ХХІ ғасыр көшбасшысы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

ХХІ ғасыр көшбасшысы
24.09.2015, 12:49
ХХІ ғасыр көшбасшысы

Мақсаты: Оқушылардың әдебиет пәні бойынша алған білімдерін тереңдету. Ойын дәл, тез жүйелеуге дағдыландыру. Терең ойлау қабілетін қалыптастыру.
Барысы:
Мұғалім: Ортаға сайысқа қатысатын 8 оқушыны шақырайық. Әділқазылар алқасы сайланған. Олар әр сайыс бөлімінен кейін қорытынды жасап отырады. Интеллектуалды шоу келесі бөлімдерден тұрады:
І тур: «Бәйге»
Әр белгіленген сұраққа тез және дұрыс жауап берген оқушылар 10 ұпайдан алады. Олар тез ойлауға және дұрыс жауап беруге ұмтылады.

1.«Бақытсыз Жамал» қай жанрға жататын шығарма?
А) Роман
Ә) повесть
Б) Әңгіме

2. Абайдың поэмасы:
А) «Ләйлә - Мәжнүн»
Ә) «Масғұт»
Б) «Медғат - Қасым»

3. Шәкәрім шығармасы:
А) «Абай жолы»
Ә) «Батыр Баян»
Б) «Қалқаман - Мамыр»

4. «Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың көгінен
Күн болмағанда кім болам?» деген шумақтың авторы кім?
А) С. Торайғыров
Ә) С. Сейфуллин
Б) А. Байтұрсынов

5. «Медғат - Қасым» поэмасындағы Қасым қандай кейіпкер?
А) жағымсыз
Ә) толқымалы
Б) романтикалық

6. Алдар көсенің алдаудағы мақсаты:
А) Табиғи мінез
Ә) Қарны тоқ, ақылы жоқтарды тұсау.
Б) Жеңіл күлкі үшін

7. «Ер Төстік» ертегісіндегі басты қаһарманның әкесі кім?
А) Байбөрі
Ә) Сарыбай
Б) Ерназар

8. Желмая мініп, шұрайлы жер іздеуменен өмір кешкен кім?
А) Қазтуған
Ә) Асан қайғы
Б) Ақтамберді.

9. Қазақ театрының шымылдығын ашқан алғашқы драмалық шығарма?
А) «Еңлік - Кебек»
Ә) «Тоқал»
Б) «Түнгі сарын»

10. «Еңлік - Кебек» дастанын жазған кім?
А) М. Әуезов
Ә) Ш. Құдайбердіұлы
Б) С. Торайғыров

11. Аңыз - әңгімелердегі Жиреншенің сүйген қызы, жары, әрі ақылшысы кім?
А) Кенжекей
Ә) Бізбике
Б) Қарашаш

12. «Қырық мақал» авторы және оны кім аударған.?
А) М. Дулатов, Пушкиннен
Ә) С. Көбеев, Ушинскийден
Б) А. Байтұрсынов, Крыловтан

ІІ тур: «Полиглот»
Сайысқа қатысушылар берілген жұмбақтардың шешімін тауып, табылған жауапты орыс, ағылшын тілдеріне аударады. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.
1. Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң құшағың түк толмайды.

2. бір нәрсе қанаты бар ұшпас биік,
Жүрген жоқ, ұшпаса да жерге тиіп.
Арасын жер мен көктің өрт алса да,
Еш жері ол нәрсенің кетпес күйіп

3. Жер түбінен күліп келе жатыр.
4. Сусыз жерде соғысады,
Қан шығармай соғысады.

5. Қарасам жоқ,
Қарамасам бар.
6. Көсеудің басы бесеу.

7. Бір – ақ қалта бидайдың
Біте тұғын түрі жоқ

8. Сырты ішінде
Іші сыртында

9. Егіз көл бар қатпайтын,
Судан ешкім таппайтын.
10. Жанар емес,
Бірақта жасаурайды.

11. Бірде ашпын, бірде тоқпын,
Бірден салқын, бірде шоқпын.

12. Болат балық,
Кейде налып,
Жатыр біраз
Құйрықсыз қалып.

13. Жауырынымен жылжиды.
Суға тойса қылжиды.

14. Жетпіс жеті көйлек,
Ол да аздау кейде
15. Ала жібім бар,
Жетпейтін жерге жетеді.

ІІІ тур: «Тапқырлық»

Бұл бөлімде қазақтың мақал - мәтелдерінің жалғасын тауып, мақал - мәтелдері аяқтау керек. Бұдан 20 мақал - мәтел беріледі, әрбір тапқан мақалға 10 ұпай қосылады:
1. Қызым сағын айтам...
(Келінім саған айтам)
2. Жолы болар жігіттің...
(Жеңгесі шығар алдынан)
3. Ағасы бардың тынысы бар...
(Асы бардың ырысы бар)
4. Арпа, бидай ас екен.....
(Алтын, күміс тас екен)
5. Алтыдағы бала ауылға келсе,....
(Алпыстағы қария сәлем берер)
6. Әкем - шешем бар болса,
(Аузы - мұрны жоқ болса)
7. Атаңа не істесең,...
(Алдыңа сол келер)
8. Он бала бір әкеге жүк болмайды...
(Бір әке он балаға жүк болады.)
9. Ананың сүті бал,.....
(Баланың тілі бал).
10. Мейірімділікті анадан үйрен,...
(Әділдікті данадан үйрен.
11. Балапан ұядан не көрсе,...
(Ұшқанда соны іледі)
12. Жақсыдан үйрен,...
(Жаманнан жирен)
13. Еттен өткен таяқтан,....
(Сүйектен өткен сөз жаман.)
14. Жақсы сөз жұбатады,...
(Жаман сөз жылатады)
15. Сөйлей - сөйлей шешен боласын,...
(Көре - көре көсем боласын)

IV тур: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Бұл турда 10 ұпай қосылып отырады.
1. Ертеде бір қыз бен жігіт кездесіп, әзіл үстінде сөз қақтығысына орай айтысып қалады. Қыз жігітті сөзден қайта - қайта сүріндіре беріпті. Жеңіліп бара жатқанын сезген соң, жігіт қызға «Әй, сен қыз, білгіш болсаң аспандағы жұлдыз нешеу, соны тапшы?» - деп өлеңдетіпті.
Қыз:
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыспен жақынды жортқан білер.
Жұлдызды әуедегі кім санапты,
Сіздердей түнде жүрген зынтық білер, - деп нені айтқысы келді.
2. Сырым жолаушылап келіп бір үйге түседі, бой жеткен қызды сынау үшін сөзбен қағытып: «Мынау үйдің мінсізін – ай, тек шаңырағы шалқақтау ма қалай?» дейді.
Қыздың жауабы қалай болады?
Қыз: «Шаңырағы шалқақтау болғанмен, түтіні дұрыс шығады, мырза», - дейді.
3. Сырым Үргеншінің ханына барып жүз көріс қылған, Хан Сырымның атағын сырттан қазақтың өз шешен, өзі батыр кісісі деп естиді екен.
Сол жолы Үргенші ханы Сырымды өз шешенімен айтыстырыпты.
Үргенші шешен:
Намазда жан - жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не,- депті?
Сырым батыр не деген екен?

V тур: «Жорға»
Бұнда қазақ тілі саласында сұрақтар қойылады.
1. Сын есімнің жай шырай түрін көрсетіңіз.
А) жақсы
ә) Қызғылт
б) Ең әдемі
2. Шылауды тап:
А) Аһ, бір өкініш, бір үміт
ә) Е, оны қайдан білдің
б) Мен он төрттемін, ал сен ше?
3. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.
А) ащы - тұщы
ә) тынығу - жатығу
б) татуласу - жарасу
4. Еліктеуіш сөзді тап:

А) тарс-тұрс
ә) үлкен - кіші
б) бес - он
5. Қиысуды табыңыз
А) жолда жатты
ә) әдейі бармау
б) сіздер жеткіншексіздер
6. «Тайға таңба басқандай» деген тұрақты сөз тіркесін мағынасын табыңыз.
А) ашық
ә) анық
б) Ең әдемі жылдам
7. Ілік септігімен тәуелдік жалғауды тап.
А) қалаға бару
ә) колхоздың малы
б) ауылдан келген
8. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз:
А) тарихи мұражай
ә) аққан жұлдыз
б) табанынан тауысылу

VІ тур: «Егер де мен....»
Бұл турда екі бала қалады. берілген тақырып «Егер де мен тіл заңдылығының орындалуын басқаратын болсам неден бастар едім, нені қолға алар едім.»
Балалардың жеңгені ХХІ ғасырдың көшбасшысы атанады.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ғасыр, көшбасшысы, ХХІ
Просмотров: 155 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar