Кітап - менің сырласым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Кітап - менің сырласым
24.09.2015, 12:12
Сабақтың тақырыбы: Кітап - менің сырласым
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды білім құралы кітаптың маңызымен таныстыру. Оның алғашқы шығу тарихымен және алғашқы баспагерлермен, еліміздің баспаларымен таныстыра отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой - өрістерін дамыту. Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,(Ақын жазушылардың портреттері, нақыл сөздер, сөзжұмбақтар, ребустар, баспаның суреті, Иоганн Гуттенбергтің суреті)
Сабақтың түрі: пресс конференция
Пән аралық байланыс: математика, тарих, әдебиет,
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе. Жасымда білім бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл мақұрым қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?- деп Ұлы Абай атамыз өзінің білім дариясына кешірек қол сермеп қалғанын өкінішпен айтады. Бұнда ақын: Білім алуға бала кезіңнен ден қойсаңдар, өкінбейсіңдер, балғын шақта алған білімдерің, оқыған кітаптарың мәңгі бақи естеріңде қалады дегенді меңзейді.
- Ал, балалар, бізге білім берер негізгі құрал не?
- Әрине, кітап. Кітапты оқи отырып адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмір мен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы - құрдастарыңмен жақсы болуға қандай да бір жақсы лық істеуге құлшындыратын да осы – кітап. Біз кітаптың маңызын жақсы білеміз, Бірақ оның шығу тарихын көп біле бермейміз. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымызда: Алғашқы кітаптарды қалай жасады? Кітап басу ісін кім ойлап тапты? Қазақ тілінде ең алғашқы шыққан кітап қалай аталады? Тағыда басқа бізді ойландырған сұрақтарға жауап табамыз. Бүгінгі сабағымыз пресс - конференция түрінде өтеді.(Балалар екі топқа бөлінген. Бірі газет - журнал тілшілері, бірі баспахана қызметкер лері.) Бүгінгі біздің сабағымызға «Алматыкітап»,»Атамұра»,»Дәуір», «Жазушы», «Өнер» баспасының қызметкерлерімен, «Балдырған», «Ұлан», «Айгөлек», «Балбұлақ», «Орал өңірі», «Серпін» газет - журналдарының тілшілері қатысып отыр
І. Конференция барысы:
Әміржан -«Балдырған» журналының тілшісі: Алғашқы кітаптардың шығу тарихын айтып берсеңіз?
Аяжан: «Алматыкітап» баспасының қызметкері: Кітап шыққалы бірнеше мың жыл болды. Содан бері оның бейнесі талай - талай өзгерді. Вавилондықтар, ассериялықтар, басқа да көне халықтар кітапты балшықтан жасаған. Жұп - жұмсақ балшық тақтаға үшкір таяқшамен ойып ерекше белгілер салынады. Содан соң тақталар кептіріліп, күйдіріледі. Сөйтіп талай - талай кітаптар жасалған.
«Дәуір» баспасының қызметкері - Салтанат: Ал Қытайда алғашқы кітаптар бамбуктан жасалған жұқа тақтаға жазылып, олар мықты жіпке тізілген. Кейінірек кітаптарын қыл қаламмен, тушьпен жібек матаға жазған.
«Атамұра» баспасының қызметкері - Имран: Ал Ежелгі Египетте кітап сөзі тасқа қашалып жазыл ған. Одан кейін папирус ойлап табылды. Қамыс тәрізді құрақтың жапырағы нығыздалып бір - біріне желімделеді де, ұзындығы бірнеше ондаған метр лента жасалған. Мұндай ленталар түтікке оралып сақталған. Папирус жазуға керекті ең жақсы материал саналған.
«Өнер» баспасының қызметкері - Ақерке: Ал Европада орта ғасырларда жазу үшін бұзау терісінен ерекше әдіспен иленген пергамент пайдаланылған. Ежелгі орыс елінде жазу, жұқалап сыдырылған қайың ағашының қабығына жазылған.
«Ұлан» газетінің тілшісі - Бекзат: Алғашқы басылған кітаптарды қалай атаған?
«Дәуір» баспасының қызметкері - Салтанат: Алғашқы басылған кітаптар кислографиялық кітаптар деп аталды. Бұл атау гректің «кисло»- «ағаш»,«графо»- «жазамын» сөздерінен шыққан. Ондай кітаптар былай жасалған. Ағаш тақтайдың тегіс бетіне оған жазылатын сөздің теріс бейнесі түсіріл ген. Содан кейін баспагер әріп сызықтарының арасын өткір пышақпен мұқият ойып, тазалаған. Сөйтіп жазылатын сөздің шығыңқы бедері жасалған. Оған бояу жағылғанда үстіне пергамент немесе қағаз бастырылған. Сөйтіп жаңағы тақтайдағы сөз қағазға жұққан.
«Орал өңірі» газетінің тілшісі - Мерей: Алғаш қай ел қағаз жасауды ойлап тапқан?
«Дәуір» баспасының қызметкері - Салтанат: Қағаз жасауды адамдар екінші ғасырда үйренеді. Қағаз Қытайда ойлап табылды. Бірақ қытайлықтар оны жасаудың әдісін ұзақ уақыт құпия сақтаған. Қағаз Европада Х ғасырда ғана пайда болған. Олар қағазды шүберектерді ұнтақтап қайнату әдісімен жасаған. Ал бірақ газеттер шығып, кітаптар басылып, оқушыларға оқулықтар, дәптерлер қажет болған кезде шүберектер жетіспеген. Содан соң ғана қағазды ағаштан жасауға көшкен.
«Айгөлек» журналының тілшісі - Мадина: Ең алғаш кітап басу ісін ойлап тапқан кім?
«Жазушы»баспасының қызметкері - Ералы: Адамзаттың талай ұрпағы жеке әріптерден құрастырылатын баспа үлгісін жасауға тырысқан. Бірақ немістің өнер тапқышы Иоганн Гутенбергтей дәл ойлап тапқан болмаған екен.
«Айгөлек» журналының тілшісі - Мадина: Гутенберг не ойлап тапқан?
«Жазушы» баспасының қызметкері - Ералы: Гутенберг май сығып шығаратын кәдімгі прессті баспа хана станогына айналдырған. Сөйтіп оны баспа құралы етіп бейімдеген. Ең бастысы оның қанша сөз басу керек болса, сонша сөз басуға мүмкін баспа үлгісін тапқандығы. Бұл үлгілер оп - оңай ауыстыруға болатын жеке литерлерден Құралды. Литер дегеніміз бір басында әріптің шығыңқы бедері бар кішкентай металл бөлшегі. Әріптің бетіне бояу жағылады да басқан кезде ол қағазға түседі. Гутенбергтің ең басты өнер табысы осы.
«Өнер» баспасының тілшісі:- Ақерке:
- Қазақ жерінде кітап шығару ісі қай уақытта қолға алынды?
«Жазушы»баспасының қызметкері: Ералы:
- Негізінде орыс елінің өзінде кітап шығару 16 ғасырдың орта шеңінде басталған. Орыстың тұңғыш баспагері Иван Федоров болды. Ол «Апостол» атты кітап шығарды. Ал қазақ жерінде кітаптарды 18 ғасырға дейін көбіне араб әріптерімен жазылып, қол жазба түрінде таралған. Қазан көтерілісіне дейін 1800 - 1917 жылдар арасында қазақ тілінде 1100 дана ғана кітап шыққан. Оның өзі де басқа жерлерде Қазан, Ташкент қалаларындағы баспаларда басылған Қазақ тілінде тұңғыш шыққан кітап «Сейфіл - Мәлік» деп аталады.»Мың бір түн» кітабынан үзінді. Қазақстанда кітап шығару ісі 1918 жылдан бастап шығарылған. Осы жылы өзіміздің Батыс Қазақстандағы Орда да тұңғыш баспа ашылған.
«Серпін» баспасының тілшісі:- Ершат:
- Кітап графикасы деген не?
«Өнер» баспасының қызметкері - Ақерке:
--- Кітап графикасы деген кітапты безендіру, яғни кітаптың мазмұнын ашатын суреттермен құрылымын үйлестіру. Бұл орайда суретшілердің графикалық еңбектері қолданылады.
«Балбұлақ»журналының тілшісі: Диар:- Сіздің баспада қандай оқулықтар шығарылады?
«Атамұра» баспасының тілшісі:- Имран: ҚР - сында 1 - 4 сыныптарға арналған мемлекеттік білім стандарты қабылданды. Міне, осы білім стандарты негізінде құрылған бастауын сынып оқулықтары «Атамұра»,»Алматыкітап» баспаларынан шығарылады.
«Балдырған» журналының тілшісі:: Әміржан:- Қазіргі уақытта кітап басып шығару қалай жүреді?
«Алматыкітап» баспасының тілшісі:- Аяжан: Кітап басу процесі жылдан - жылға дамып, жетіліп келеді. Осы заманғы баспаханаларда кітаптың барлық мәтінін, әріп теретін полиграфиялық машиналармен, әріп құятын қондырғылармен және фото тергіш автоматтармен тереді. Машиналар кітаптың суреттерін әзірлейді. Бұдан кейін мәтін мен суреттердің баспа үлгілері жасалады да. Одан өте шапшаң жүретін аса қуатты баспа машиналар сағатына 4 - 5 мың көшірме қағазға түсіреді. Машиналар басылған қағазды топтап, түптеп, тігіп шығарады.
«Ұлан» газетінің тілшісі - Бекзат: Өзіңіздің ең алғаш оқыған кітабыңыз?
Менің ең алғаш оқыған кітабым - ол сүйікті - Әліппе. Әліппе бізге оқуды, жазуды, ертегі, әңгіме айтуды, сурет салып, мәнерлеп өлең оқуды үйретті. Сондықтан, алғашқы оқыған кітабымыздың құрметіне «Әліппе»әнін орындап берейік.
2.«Әліппе» әні орындалады.
3. Аудандық, мектепішілік кітапханашылармен ой бөлісу, сұрақтар қою.
- Сіздің кітапханаларыңыз қай кезден бастап жұмыс істейді?
- Қанша кітаптар жинақталған? Қанша адам жұмыс істейді?
- Сізге кітапханашы болған ұнай ма, әлде кітап оқыған ұнай ма?
- Кітапханашы болу үшін қандай оқу орнында оқу керек?
- Қанша бала кітап алып оқиды? Кітаптар ұзақ уақыт сақталу үшін ен істеу керек?
- Бүгінгі пресс конференцияға қатысып, кітап туралы ой бөліскен баспахана қызметкерлеріне және тілшілерге көп рахметімізді айта отырып, тәрбие сағатының екінші бөліміне көшеміз.
Нарғыз: Елімізде атақты,
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің,
Оқи берсең кітапты.
Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан.
Әмірбек: Мейірімім қанбас қаншама оқысам да,
Білім сырын зердеме тоқысам да,
Кітап дейтін жұп жазбас менің досым,
Қай кезде де келтірген көңіл хошың,
Сиқырмен алады еліктіріп,
Білім құмар жандарды желіктіріп.
Кітап білім бұлағы сарқылмайтын,
Адам ойы тазарып жарқылдайтын.
Аяулым: Қырандай томағасы алынбаған,
Етеді жабық кезің жанымды алаң.
Сыйлықтар қатарында өзің тұрсаң,
Өзгесін сенен бұрын қабылдаман.
Ашылған екі бетің жайған қанат,
Өзіңнен болжап сенше болашақты,
Өткенге емін - еркін сайрандамақ,
Жолдайсың жер анаңа айдан да хат.
Жоймайтын жемісісің әр тұста күшін,
Беретін қыс жаз үшін бірдей өнім.
Қолынан жатса - тұрса тастамайтын,
Мен түгел ұстазымның ұстазысың.
7. «Кім тапқыр?» ойыны. Берілген сөздерден кітап туралы мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер құрастыру.
1. Кітап, білім, бұлақ, өмір, шырақ....................... (Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы.)
2. Ақыл, білім. азбайды, тозбайды.................... (Ақыл азбайды, білім тозбайды)
3. Надан, дос, кітап............................ (Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол)
4. Артық. ғылым, кітап, оқы................................... (Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге)
5. Білім, қайнар, көз, кітап.................................. (Білімнің қайнар көзі - кітап)
6. Кітап, ғалым, тіл, мұғалім.........................(Кітап - ғылым, тілсіз мұғалім)
7. Кітап, ұстаз, ұстаз........................... (өмір ұстазы)
8. Кітап көрмесі. Балаларға арналған ертегілер, әңгімелер мен А. Құнанбаев, М. Әуезов, Б. Соқпақбаев, М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, т. б ақын – жазушылардың кітаптары туралы сұхбат жүргізілді.
9. Қорытындылау
Кітап - жан азығың» деп тегін айтылмаса керек. Жаныңды нұрландырып, көкірегіңді оятатын не екен? Әрине, кітап. Ендеше ақын аталарымыздың кітап туралы айтқан өлеңдерімен бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
А: Құнанбаев: Талап қыл артық білуге,
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
С. Сейфуллин: Оқу білім қазығы,
Адамның азығы,
Оқу өмірдің сәні,
Тіршіліктің шамы.
Б. Майлин: Оқыса білім бұлағы,
Оқыса елдің ұланы.
Тірілтіп, елге жан бітіп,
Ел үшін жұмақ қылады.
10. Хор.«Кітап» әні орындалады.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: менің, кітап, сырласым
Просмотров: 213 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar