Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі
24.09.2015, 11:58
Сабақтың тақырыбы: «Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі» (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты меңгерту.
а) оқушыларға үйдегі қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.
ә) оқушылардың адамгершілік қасиеттерінің дамуына жағдай жасау, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
б) отбасы қамқорлығымен қатар өз басын дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жұмбақтар, мазмұнды суреттер, 101, 102, 103, 104 телефондары жазылған карточкалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар мен амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. - Біз қай сабаққа дайынбыз? Бір - бірімізге қарап сәттілік тілейміз.
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Бірге өтер күніміз.
Сыныбымыз тап - таза,
Борда дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.

II - Үй тапсырмасын тексеру
а) мекен - жайларын сұрау
ә) өз бөлмелері туралы әңгімелеу
б) үйде қандай жұмыстарды атқарасыңдар, т. б?
Қызығушылығын ояту
Жұмбақтарды шешу
Жүрген жерін жалмайды,
Тастан басқа қалмайды. (от)

Жайда үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жет деп,
Қоңыраудан ұрады,
Дабыл қағып безектеп. (телефон)

Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық.
Киімдердің қыртысын,
Береді тез жазып. (үтік)

III Жаңа сабақты түсіндіру
- Сөзжұмбақ шешіледі.
- Сұрақтар арқылы, балалардың ойлары, пікірлері, жауаптары тыңдалады.
- Балалар қандай, құралдармен үйлерінде жұмыс істейді, үлкендерге қандай еңбек түрлері бойынша көмектеседі, ата - аналары жоқ кезде өздерін қалай ұстайтыны жайында кеңінен әңгімелеседі. Олар егер тұрмыстық құралдарды дұрыс қолданбаған жағдайда қандай жағдайлар болатынын айтады.
- Балалар, тұрмыстық құралдарды дұрыс қолданбаудан басқа тағы қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін?
- Осы құралдардың бәрін адамдардың өздерінің уақытын үнемдеу үшін және қолайлы болу үшін ойлап тапты. Бірақ олар неге үлкен қайғылы жағдайларға душар етеді?
- Осы сұрақ төңірегінде балалардың жауаптары тыңдалады.

Сергіту сәті
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты қорғаймыз,
Жаман бала болмаймыз.

Оқулықпен жұмыс.
- мәтінді оқу
- мазмұнын айтқызу
- талдау жасату

- Оқулықтағы суреттерге мұқият қараймыз. Қандай қауіпті көріністер бейнеленген? Осы қауіпті жағдайларды болдырмас үшін не істеу керек?
- Сонымен бірге сол суреттерге байланысты берілген мәтіндер бойынша мәтіндер оқылып, талқыланады.
- Бақылау күнделігімен жұмыс. Жұмысты талдау.
«Қауіпті жағдай» өз ойларын еркін жеткізу. Балалардың пікірін тыңдау.
Үйдегі қауіпті заттар слайд

Сабақты қорытындылау:
- Балалар, біздер бүгін қандай ережелермен таныстық?
- Күнделікті көріп жүрген не үшін қауіпті болады?

Венн диаграммасы
Бағалау
Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, қауіпті заттарға 2 мақал жазып жаттап келу.

Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тәртібі, үйде, сақтау, қауіпсіздік
Просмотров: 208 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar