«Көк аспанға желбіреткен көк туын» (Лондон 2012 жазғы олимпиадасы) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

«Көк аспанға желбіреткен көк туын» (Лондон 2012 жазғы олимпиадасы)
24.09.2015, 12:51
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің ағылшын пән мұғалімі
Сисенбаева Гүлмира Әбдіғаниқызы

Тақырыбы: «Көк аспанға желбіреткен көк туын»
(Лондон 2012 жазғы олимпиадасы)

Мақсаты: Лондон олимпиадасы туралы мағлұмат беру, Олимпиадада жеңіске жеткен толағайлар туралы ақпараттармен таныстыру. Олимпиада - бейбіт елдердің бәсекесі екенін оқушылардың санасына жеткізу.
Оқушыларды салауатты өмір салтын мықты ұстауға шақыру, ұлттың бетке ұстар толағайларын құрметтеуге,осы толағайлар секілді азамат болып өсуге, ел намысын әрқашан биік ұстар, ұлтжанды азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: толағайлардың суреттері, Лондон олимпиадасы туралы жазылған мақалалар, интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: танымдық шоу, әңгімелеу

Сабақтың барысы.
Кіріспе.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі 9б сыныбының кітапханашы Алтынай апаймен бірлесе отырып, ұйымдастырған «Көк аспанға желбіреткен көк туын» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Бастауын ежелгі Грекия жерінен алатын әйгілі олимпиада ойындарының 2012 жылы Лондон қаласында өтетіні осыдан 7 жыл бұрын анықталып қойған еді. Еншісіне Жазғы олимпиада ойындарын өткізу бұйырған Лондон қаласы әлемдік 9 қаланың ішінен таңдап алынды. 2004 жылы 18 мамырда Халықаралық олимпиада комитеті үміткер 9 қаланың 5-уін ғана дауысқа салуды дұрыс деп шешім шығарды. Олар: Лондон, Париж, Мадрид, Нью-Йорк, Мәскеу қалалары. Алғашқы дауысқа салу нәтижесінде барлығы сәтті өтіп, екінші айналымда Мәскеу қаласы дауыс жинай алмай қалды. Үшінші айналымда Нью-Йорк, төртінші айналымда Мадрид аз дауыс жинап ең соңында Лондон өз бәсекелесі Париж қаласынан бесінші айналымда басым түсіп, 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын өткізу құрметіне ие болды.
Биік мәртебе мен зор сенімге ие болған ресми Лондон олимпиаданы өткізуге қызу дайындық жасады. Барлығы 40 мыңға жуық адам олимпиаданың дайындық жұмыстарына тартылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 13 мың полицей мен 17 мың әскери күш жұмылдырылды ...
Олимпиада ойындары үшін стадион жасақталып, ол жерде жеңіл атлетика, ашылу және жабылу рәсімдері өтеді. Су орталығында су спортының барлық ойындары ұйымдастырылды. Лондон велопаркінде велотрек, Ривербанк аренасында желектегі хоккей, баскетбол аренасында баскетбол мен гандбол, Коппер бокс кешенінде гандбол мен бес сайыстан жарыс өтеді.

Олимпиаданың эмблемасы көпбұрышты фигураларға ұқсас етіп жасалған «2», «0», «1», «2» сандарын бейнелейтін «London» сөзі жазылған төрт түрлі көк, жасыл, сары, тоқ сары түсті болып жасалған. Ал, жеңімпаздарға берілетін медальдардың диаметрі 85мм, қалыңдығы 7мм, салмағы 375-400гр болады. Авторы Дэвид Уоткинс болып табылатын бұл медальдің алғашқы бетінде олимпиаданың эмблемасының нұр сәулесіндегі кейпі, келесі жақ бетінде жеңіс құдайы Ника мен Темза өзендері бейнеленген. Олимпиадаға арналып 2100 медаль жасалды. Жазғы Олимпиаданың ресми әнұраны ретінде «Muse» тобының «Survival» әні таңдап алынды. Ашылу салтанаты «Таңғажайыптар аралы» деген атаумен 2012 жылдың 28 маусымы күні Астана уақытымен 02.00 сағатта ашылады. Олимпиаданы ресми түрде Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета ашады деп күтілуде. Жабылу салтанаты құрметі Пол Маккартниге берілді.
Алты құрлық көз тігіп отырған осы олимпиадаға еліміз зор дайындықпен қатысқалы отыр. Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан спорттың 25 түрінен 115 отандасымыз бақ сынайды. Айта кетерлігі, Биылғы Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары алғаш рет семсерлесу, судағы поло және әйелдер боксынан жолдама ұтып алды.

Қазақстандықтар төменгі спорт түрлерінен бақ сынайды:
Ауыр атлетика, Байдарка және каноэмен есу, Таэквондо, Велошоссе, Байдарка және каноэде есу слаломы, Спорттық гимнастика, Көркем гимнастика, Нысананы көздеу, Стендік ату, Судағы поло,Бокс, Семсерлесу, Синхронды жүзу, Академиялық есу, Еркін күрес, Әйелдер күресі, Грек-рим күресі, Дзюдо (ерлер мен әйелдер), Әйелдер боксы, Қазіргі бессайыс Ашық суда жүзу, Теннис, Садақтан оқ ату, Жеңіл атлетика, Жүзу.

Міне, осындай 25 түрлі спорт түрінен 115 отандасымыз еліміздің атынан қатысады. Адамзатты бейбітшілік пен берекелі тірлікке үндеген, айтулы жарыста ел намысын қорғауға аттанған спортшыларымыз байрақты бәсекеден елге қуанышпен оралады деген үміттеміз.

Негізгі бөлім.
Жүргізуші:.
Кезекті Оқушылар ізденісіне берейік Лондон олимпиадасында қола медаль жеңіп алған отандастарымыз тураы мәліметтерге кезек берейік.
Жүргізуші:
Елдің атын шығарар,
Ел үшін еткен еңбегі
Талапты іске асырып,
Ауырлықты жеңгені
Қиындықта мойымай,
Болашаққа сенгені

1-оқушы Даниель Гаджиев туралы мәлімет
Жүргізуші:.
2- оқушы: Гюзель Манюрова туралы мәлімет
Адалдықты аялап
Әділдікті жақтаған
Адамдықты саралап, ел үмітін ақтаған.
Жүргізуші:

3-оқушы:Ақжүрек Таңатаров
Жүргізуші:
Ардақты абзал жан деп саналатын
Жоғары ұстап жүрген қазақ атын
Халықтың қадірлісі болып әр кез
Мәртебең өсе берсін азматым

4-оқушы: Иван Дидчко
Жүргізуші:
Асқарлы арман, ой-әліде көп асатын
Үкілеген үміт бар бәйгелерге қосатын
Лүпілдеген жүректәің, көк бөрі ту астында
Достық, бірлік, махаббат мәңгі бірге жасасын


Жүргізуші: Мен қазақтың ұланымын елімнің,
Мен қазақпын тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген
Болашаққа алға бастап жетелер
Ән: «Қазақ жері осындай» Нұрберді Гүлжан

Жүргізуші:Қазақтың туын желбірет
Ән ұранын шырқатып,
Сенің жеткен жеңісін
Ел-жұртыңа бір бақыт!
Олимпиада ойындарында спорттың бокс түріне күміс медальді жеңіп алған Әділбек Ниязымбетов туралы мәлімет

Жүргізуші:Қуан халқым қуанатын күн бүгін
Серпіп тастап мұңды жүрек түндігін
Келіпті еге бақытты күн бүгін
Тойла жұртым тойлайтын күн бүгін
Елімізге алтыннан алқа сыйлаған толағайларымыз туралы мәліметтерге кезек берейік

Алты алашым ынтымағың жарасқан
Шаңырағың заңғар шыңмен таласқан
Туған елдің асқақтатқан айбынын
Көк туыма көмкерілген жол ашсын
6 оқушы:Александр Винакуров туралы мәлімет

Жүргізуші:Ашық болсын қазағымның аспаны
Жазылуда ай мен күндей дастаны
Қазағымның ән ұраны шырқалсын
Үн қосқандай бүкіл әлем жастары
7 оқушы: Зульфия Чинчанло туралы мәлімет

Жүргізуші:Маңдайдан терің ағылды-ай
Зіл темір саған бағындай
Чемпион болып мінекей
Жеңістің оты жағылды-ай
8-Мая Манеза туралы мәлімет

Жүргізуші:Ақ таң сынды абырой несіп еткен
Сенің аппақ жүзіңнен айналайын
Әнұраным шырқалса мөмөлт еткен
Сенің мөлдір көзіңнен айналайын
9-оқушы Светлана Подобедова туралы мәлімет

Жүргізуші:Қияға қыран құстай самғап ұштың
Ақылмен, парасатпен арман күштің
Халқымды алға бастап жүре берші
Әрқашан қайнарындай жалынды істің
10-оқушы: Ольга Репакова туралы мәлімет

Жүргізуші:Асылы тамам қазақ баласының
Бөлейді бойды нұрға жарасымың
Асқақта көк байрақты желбіретіп
Естіртіп бар ғаламға алаш үнін!
Лондон олимпиадасында қазақ даласына алтыннан алқа таққан Қазақты намысын биік ұстап,көк байрағын олимпиада төрінде желбіреткен қазақ боксшысы Серік Сапиев туралы мәлімет
Ән: Чемпиондар әні

Жүргізуші:Жанкүйердің болған сәтте алаңы
Лондон жақтан жақсы хабар тарады
Тұңғыш рет боксына қыздардың
Марина қыз - жеңіп апты қоланы
Біледі ел артарында кімге ел
Намысты қыз бағасында білген ер
Қарт Қазалы толқып тағы тұрды ма
Өз перзентін деген сәтте жүлдегер
Әйелдер арасынан тұңғыш рет олимпиадада қола медальді жеңіп алған Қазалылық Марина Вольнова туралы мәлімет

Жүргізуші:
Медальдарға толды ма елдің сандығы
Маринадай енді сырдың бар гүлі
Деуші едік - ау бокс қызға тән емес
Бекер екен енді мұның барлығы
Өзіміздің мектебіміздің түлегі қазіргі уақытта Қорқыт ата университетінің студенті Ұлықбек Тәңірбергеновтың Маринаға арнап шығарған өлеңін тыңдаңыздар оқитын Нұрберді Гүлжан

Жүргізуші:Көтерген жоқсын зіл темір
Көтердің сырдың мерейін
Илья, сені әрдайым
Биіктерден көрейік
Сырдан шыққан еліміздің батыр ұлы әлемді таң қалдырып, әлем рекордын жаңартқан,Лондон олимпиадасының толағайы Илья Илин туралы мәлімет

Ильяға арнап шығарған «Ақсарбас» өлеңі
Қорытынды.
Жүргізуші:Зеңгір көкпен бой таласқан тауларың
Асқақтатар ел жұртымның арманы
Болашаққа қанат қақтым талпынып
Үмітімді өзіңменен жалғадым

Қазақстан лапылдаған алауың
Орындалсын арман үміт қалауың
Үстем болып әрқашанда мәртебең
Тек биікте желбіресін жалауың
Ән: Көк тудың желбірегені

Бүгінгі 9-сынып ұжымымен өткен тәрбие сағатымыз осымен тәмәм. Әрқашан аспанымыз ашық болып, көк аспанда көк туымыз желбірей берсін деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп, көп рахмет

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Көк, аспанға, «Көк, жазғы, желбіреткен, туын», (Лондон, олимпиадасы), 2012
Просмотров: 230 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar