Кім білімді, кім күшті, кім жылдам? - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Кім білімді, кім күшті, кім жылдам?
24.09.2015, 15:58
Сыныптан тыс іс - шараның тақырыбы: Кім білімді, кім күшті, кім жылдам?

Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін тереңдете отырып, білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Пәнге деген қызығушылығын арттыру, зеректігін қалыптастыру.
Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: безендірілген сахна, карточка, суреттер
Барысы:
1. Көрініс
2. Ауызша сұрақтар
3. «1001 мақал, 101 жұмбақ» бағдарламасы.
4. Мақал - мәтелдің жалғасын табу.
5. Кесте толтыру. Кім жылдам?
6. Графиктер биі
7. Тұжырымдаманы табу
8. Кім мерген, кім күшті?
9. Оқыған білер әр сөзді

Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме! Апта жаңалықтарымен таныстырайын. Бұл аптада ауданымыздағы №1 орта мектебі мен Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде математика мұғалімдеріне арналған облыстық семинар болып жатыр. Семинарда ашық сабақтар беріліп, сыныптан тыс іс - шаралар өтілуде. Біздер математика пәні мұғалімдері мен оқушыларға мерекелік көңіл - күй тілей отырып, сіздермен тікелей байланыста екендігімізді ескертеміз.№2 қазақ орта мектебіне арнайы өзіміздің репортерімізді жібергенбіз.
(сахнаға репортер - оқушы және 7 - сынып оқушылары шығады)
Репортер: Қайда барсам да, қайда қарасам да алдымнан математика шыға келеді. Мынау өзі қай ел? Ежелгі үнділер ме?
Автор(сахна сыртынан)
Ежелгі үнділерде мынадай аңыз бар. Еріккен шах бір данышпанды шақырып алып былай депті:
Шах: Әй, данышпан мен саған тапсырма берем. Сол тапсырманы тез арада орында. Сен бір ойын ойлап тап. Ол ойында екі елдің соғысуы, арбасуы, қорғаны көз алдымда көрініп тұратын болсын!
Данышпан: Құрметті шах ием, маған шамалы мүмкіндік бер. Бірақ менің де сізге қояр тілегім бар. Тілегім: сұраған сыйымды беретін болыңыз.
Автор: Данышпан кетіп, шах өзінің сарайында ойын - сауығын жалғастырып жата береді.
(музыка ырғағымен билеген қыздар тобы)
Автор: Уәделі уақыт бітіп, данышпан шахқа келеді.
Данышпан: (әкелген шахмат тақтасын алдына қойып)
Шах ием, айтқаныңыз орындалды. Сіздің тілегіңіздің барлығы 64 шақпақтан тұратын мына бір тақтайдың бетінде. Алдыңғы шепте сарбаздар, атты әскерлер, қасыңызда ақыл - кеңес беретін әскери көмекшіңіз де бар. Әрқайсысының жүретін жолы және шені бар. Бұл әскери ойынның аты -«Шахмат» болады. Енді менің тілегімді тыңдаңыз.
Шах: Айт тілегіңді!
Данышпан: Шахмат тақтасының бір шақпағына бір бидай дәнін, екіншісіне одан екі есе көп, яғни екі дән, ал үшіншісіне екіншісінен екі есе көп, яғни төрт дән, ары қарай сол сияқты 64 шақпаққа дейін еселей өсе беретіндей мөлшерде бидай бер.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жылдам?, Білімді, Кім, күшті
Просмотров: 314 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar