Кім көп біледі? - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Кім көп біледі?
24.09.2015, 11:27
Cайыс «Кім көп біледі?»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау.
2. Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3: Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарлар
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі сынып сағатындағы 3 Г сынып оқушылары арасындағы «Кім көп біледі?» атты сайысқа қош келдіңіздер. Сайысқа сыныптан 3 топ қатысады. Бұл сыныптағы өткізіп отырған сынып сағатының мақсаты оқушылардың жалпы сабақ бойынша алған білімдерін тексеру.

Сайыс 6 бөлімнен тұрады
1. Таныстыру
2. Топ сайысы (әр топқа 6 сұрақ қойылады)
3. Естімеген елде көп (логикалық сұрақтар 2-ден)
4. Жалғасын тап (мақал - мәтелдерден жарыс)
5. Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақтар шешу; қазақша, орысша жауабын айту)
6. Топ басшылар сайысы (3 сұрақтан беріледі)
1 - жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білі шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Білімнің нәрлі сырына

2 - жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер
Бір - біріңе еріңдер
Біліміңді тексеріп
Бәйгеге қатысып көріңдер
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие – тәлім табар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға сол алда - дей отырып сайысымызды бастаймыз

Сайысымыздың 1- кезеңі бойынша топтар өздерін таныстырады
1 - топ Қыран тобы
Ұраны Біз қыранбыз, қыранбыз
Бәйгеде біз алдамыз

2 - топ Жасұлан тобы:
Ұраны: Бұл айтыста болма бос
Біліміңе білім қос

3 - топ:
Ұраны:
Сайысымыздың екінші бөлімі бойынша әр топқа 6 сұрақ беріледі.
1 топ 1. Білім күні (1 қыркүйек)
2. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
3. жаңа әнұран қашан қабылданды? (2006 ж қаңтар)
4. Ән ұранның авторлары кім?
5. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет 4 жұмыртқа пісіру үшін неше
минут қажет?
6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (тоқтар)
2 топ 1. Республика күні (25 қазан)
2. Ұя салмайтын құс (көкек)
3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады? 1991 ж 1. 12
4. Қазақстан туының авторы? Ш. Ниязбеков
5. Мәтін дегеніміз не?
6. 1 кг мақта ауыр ма 1 кг темір ауыр ма?
3 топ 1. Абылайдың шын аты? Әбілмансұр
2. Елтаңба авторлары кім? (Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
3. Бір сыйлықты орау үшін 30см жылтыр қағаз керек, 7 сыйлыққа қанша см керек?
4. Түбір дегеніміз не?
5. ҚР - ның Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз 1995ж)

Үшінші бөлім бойынша Естімеген елде көп логикалық тапсырмалар
1 - топ: 1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)
2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?)

2- топ: 1. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
2. Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді)
3 топ: 1. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)
2. Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен)

Төртінші бөлім: жалғасын тап «Мақал - мәтелдер жарысы»
1 - топ: 1. Арқанды ат... (қазығына оралар)
2. Жылы - жылы сөйлесең,... (жылан інінен шығар)
3. Ұстазы талантты болса,
Шәкірті... (талапты болар)
4. «Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама»,

2 - топ: 1. Ас атасы - ......../нан/
2. өз елім -........................../өлең төсегім/
3. Оқу білім бұлағы,............. /білім өмір шырағы/
4. Әдептілік белгісі,................./иіліп сәлем бергені/

3 - топ: 1. Кітап білім................. /бұлағы/
2. Тіл қылыштан да......................../өткір/
3. Отан үшін отқа түс....................... /күймейсін/
4. Отан................................................ /оттан да/ ыстық

Бесінші сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл»
1 - топ: 1. Жүз теңгең болғанша жүз....... болсын (дос друг)
2. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп - мяч)
3. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап - книга)
4. Жеті қазынаның бірі (ит - собака)

2 - топ: 1. Ұшқан.... жүгірген аң бәрі тамақ (құс - птица)
2. Сағат сайын қағылады
Тек мектептен табылады. (Қоңырау - звонок)
3. Бірінші байлық (денсаулық - здоровье)
4. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем - весна)

3 - топ 1. 5пен бестің қосындысы (он - десять)
2. Мені жұтсаң қуанып,
Тыныс алып тұрасың (ауа - воздух)
3. Ең қымбат адам (ана - мать)
4. Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (қоян - заяц)

Алтыншы кезең: Топ басшылар сайысы
1 - топ Метаграммалар
1. Ж - дан басталса жыл мезгілі
Қ - дан басталса ол құс белгілі (жаз - қаз)
2. Егер т - дан бастасаң –
Биіктердің биігі.
Егер д - бастасаң.
Қиындардың қиыны.
Екеуің де алып тастасаң.
Балықшының бұйымы.
/тау, дау, ау/

2 - топ: 1.. Г - ден баста, мен кілең.
Ажарымын өмірдің.
К - ден баста, мен енді
Қалдығымен көмірдің.
/гүл, күл/
2. К - ден егер бастасаң –
Шомыласың суына
Ш - дан егер бастасаң –
Жазда аунайсың құмына.
/көл, шөл/

3 - топ: 1. Егер б - дан бастасаң,
Түтіндей боп көшемін.
Егер н - дан бастасаң,
Жап - жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң –
Ішкен жанға кеселмін.
/бу. ну, у/
2. Қ - дан бастасаң
Маған қарап сабақ айтады.
П - дан бастасам
Маған балалар жүгін артады (карта - парта)
- Міне балалар сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді сөзді әділ қазылар алқасына береміз. сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топ екенін білейік

1- жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл мықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: көп, Кім, біледі?
Просмотров: 348 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar