Көктем арулары - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Көктем арулары
24.09.2015, 14:41
Тақырыбы: «Көктем арулары»
Мақсаты: Қыз баланың бойындағы қазақы қасиеттерді дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау.
1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2 -жүргізуші. Қош келдіңіздер! Бүгін мектебімізде Көктем арулары өткелі тұр.
1 -жүргізуші. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында қыз балаға жан – жақты тәрбие берудің күрделі талаптары қалыптасқан. Қыз бала өзінің нәзіктігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі рухани сымбаттылығымен көз тартып тұруы тиіс. Бүгінгі байқаудың мақсаты - қыз балаларды халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, әдептілік, сұлулық негізінде тәрбиелеу.
2. жүргізуші Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін Қөктем арулары атты конкурсымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Қисынбетова С сөз берейік.
1 -жүргізуші. Олай болса бүгінгі Көктем арулары атты байқауымызды ашық деп жариялаймыз.
2 - Жүргізуші Құдіретті жыр тудырған санамда,
Кім екен бұл – Қыз Жібек пе, Баян ба?
Әлде ару Қарлыға ма? Құртқа ма?
Әлде гүл ме, өсіп тұрған даламда?
Кім де болса періште ғой ғажайып,
Әттең шіркін, кетпесе екен азайып.
Құтты болсын мейрамы аналардың,
Сіздер үшін бүгінгі арулардың,
Билері мен әндері жырланады!

1 -жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне, ортаға толқып - тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.. Сайысымыздың шартын таныстырмас бұрын аруларымыздың өнерлеріне баға беретін әділқазыларды сайлап алайық.

2 -жүргізуші. Даланың терең жұтсақ ауасы кең,
Танысайық бұл кештің шарасымен - дей келе бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.
І. Таныстыру.(қыздар өз - өздерін таныстырып өту керек)
ІІ. Өз - өнерін көрсету. (өз өнерлерін көрсету)
ІІІ. Анама сыйлық (аналарына сыйлық жасау)
IV. Жоба қорғау (берілген тақырыптарды қорғау)
V. Пародия
ҮІІ. Құттықтау (өз ойынан өлең шығару, аналарға арнап ән айтып беру, ана туралы әдемі өлең жолдарын оқу, немесе құттықтап тілек айту)

1 -жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам - дей отырып сымбатты да сұлу, ақылына көркі сай ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.
2 -жүргізуші. Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз І - кезең «Таныстыру».
1 -жүргізуші. Өнерсіздер қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр,
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар. дей келе
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын болғанша ортаға Оразғалиев Л шақырамыз.

2 -жүргізуші. Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста. ІІ - кезең «Өз өнерін көрсету».

1 -жүргізуші. Тау әсем қарағайлы аршасы бар,
Сол тауға талапты жас барса шығар.
Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан,
Бойыңда сол өнердің қаншасы бар? – дей келе жанкүйерлерді шақырамыз.

2 -жүргізуші. Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі - жаным деген, сая маған.

1 -жүргізуші. Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана

2 -жүргізуші. 8 - наурызда адамдар да, тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша аналарымызды құрметтейді.
«Ана» дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен тағдыр. «Ана» - сөзі елең еткізбей, жылылықпен шуақты сездірмей қоймайды. Олай болса бүгінгі аналарға арнап дайындап келген аруларымыздың сыйлықтарын тамашалайтын кезе келіп жетті. ІІІ - кезең «Анама сыйлық»
Қыздарымыз келесі кезеңге дайын болғанша көрермендермен бір ойын ойнасақ.. 8 - 9 - 10 сыныптан бір - бір оқушылардан ортаға шақырамыз. Ойынның шарты: Біз адамдардың
бет - әлпетіне қарап олардың көңіл - күйлерін біле аламыз, ашулы ма, көңілді ме, әлде мазасыз ба, қуанышты ма, мұңлы ма, т. б Енді сіздер осы айтылған көңіл - күйлерді бет әлпетімізбен емес, іс - қимыл, қолды қозғалту, денені қозғалту арқылы бейнелеулеріңіз керек. Әділқазылар мұқият қарап бағалаңыздар жақсы көрсеткені үшін сол сыныпқа бір ұпайдан қосылады. Іске сәт. 1 ашулы, 2. көңілді, 3. мазасыз, 4. қуанышты, 5. өкінішті.

1-жүргізуші. Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, үйлесімді ғажап шын,
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық дей келе ІҮ - кезең «Жоба қорғау»
Тақырыптар (салт - дәстүр, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар)
2-жүргізуші. Аруларымыз келесі кезеңге дайын болғанша көрермендер арасынан тапқыр болсаң тауып көр ойынын ойнайық. Ортаға төрт сыныптан бір - бір оқушыдан шықса. Шарты сұрақтарға толық жауап бергені үшін бір ұпайдан қосылады.
1-жүргізуші. Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық

1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
7. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
8. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
9 Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)
10. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)

2 -жүргізуші. Үлбіреп жаны үзіліп,
Сәулесіндей сәскенің.
Сыбызғыдай сызылып,
Арулар шықты тізіліп. дей келе пародия өнерлерін тамашалайық Ү - кезең «Пародия»
1 - жүргізуші Көңіліміз бір сергіп қалу үшін көрермендермен тағы бір ойын ұйымдастырып жіберсек қалай болады. Ол үшін ортағы 8 - 9 - 10 - сыныптардан ұл балдарын шақырамыз. Шарты: Барлығымыз белгілі әнші Беибіт Қорғанның «Шоқ қыздар» әнін біз жатқа білеміз. Енді сіздерге тапсырма осы «Шоқ қыздар» әнін
1 - мұрынымызды қысып айтамыз,
2 - күліп тұрып айтамыз,
3 - жылып тұрып айтамыз.

1-жүргізуші. Бұл турымыз арулар үшін құпия болған болатын. ҮІ - кезең «Құттықтау» деп аталады. Енді бұл кезеңнің шартымен таныстыратын болсақ. Осы отырған аналарды, ұстаздарды, қыздарды келе жатқан төл мерекелерімен құттықтауларыңыз керек. Ол үшін (өз ойынан өлең шығару, әйел затына арнап ән айтып беру, ана туралы әдемі өлең жолдарын оқу, немесе құттықтап тілек айту арқылы құттықтауға болады.) Сіздердің құттықтауларыңыз бағаланады.
2 - жүргізуші Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер сынға түсер өлеңімен.
Не болса да айтатын жүрегімен,
Әнді нағыз өнер деп білемін мен. Әсем әнмен ортаға жанкүйерлерімізді шақырамыз.
1 - жүргізуші Өнердің сан түрлерін сараладық,
Дайын ба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

2 - жүргізуші Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет,

1 - жүргізуші: Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт - береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
«Қыз - ұлттың жаны» демекші, ата - аналардың аяулысы, құрбы - құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: арулары, көктем
Просмотров: 170 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar