Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
24.09.2015, 11:27
«Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;
Міндеттері:
Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі принциптерін;
- Тамақтану сауаттылығының бес негізін;
- Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін;
- «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау, ортақ ой түю. Қолданылатын көрнекіліктер:
- Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы;
- Кеңестер слайдтар арқылы;
- Оқушылардың жазған эсселері;
- түрлі тағамдар бұрышы;
Тәрбие сағатының барысы:
1 - бөлім: конверт
А). Бой жазу: Жұмбақ
Мұғалім: - Балалар, сендерге Данышпан атай жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі тәрбие сағатымыз да сол жұмбақтың жауабымен аталады.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)
2. Шаттық шеңберін құру:
- Шаттық шеңберін құрайық.
- Бір – бірімізге жақсы тілек тілейік!
1. Салауатты өмір салтын қолдайық!
2. Өзімді өзім жақтаймын,
3. Ата – ана ел үмітін ақтайық.
4. Денсаулықты сақтаймын.
5. Өмірдегі басты байлық дейтұғын,
6. Жүректен жылы соншама,
7. Бірінші байлық – денсаулықты сақтайық.
8. Тілейміз саулық баршаға.
9. Денсаулық – ол күлуің,
10. Басты байлық – денсаулық
11. Болсаң да әлі қаршадай.
12. Құру үшін сен сауық.
13. Көңіл күйің жадырай, Бабам айтқан даналық,
14. Ойнау үшін шаршамай. Керек жақсы денсаулық.
15. Жұлдыз: Денсаулық – ол жүруің,
Оқу үшін мектепте.
Ешбір жерің ауырмай,
Дұрыс тамақтану үшін де.
3. Жағдаяттарды шешу:
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді.
Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді.
- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па?
Оқушылар:
Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен тиімді тамақтану қажет.
Мұғалім:
- Балалар. Біз бүгін өздеріңнің, ата - аналардың, менің, мектеп дәрігерінің, ынтымақтасуымен «Салауатты өмір салтының» қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдаймыз.
1. Тамақ ішу тәртібі
а) Тамақтану сауаттылығының бес негізі
ә) Тамақтану тәртібі
б) Тәбет
2. Тамақтанудың негізгі ережелері
3. Тамақтану процесінің принциптері
1. Тамақ ішу тәртібі
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Үйлесімді, кепілі, денсаулықтың, тамақтану
Просмотров: 275 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar