Әке – ер, ана – жігер, Бір үйде екі кемеңгер - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Әке – ер, ана – жігер, Бір үйде екі кемеңгер
24.09.2015, 11:22
Отбасылық сайыс
Тақырыбы: «Әке – ер, ана – жігер,
Бір үйде екі кемеңгер» (1 – сынып)

Тақырыбы: «Әке – ер, ана – жігер,
Бір үйде екі кемеңгер»
Мақсаты: Ата – аналардың мектеппен тұрақты қарым – қатынасын қалыптастыру, балалар өмірінде ата – аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып пікір алмасу, балалардың дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып, білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамыту.
Көрнекілігі: мультимедиялық тақта, слайдтар, суреттер, шарлар, кеглдер, қанатты сөздер.
Түрі: отбасылық сайыс

Барысы:
Кіріспе бөлім:
1) Кіріспе сөз:
Құрметті, ата – аналар, оқушылар, ұстаздар және қонақтар! Бүгін сіздер «Әке – ер, ана – жігер, Бір үйде екі кемеңгер» атты жанұялық танымдық ойынға жиналып отырсыздар.
Баланың ыстық – суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата – ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.

2) Қатысушылармен таныстыру
3) Қазылар алқасымен таныстыру
4) Ойын шартымен таныстыру
1. «Менің отбасым» (таныстыру бөлімі)
2. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» (ата – ананың баласына үйреткен өнері)
3. «Ертегі терапия» сайысы
4. «Ой қозғау» (сайысы ата – ана жағдаят сұрақтарына жауап береді)
5. «Көңілді старт» (кедергіден өтіп, ата – ана да, бала да сұраққа жауап береді)
6. «Қызықты сұрақтар» (көрермен ата – аналар сұрақтарға жауап береді)
7. «Бала тілегі» (балалардың тілегін тыңдау)

1 – жүргізуші:
Осынау іс – шараға келіпсіздер жиылып,
Сәлем бердік сіздерге біз де міне.
Ұлың өсіп келеді, ата – ананың үміті,
Тәрбиелеп келесіз ел қорғайтын жігітті.

2 – жүргізуші:
Қыз бой жетіп келеді шуақ шашып әр үйге
Гүлдей болып өссінші, сыйлы болып бәріне.
Ата – ананың жүрегі «бала» деп қана соғады,
Баласы жақсы адамның басына бақыт қонады.
І бөлім: «Менің отбасым» (таныстыру бөлімі)
- Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата – ана алдында нәзік те қиын, қыр – сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінің алғашқы ұстазы – ата – ана. Бала үшін үй ішінен, ата – анадан артық тәрбиеші жоқ. Олай болса біздің бүгінгі сайыскерлеріміз өз отбасылары туралы таныстырып кетсін.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ана, Әке, Екі, жігер, үйде, кемеңгер, ЕР, бір
Просмотров: 293 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar