ХІХ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойын - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

ХІХ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойын
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 16:02
Тақырыбы: «ХІХ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойын
Мақсаты: 1) оқушылардың білімдерін ойындар арқылы тексере отырып, толық жауап алуға, басқалармен санасып, ортақ шешімге келе білуге, өз беттерімен жаңаны қабылдауға үйрету;
2) оқушыларды топпен жұмыс жасауға дағдыландыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, әсемдік талғампаздылығын, өз ойын анық жеткізу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;
3) оқушыларды әдептілікке, бірлікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: ойын
Әдістері: сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу, топпен жұмыс, талдау, дедуктивті, ізденіс, топтастыру, салыстыру
Көрнекілігі: қима қағаздар, плакат, суреттер, үлестірме қағаздар, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, бейнеклип

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, жаңа сабаққа дайындау. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Топқа бөліну. Оқушылар қима қағаздарын таңдап алады. Сол таңдаған қағаздардың т. сіне байланысты топтарға бөлінеді.
1 - топ – жасыл түс, 2 - топ – сары, 3 - топ – қызыл, 4 - топ – көк, 5 - топ – сарғыш, 6 - топ – қызғылт.

ІІ. Кіріспе. Әділқазылармен таныстырып, олардың қызметін ашып кету.
Топ басшыларын тағайындау. Топ басшыларына ленталар тағылады.
Жарыс кезеңдерімен таныстыру:
1. Топтарға ат қою. (25 балл)
2. Математикалық – логикалық
3. Тілдер марафоны
4. Ойлан, тап
5. Түрлі - түсті ассоциациялар
Топтың атын табу. Әр топқа есептер беріледі. Есептерді орындау арқылы оқушылар өз тобының атын анықтайды.

Топ аттары: 1 - топ – ТАПҚЫР
25: 5=4 (Қ)
891 - 890=1 (Т)
654: 327=2 (А)
2*3=6 (Р)
1000 - 995=5 (Ы)
999:(3*111)=3 (П)

2 - топ – БІЛГІР
25: 5=4 (Г)
891 - 890=1 (Б)
654: 327=2 (І)
2*3=6 (Р)
1000 - 995=5 (І)
999:(3*111)=3 (Л

3 - топ – ЖҮЙРІК
25: 5=4 (Р)
891 - 890=1 (Ж)
654: 327=2 (Ү)
2*3=6 (К)
1000 - 995=5 (І)
999:(3*111)=3 (Й)

4 - топ – АЛҒЫР
25: 5=4 (Ы)
891 - 890=1 (А)
654: 327=2 (Л)
1000 - 995=5 (Р)
999:(3*111)=3 (Ғ)

5 - топ – ӨНЕРПАЗ
25: 5=4 (Р)
891 - 890=1 (Ө)
654: 327=2 (Н)
2*3=6 (І)
1000 - 995=5 (Л)
999:(3*111)=3 (Е)

6 - топ – ҚЫРАН
25: 5=4 (А)
891 - 890=1 (Қ)
654: 327=2 (Ы)
1000 - 995=5 (Н)
999:(3*111)=3 (Р)

ІІІ. Негізгі бөлім.
І кезең: «Математикалық - логикалық» оқушыларға ауызша қойылады. Оқушылар жылдам және дұрыс жауап беру керек. Бір ұпай қосылады.
Логикалық сұрақтар:
1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүр. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала қалды?
2. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат)
3. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (бірдей)
4. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? (4 минут)
5. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? (200 кг)
6. Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? (5 баласы – төрт ұлы, бір қызы)
7. Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ, түн болады)
8. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (бір асықты бала дорбамен бірге алып қалады)
9. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? (8 - ші)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ойын, көшбасшысы, ғасыр, ХІХ, зияткерлік
Просмотров: 359 | Загрузок: 108 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar