ХХІ ғасыр көшбасшысы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

ХХІ ғасыр көшбасшысы
24.09.2015, 09:23
ХХІ ғасыр көшбасшысы
/зияткерлік сайысы/

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
2 «Ә» сынып оқушылары арасындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Олай болса, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына қатысатын оқушылар:
1. Аронрашид Жансая
2. Агинов Нұрсұлтан

Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
1 - кезең Бәйге
2 - кезең Полиглот
3 - кезең Ғажайып жетілік
4 - кезең Жорға
1 - кезең БӘЙГЕ

1-кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып белгіні көтерген оқушы жауап береді. Егер де жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
/14 сұрақ қойылады, сұрақ 3 жауаптан тұрады, әр сұраққа 10 балл беріледі/
1 - кезеңнің соңында ең аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады
1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? /2сағ/
2. Сантиметрмен өрнекте: 6дм 8см = cм /68см/
3. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? /алмұрт/
4. Бір апта 2 күнде неше күн бар? /9 күн/
5. Талаптың пайдасы әңгімесінің авторы кім? /Ыбырай/
6. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал /тұсбағдар/
7. «Әнұран» сөзі қандай мағына береді? /салтанатты ән/
8. б, в, г, ғ, д, ж қандай дыбыстар? /қатаң/
9. Жуан дауысты дыбыстарды ата. /а, о, ұ, ы/
10. Ең мықты қандай ағаш? /емен/
11. Құрбақа қыста не жейді? /ештеңе/
12. Бүлдіргенді жақсы көретін аң. /аю/
13. Байды үнемі алдап кететін кейіпкер. /Алдаркөсе/
14. Қай құстың балапаны анасын танымайды? /көкек/

2 - кезең Полиглот
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар.

Қабат - қабат қаттама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да.

Жүрсе, ізі жоқ,
Сойса, қаны жоқ.

3 - кезең Ғажайып жетілік
Қазақ тілі – 10. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата
Қазақ тілі – 20. Қ, ғ әріптерінің жазылу емлесі
Қазақ тілі – 30. Қазақ тілі оқулығының авторы кім?
Әдебиет – 10. Өнер, білім жайлы бір өлеңнен үзінді оқып бер.
Әдебиет – 20.
- Әже, мына орынға отырыңыз, - деді.
Арман болса, қарт адамды көрмегенсіп, терезеге қарап отыра берді.
Бұл қай мәтіннен үзінді?

Әдебиет – 30. Оттың табы деген не?
Математика – 10.
Ағаштың ең ұшында
Отыр еді 3 балық.
Ұшып келді тағы да
Бір балық,
Барлық балық санын
Ойланайық табайық.
Математика – 20. Үшбұрыштың периметрінің формуласын айт
Математика – 30 Самат 2 балықтан, ал Марат бір балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған?
Әр түрлі – 10. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың аты.
Әр түрлі – 20. Мектебіміз қай көшенің бойында орналасқан?
Әр түрлі – 30. Наурыз сөзі қандай мағына береді?
4 - кезең Жорға
«Жапырақ» сөзінен топбасшылары сөз құрауы керек
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ғасыр, көшбасшысы, ХХІ
Просмотров: 214 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar