Көктем – ана, қыздар – гүл - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Көктем – ана, қыздар – гүл
24.09.2015, 13:19
Сабақтың тақырыбы: Көктем – ана, қыздар – гүл.
Сабақтың мақсаты: Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Өнерлерін ортаға салу.
Сабақтың көрнекілігі: «Көктем – ана, қыздар - гүл» қабырға газеті, нақыл сөздер.
Сабаққа қажет құрал – жабдықтар: теледидар, ДVД, қайшы, түсті қағаз, қағаздар, фломастер, түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті аналар, аяулы қыздар. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын. Бүгінгі «Көктем – ана, қыздар - гүл» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1 - оқушы: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Хор: «Туған күніңмен».
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді, қызықты болу мақсатымен өлең, жыр, билердің арасында аналарға, әжелерге, қыздарға арналған шағын сайыстар өткіземіз. Жеңімпаздарды мақтау қағазымен марапаттаймыз.
2 – оқушы: Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғына күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
3 – оқушы: Кім сендерді, балалар, тербететін
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

1 - сайыс. Ортаға 5 ана шығады көздерін жауып, баласының қолынан табу. Мақтау қағазын, «Ең балажан ана» атағын беру.
Ән. «Анашым».
4 - оқушы: Бойға қуат береді
Әй, жарайсың дегені.
Мен анамнан әр кезде
Соны естігім келеді.
5 - оқушы: Сабағымнан қалмаймын
Бес аламын бәрінен.
Озат оқып әрдайым
Қуантамын анамды.
6 - оқушы: Қамқорсың ана өмірде
Қуатым сенсің көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің
Ұшармын ертең көгінде.
2 - сайыс. «Суретші ана» көздерін жауып өз баласының суретін салу.
Ән. «Бала тілегі».
7 - оқушы: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
8 - оқушы: Ана деген – асыл жандар болаттай
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай.

3 - сайыс. «Әнші ана» бесік жырын айтып жарысу.
9 - оқушы: Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем.
10 - оқушы: Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем.
11 - оқушы: Менің әжем, жыр әжем
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп
Аман – есен жүр, әжем!

4 - сайыс. «Ең шебер әже» түсті қағаздан әжелер ою ояды.
Би. «Қазақ биі» орындайтын: қыздар тобы.
12 - оқушы: Әже маған үлгі сөзіңіз
Өнегесіз өзіңіз
Жақсылыққа талпынып
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене
Жаман деген немене,
Осындайда, әжетай
Айтыңызшы өнеге.

5 - сайыс. «Ең мейірімді әже» немересіне еркелететін сөздер айту.
(балапаным, қошақаным, ботам...... т. с. с.)
Ән. «Асыл әже».
13 - оқушы: Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
14 - оқушы: Ардақты аналар! Шын жүректен, өз қолымызбен жасаған шағын
сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
(сыйлықтарын ұсынады).
15 - оқушы: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз.
(ұлдар қыздарға дайындаған сыйлықтарын ұсынады).
Ән. «Қыздар - ай».
Соңында құттықтау сөздер аналарға беріледі.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ана, гүл, Қыздар, көктем
Просмотров: 134 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar