Көшеде сақ бол! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Көшеде сақ бол!
24.09.2015, 09:42
Тақырыбы: «Көшеде сақ бол!»
Мақсаты:
1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;
2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;
3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер.
Барысы.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі - қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата - ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер.

«Жас инспекторлар ( полицей киімін киген оқушылар шығады) 4 сынып оқушылары
Армысыздар, асыл достарым
Бүгінгі күн, есте сақталсын
Мектебімізге келіп отырмыз,
Жас инспекторлардан жалынды сәлем!- 3 рет

1 - оқушы: Алға ұмтылма ентелеп,
Машинадан қаш, мына!
Түсіп кетпе асығып,
Дөңгелектің астына!

2 - оқушы: Айнала қауіп бар ойла,
Жан - жағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!

3 - оқушы: Асықпаңдар, балалар,
Үлкен жолға келгенде.
Жан - жағына қарап ал!
Деме: Бізді кім елер,
Машина жоқ па? Жүре бер!

4 - оқушы: Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жолбелгіге қараңдар!

5 - оқушы: Жарысып - ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.

6 - оқушы: Жол көліктің жүрегі,
Машина көп жүреді.
«Қауіп жоқ» − деп ойлама,
Жолда футбол ойнама!

7 - оқушы: Ата – ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!

8 - оқушы: Айнала қауіп бар ойла,
Жан - жағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!

9 - оқушы: Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Бірге: Жол жүру ережесі заңды тәртіп - Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!
Хор:
Ән: (“Атамекен” әуенімен)

Көшеде біз сақ болайық, жас достар
Қаймықпасын ата - анамыз біз үшін
Жол ережесін сақтап жүріп әрдайым
Жас ұландар атына сай болайық

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Көшеде, бол!, сақ
Просмотров: 247 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar