Кемел келешек кілті - білімде - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Кемел келешек кілті - білімде
24.09.2015, 10:26
«Кемел келешек кілті - білімде
(атты дарынды оқушыларды марапаттау кешінің әзірлемесі)

І – жүргізуші:
Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшты талай – талай азамат.
Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! «Кемел келешек кілті - білімде»
атты мектебіміздің дарынды оқушыларын марапаттау кешіне қош келдіңіздер!

ІІ – жүргізуші:
Школьный мир неповторим!
Детство, юность вместе с ним
Нас растят и жизни учат,
Открывают наши души
Милосердию, добру,
Дарят каждому звезду!
Уважаемые родители, учителя, учащиеся! Мы рады Вас приветствовать на празднике
посвященное чествованию одаренных учащихся школы.

І – жүргізуші:
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халқына арналған кезекті Жолдауында - адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Бүгін біз мектебімізді қала, облыс, республика көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты шәкірттерімізді мақтан ете отырып марапаттау үшін жиналып отырмыз.

ІІ-жүргізуші:
Итак, внимание, в нашем зале участники второго традиционного «Парада звезд» ¬- призеры городских, областных, республиканских, международных олимпиад и интеллектуальных игр, конкурсов научных проектов, творческих, спортивных конкурсов и соревнований.

І-жүргізуші:
Құрметіне дарындардың тік тұрыңдар!
Алаңдап, жан-жаққа бас бұрмаңдар.
Бүгінгі салтанатты мерекенің
Дарынды, үздіктерін қарсы алыңдар!
Ортаға Қалалық пән олимпиадасының жеңімпаздарын шақырамыз
1.Информатика пәнінен жүлделі 2-орынға ие болған жас бағдарламашы 9 А сыныбының оқушысы Алиякпаров Дәндібек, Пән мұғалімі: Оразбаева Б.М
2.Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша қалалық пән олимпиадасында жыл сайын жүлделі орындарға ие болып, қалалық, облыстық түрлі байқауларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысушы, мектебіміздің бетке ұстар оқушыларының бірі 9А сыныбының оқушысы Орымбаева Сара, Пән мұғалімі: Баймуканова С.Ш
3.Тарих пәнінен қалалық олимпиадада 3-орынға ие болған, «Ұлттық ою-өрнектер» тақырыбындағы шығармашылық жобаның авторы 9А сынып оқушысы Маратова Аида , Пән мұғалімі: Есмурзина Г.А

4.Химия пәні бойынша олимпиадада 2-орынға ие болған, Халықаралық химия жылы аясында ұйымдастырылған қалалық интеллектуалдық сайыста Алғыс хатпен марапатталған , Облыстық ғылыми жоба байқауына қатысушы, «Байқоңыр ғарыш айлағының құрылу тарихы» тақырыбындағы жобаның авторы талантты оқушы, 9А сынып оқушысы Қазбек Анар, Пән мұғалімі: Кулжабаева С.К
5.Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қазақстандық интернет олимпиадаға қатысушы, қалалық пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2-орын иегері 8В сынып оқушысы Оксенюк Виолетта, Пән мұғалімі Досмағанбетова Ж.А
6.География пәні бойынша өткізілген Қазақстандық интернет олимпиадаға қатысушы 7А сыныбының оқушылары Оспанов Алихан, Әбдірасыл Нұржан ортаға шақырылады. Пән мұғалімі Алданазарова К.А.
Облыстық «Парасат» зияткерлік сайысының жеңімпаздарын қошеметпен ортаға шақырамыз
(Оқушылар тізімі)
Келесі кезекте мектебіміздің өнерлі өрендерін қарсы алыңыздар!

1.Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай өткізілген «Мен Отанымды, Тәуелсіз Қазақстанды жырлаймын!» тақырыбындағы қалалық мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы, мектебіміздегі белсенді, талантты оқушылардың бірі 6Б сынып оқушысы Төлеева Қаракөз. Пән мұғалімі: Ташетова Г.Б.
2.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - мерейім» фестивалінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар: Рыспаева Сымбат, Сейтжан Дана, Әлімбетова Гаухар. Пән мұғалімі: Ташетова Г.Б.
3.Қалалық «Патриоттық әндер» байқауының бас жүлде иегері, жас әнші 7а сынып оқушысы Жеңісова Гаухар.
Спорттық жарыстар жеңімпаздарын қарсы алыңыздар!

1. Таэквондодан Жезқазған қаласында өткізілген ашық біріншілікте 1-орын, Павлодар қаласында өткізілген Қазақстан чемпионатында 2-орын, Больгарияда өткен Халықаралық жарыста 1-орын ,Туркияда өткен Халықаралық жарыста 1-орын иегері 6А сынып оқушысы Қалжанов Ораз.
2.Қарағанды облысы бойынша өткізілген Бокс турнирінде ашық біріншілікте қола жүлдегері, Жезқазған қаласында өткізілген ашық біріншілікте 1-орын иегері 7А сынып оқушысы Бақыт Қаныш

3. Жезқазған қаласында Бокс турнирінен өткізілген ашық біріншіліте қола жүлдегері , Рудник кентінде өткен аймақтық жарыста күміс жүлде иегері, 2011жылы Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде 1-орынды иеленген 7А сынып оқушысы Қуанышбеков Ердәулет.
4. Каратэ до киокущинкайдан Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде күміс жүлде, Қарағанды облысының ашық біріншілігінде 1-орын, Астана қаласында өткен халықаралық жарыста “Ең үздік спортшы” атағына ие болған 9 Б сынып оқушысы Базылбеков Нұрқанат.
5. Еркін күрестен Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде 1-орын, 2011жылы ашық біріншілікте қола жүлде иегері 8Б сынып оқушысы Ибрагимов Әділхан.

6. Таэквондодан Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде 1-орын иегері 5 Б сынып оқушысы Темірбаева Дана.
7. Бокстан Қарағанды облысының ашық біріншілікте 2-орын, Сатпаев қаласында өткен «Шахтёрлер күнінде» күміс жүлде иегері, Жезқазған қаласында металлургтар күні қарсаңында өткізілген жарыста 1-орын иегері 9 Б сынып оқушысы Сейдіғалиев Дияр.
8. Дзюдо, самбо және қазақша күрестен Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде 1-орын иегері, мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының басшысы 9 Б сынып оқушысы Хабаров Ерқанат.

9. Кикбоксингтен Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде күміс жүлде иегері, Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында күміс жүлде, Қарағанды облысының ашық біріншілігінде 1-орын, Қазақстан чемпионатының күміс жүлде иегері, Сатпаев қаласында өткен «Қазақмыс» жүлдесі үшін аймақтық жарыста 1 – орын иегері 9Б сынып оқушысы Рахметолла Бекасыл.
10. Бокстан Қарағанды облысының ашық біріншілігінде 1-орын, Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде 1-орын иегері 8Б сынып оқушысы Ахметов Асхат.

11. Еркін күрестен Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде қола жүлде иегері 8Б сынып оқушысы Құдайберген Абылай.
12. Баскетболдан Қалалық ашық біріншілікте 2 – орынды иеленген 8Б сынып оқушысы Қалиева Томирис, 9Б сынып оқушысы Сакенова Жаңагүл.
13. Каратэ до киокущинкайдан Саптаев қаласында өткен облыстық жарыста күміс жүлде иегері, Рудник кентінде өткен аймақтық жарыста күміс жүлде иегері, Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде күміс жүлде 9Б сынып оқушысы Тілләханов Дәулетхан.
14. Еркін күрестен Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде күміс жүлде иегері Советов Сұлтан.
15. Еркін күрестен Жезқазған қаласының ашық біріншіліктерде қола, күміс жүлде иегері 6Б сынып оқушысы Әліпбек Ғасыр.
16. Еркін күрестен Жезқазған қаласының ашық біріншіліктерінде күміс, қола жүлде иегері Мергентай Диас
17. Таэквондодан Қарағанды облысының ашық біріншіліктерінде күміс, қола жүлде иегері 2-орын 5А сынып оқушысы Абдулла Дат.
18. Грек-рим күресінен Қарағанды облысының ашық біріншілігінде қола жүлде иегері Хасен Құсайын

І жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Дарындарға арналсын тілегіңіз! – дей отырып, дарындарымызды марапаттау үшін сөз кезегі мектеп директоры К.Р.Жолдыбаеваға беріледі.
І жүргізуші:

Марапатталады:
1.2,3,4,5-орындарға ие болған «Парасат» жеңімпаздары
2. «Кемел келешек кілті - білімде» тақырыбындағы Жас дарындар апталығына белсене қатысқан жас ақындар: 4 А сынып оқушысы, «Отаным – Қазақстан » өлеңдер жинағының авторы Жақан Әдемі, Пән мұғалімі: Унгитбаева Н.Р
5 А сынып оқушылары Оразбек Арсен Пән мұғалімі: Омарова А.Б
9А сынып оқушысы Қанаш Рымжан, Пән мұғалімі Қазанғапова В.О
11 А сынып оқушысы Жандарбекова Арайлым, Пән мұғалімі Ташетова Г.Б
«Жас әнші» 2А сыныбының оқушысы Қасымбекова Асылжан, Сынып жетекшісі: Ершаева Қ.Т
«Жас сөз шебері» 4 А сынып оқушысы Жалғас Айдын. Пән мұғалімі: Унгитбаева Н.Р

ІІ-жүргізуші:
И это чудо в этом зале,
Каких мы школьников собрали!
Здесь море умных, чистых глаз,
Здесь молодость чарует нас,
Здесь души полны ожиданьем,
Любви нечаянным признаньем,
Царит торжественно волненье,
Звучит привычное вступленье,
Для всех, кто миг сей долго ждал,
Настал он, радостно настал…

І жүргізуші:
Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым!

ІІ жүргізуші:
Мы от всей души поздравляем вас с поздравляем вас с вашими достижениями. Желаем чтоб и в дальнейшим вы достигали новых высот. А сейчас в чест вашего праздника выступает с поздравительным букетом учащийся 2А класса – Қасымбекова Асылжан.

Песня «Ақ тілек»

І жүргізуші:
Қарсы алыңыздар, алдарыңызда «Ақ тілек» әнімен 2А сыныбының оқушысы, жас әнші Қасымбекова Асылжан
І жүргізуші:
Мектеп – кеме, білім – теңіз
Барар жерге тез жетеміз
Адаспаймыз ұлы жолдан
Ұстаз берген білім қолда, - дейтұғын оқу озаттарын атап өтуге рұқсат етіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып дегендей , - Келесі ән-шашу Озат оқушыларымыздың құрметіне арналады.
Ән: «Мектебім» Жеңісова Гаухар

І- жүргізуші:
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін, - деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміздегі жас сөз шебері, болашағы жарқын дарындардың бірі 4 А сынып оқушысы Жалғас Айдынды ортаға шақырамыз.
«Тәуелсіздікті жырлаймын» - мәнерлеп оқу

1-оқушы:
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.

2-оқушы:
Мектебім - мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.

3 -оқушы:
Тәуелсіз Қазақстан байтақ жерім,
Қуаныш құшағында бүгін елім.
Балалар аманатын алға тартар,
Жас ұрпақ алдарыңда міне, бүгін.

Мектептің әнұраны орындалады (хормен)

І жүргізуші:
Ата-анаға қымбат-ау бала заты,
Естілмесе дейді екен жаман аты.
Бүгінгі күн ата-анаға сөз береміз,
Бар ма екен дарындарға айтар аманаты. Жас ұрпақтың жүрекжарды қуанышын бөлісіп, шашуын ақ тілек батасымен өріп, ортамызға келіп отырған ата-аналарға сөз беріледі.

Ата-анаға сөз -------------
ІІ – жүргізуші:
Ұрпағы, ұландары текті жердің,
Қашанда болмысына сүйенемін.
Келешек ғалымдар да, даналар да,
Шығады өздерінен деп білемін!
Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Кемел келешек кілті - білімде»
атты мектебіміздің дарынды оқушыларын марапаттау кеші өз мәресіне жетті. Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!

ІІ – жүргізуші:
Закончился очередной праздник. Праздник чествования Одаренных детей школы. И чем больше звезд под именем «Я» зажжется в нашей школе благодаря участию в разнообразной внеклассной жизни, тем ближе вы к главной цели всех воспитательных систем: личностному росту и развитию каждого ученика.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: келешек, білімде, Кемел, кілті
Просмотров: 242 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar