақ күннен күнге қиындап барады. Басты ауыртып қайтемін, бәрібір түсінбеймін.» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.

Жүргізуші№1: Осы көріністі тамашалай отырып, әкеден қандай тәрбие күтуге болады? Бұл отбасындағы тәрбие қандай болмақ?
Жүргізуші№2: «Жақсы әкенің даналығы балаға мың жылдық азық» дейді дана халқымыз. Осы мақалға қандай сипаттама беруге болады?
Жүргізуші№1: Айтқаны заң, өзі үйдің тірегі, алтын қазығы болған ер азамат нарқы неге арзандады? Әке – ер азамат беделінің қаншалықты екенін байқау үшін мынадай тапсырма - көріністі тамашалап, ойымызды ортаға салайық.

№3 көрініс
Сырқаттанып жатқан қарияға жалғыз ұлы келіп: Әке мен сізді айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, депті. Сөйтіп, әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті. Қас қарайған кезде алдарынан қарауытқан сұлбаны көрсетіп, әкесі:
- Балам, анау не? – деп сұрапты.
- Ол түйе, - деп жауап берді ұлы.
Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы да сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- Ол түйе. Өзім шаршап келе жатқанда неге сұрай бересің, - деп ренжіпті. Сонда әкесі:
- Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «анау не, мынау не» деп, күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп, үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп, көнгенмін. Енді сенен сөз естігенше, үйіме барып ажалға мойынсұнғаным артық, мені жерге түсір, - депті.
Балалар, сендер әкелеріңе не деп жауап берер едіңдер?

Жүргізуші№2: Әрине, отбасының ұйтқысы, берекесі, мейір шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы мен ана жанын қас қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді.
Жүргізуші№1: Осындай отбасының ұйтқысы болып отырған келесі қонағы Изетов Рашид бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін әкелердің бірі бүгін бізде ұлы Әлинұрмен қонақта.
Ұлы Әлинұрмен би «Қара жорға»
Жүргізуші№2: Қане балалар, бүгін міне, отбасының қорғаушысы, сақтаушысы, асыраушысы әкенің беделі мен түн ұйқысын төрт бөліп аялап әлпештеп өсірген аналарың туралы бүгін үлкен ой түйдіңдер деген ойдамызх. Осы үлкен тәрбие бастауы отбасы туралы ақын жазушыларымыз жырламай қалмаған.

Мұзафар Әлімбаев «Ата - ананың арманы»

Қипақтайтын қит етсе анаң - әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?
Ойым емес оллахи біздікінің,
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен,
Туа сала тұлпардың жалын тартқан,
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлап,
Бұл да бір күн алаулап жанар ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау,
Болмаса да топ жарған дана бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пенен күдіктің ортасында,
Ата - ананың жүрегі талады екен.
Жүргізуші№1: Міне, осындай жыр жолдарын арнап, қалам ұстаған ағаларымыздың ұрпағына қандай тәрбие бергені жайлы тоқтала кетсек.

№4 Мақал – мәтелдер сайысы
Жүргізуші№2: «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» дейміз, «Ата - ана ақылы – қазулы қара жолмен тең» деген де халықта ұлы сөз бар. «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер»дегендей,
Жүргізуші№1: Абай қара сөздерінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады, біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Біреу білсем, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді, бұл – жан құмары, білсем екен, көрсем, үйренсем екен деген». Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесінің бастауы – отбасы, бала болашағының негізін салушы – ата - анасы. Олай болса, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ұлы сөзді ұстанайық, ағайын! Отбасы өнегесі – Отан өнегесі.

Келесі кездескенше! Назарларыңызға рахмет!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: көрсең, не, Ұяда, (шаңырақ, сайысы)
Просмотров: 309 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar