Кішкентай арулар - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Кішкентай арулар
24.09.2015, 11:31
Тақырыбы: Кішкентай арулар
Мақсаты:
1. Қазақ халқының өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету.
2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, шеберліктерін дамыту.
3. Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.
Әдісі: сайыс
1 - бастауышы: Ералы, бүгінгі мерекеде апай бізге көмекшілерім боласын деп еді. Енді өзі кешігіп жатыр. Ту-у осы қыздардың кешігіп жүретін әдетін - ай?!
2 - Бастаушы: Мен осы бір нәрсе ұмытқан секілдімін
3 - Бастаушы: Мені күтіп қалдыңдар ма? Кешігіп қалдым - ау деймін. Ал Нұрхан Ералы сіздер мерекені бастауға дайынсыздар ма? Олай болса мерекемізді бастайық.

1 - бастауыш: Сіздерден өскен балалар
Батыр менен даналар
Құттықтаймын мейраммен
Құрметті біздің ұстаздар!
2 - Бастаушы: Той – тойлап дала менен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым
Қара көз абзал ана мерекеңмен
Құттықтап жатыр міне балаларың

3 - бастауыш: Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Кішкентай арулар» байқауын бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
3 - бастауыш: ____________________________________________________________

1 - бастауыш:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың,
Көктем тойын бастайық.
Көктем тойға арналған,
Сайысты біз бастайық.
2 - Бастаушы: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды қуантып
Өнерден маржан шашайық
3 - бастауыш: Ортаға аруларды шақырамыз.
2 - бастауыш: Ұмытқан затым есіме түсті қыздардың мерекесіне арнаған сыйлығымызды ұмытып кеткен сияқтымыз. Апай, рұқсат болса біз сыйлыққа барып келейік.
3 - бастауыш: Ұлдар бұларың енді жарамады. Тез барып қайтыңдар

І кезең «Таныстыру»
3 - бастауыш:
Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.

ІІ кезең «Шебер қолдар»
3 - бастауыш:
«Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан кемде кем емес сияқты. Ою ойып болғанша ұлдарымыздың орындауында әсем ән тыңдайық!
Ән «Менің анам алтын»
ІІІ кезең «Өнер сайысы»
3 - бастауыш:
Кішкентай аруларымыздың өнерін тамашалайық

ІҮ кезең «Дәм - думан»
3 - бастауыш: «Ас - адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде, арулар үйде аналарымен бірлесіп дайындаған астарымен таныстырады.
3 - бастауыш: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері дайын болғанша кезекті өнерпаз достарымызға береміз.
Тақпақтар
Бексұлтан: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Сендей болса бар кісі
Шексіз перзент алғысы

Нұрбол: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші Наурызбен!

Алишер: Алақаны ақ самал
Мәпелеген жан анам
Көкте күнім батса да
Өзің күнсің балаға

Нұрберген: Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Бақытқали Ж: Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтайын
Аман болшы анашым

Жасұлан: Жүре берсем қасында
Айбат анам ай анам
Ботам деген даусыңнан
Мен мәз боп оянам
Айналайын ақ мамам

Айдаурен: «Ана» деген сөзді де
«Әке» деген сөзді де
«Ата» деген сөзді де
Ойлап тапқан балалар

Артур: «Күнім» «Жаным» дегенді
«Құлыншағым» дегенді
«Ботақаным» дегенді
Ойлап тапқан аналар

Ерасыл: Менің әжем - Жыр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақ орамалды тағып ап
Аман - есен жүр әжем

Диас: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит әкеп береді
Әжем мені өиткені
Өте жақсы көреді

Би:
Хор: Ақ мамам
2 - Бастаушы Жанар: Ұл - қыздарыңыздың жапсыру сабағында өздерінің аналарына дайындаған сыйлықтарын табыстауға рұқсат етіңіздер.

3 - бастауыш: Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік./Марапаттау

3 - бастауыш: - Ал енді менің көмекшілерімнің айтулары бойынша тобымыздың қыздарына сыйлықтары дайын екен Ал жігіттер сыйлықтарымызды табыстайық.
Ералы - Нұрхан: Шалқып – тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Қыздар сізді құттықтап
Сый сыйлаймыз бәріміз!
2 - бастауыш: Осымен Аналар мерекесіне арналған сайысымыз аяқталды.
Құттықтау сөз
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Кішкентай, арулар
Просмотров: 135 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar