Көктем аруы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Көктем аруы
24.09.2015, 15:15
«Көктем аруы»

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

Жүргізуші: Армысыздар, оқушылармен ұстаздар! «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!
Осы байқау 8 - 9 – 10 а, б сынып оқушы қыздар арасында: «Көктем аруын» анықтау мақсатында байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты байқауымызды ашуға мектебіміздің директоры Ермек Сәтовке сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,
Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.
Қызғалдақтарым, қарлығаштарым,
Жаза алмай жүрген жалын дастаным.
Жанартау болып жарылды кеудем,
Жүректің әлди әнін бастадым. – деп қыздарға арнап жыр жазбаған ақын, ән шығармаған сазгер жоқ шығар сірә. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын – бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас – ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызға қошемет көрсетіп отырайық.

Жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен қарсы алайық. шашу шашып!
10 а, б, 9, 8, сыныптарының қыздарын ортаға шақырайық

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.
2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
4 - шарт. «Он саусағынан өнер тамған». Арулар өздерінің үйден жасап келген
қолөнерлерін көрсетеді.
5 - шарт. «Сәндік өнер»

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда тағы да қош келдіңіздер деймін!

Жүргізуші: Арулар келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дуға
Ұшып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға – деп олай болса байқауымыздың 1 - ші кезеңі «Таныстыру». Арулар кезек - кезек өздерін таныстырады.
Жүргізуші: Қыздарымыздың бағасын берсеңіздер. Олай болса келесі кезекті биге берелік мектебіміздің биші қыздарының «Өзбек» биін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Өз өнерін көрсету
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

Ән: Садуақас Ерқұлан «Аяла»
Жүргізуші: «Сұрақ - жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
Би: Мадина Түрік биі
Жүргізуші: Келесі кезең «Он саусағынан өнер тамған». Арулар өздерінің үйден жасап келген қолөнерлерін көрсетеді. Бекер айтпаған ғой « ас адамның арқауы»келесі төртінші шартымыз бойынша біз қыздарымыздың өз қолдарымен жасайтын салаттарын көріп бағалайық.

Ән: Темірхан Айжан «Аппақ гүлдер»
Жүргізуші: Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз шашқа сән жасау.

Жүргізуші: «Кім жылдам»
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.

1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)

Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік
1 -«Көктем аруы»
2 - «Инабатты ару»
3 - «Өнерлі ару»
4 - «Сымбатты ару»
5 - «Ақылды ару»
6 - «Көрермен көзайымы»
7 -«Білімді ару»
8 - «Тапқыр ару»

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: аруы, көктем
Просмотров: 166 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar