Кітап - білім бұлағы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Кітап - білім бұлағы
24.09.2015, 10:40
Кітап – білім бұлағы
(Ашық тәрбие сағаты)
Мақсаты: оқушыларды кітапты сүюге, оны оқуға, таза ұстауға тәрбиелеу. Кітаптың шығу қалыптасу тарихы жайлы түсініктерін, білімге деген құштарлығын ояту. Кітаптың адам өміріндегі аса маңызды ролін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Ақын - жазушылар жайлы кеңірек мағлұмат білуге ықпал ету. Ақыл, ой - өрісін дамыту.
Барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Кітап - білім бұлағы» атты ашық тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер!
«Кітап - ғылым, тілсіз мұғалім»деп тегін айтпаған. Бүгінгі сабағымыз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кеңі кітапқа арналады.

Кітап алма ағашы,
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай, әдеби кітаптармен оқулықтар - білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш сыныптың өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.
1 - оқушы:
Ғылым сырын білсем деп,
Көкте күн боп күлсем деп
Кітап оқыр әр бөбек.
2 - оқушы:
Елімізде атақты,
Ғалым ата не тапты
Бәрін, бәрін білесің,
Оқи берсең кітапты.
Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан.
Кітап маған ұнады,
Кітап - білім бұлағы.
Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі – өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған – тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз: «Батыр бірді, білімді мыңды жығады»,- деп айтпаса керек. Кітап заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, ертегі, әңгімелермен сыр шертіскен - кітап ең жақын ақылшымыз.
Олай болса балалар ортамызға кітапты шақырайық.
Кітап: Балалар, мен білім көзі - кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады, суретші ағайлар сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады.
Кітап, ендеше сен бүгін бізде қонақта болып, балалардың өнерін тамашалап қайт.
3 - оқушы:
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы жанға серік, жол бастаушы,
Ақыл ой қазынасы өмір көркі
Тұрады басып құрап әріп неден
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит
Оқысаң кітап сырын ашып терең.
Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті және өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім, ғылыми жаңалықтар, өтке тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітаппен тынымсыз еңбек етеді.
Алдарыңызда оқушы мен кітап айтысы

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: білім, кітап, бұлағы
Просмотров: 236 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar