Лагерь аруы - 2014 - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Лагерь аруы - 2014
24.09.2015, 11:21
Мақсаты: Қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие бере отырып инабаттылыққа, парасаттылыққа баулу, мейірімділік пен қайырымдылықты, биязылықты бойларына сіңіре отырып білімдарлыққа баулу, халқымыздың салт - дәстүрін, өнегелі нақыл сөздерді асыл қазына екенін бойларына санасына сіңіру.

Жоспары:
1. Таныстыру
2. Сұрақ жауап
3. Өз өнері (ән, би )
4. Шаш өру, оны таныстырады
5. Мәнерлеп оқу
6. Ою ойып, оны таза параққа жапсырады
7. Қорытынды

Ж: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп.

Ж: Сәлеметсіз бе, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын, ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр - салтын.
«Іске сәт» дей келе байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырамыз.
Ж: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешуі қиын.
Қазылар алқасы болмаса сынға алар.
Әділ қазы мүшелерімен таныстырып өтейік
1.
2.
3.

Ж: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып, тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен аруларды қарсы алайық

Ж: Қыз сыны, қыз әдебі,
Тал бойы жарасқан, күлкі әдебі.
Сайысқа келген қыздарымыз кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
Өзін - өзі таныстыруға кезек берейік

Ж: Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан дер.
Ата - бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата - жолын жалғапты.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Сұрақ жауап?» Әр аруға 2 – н сұрақ беріледі
Ж: Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халықтың сақтай білген ізгі салтын.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Өздері өрген сән, шаш үлгілерін таныстыру»

Ж: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнерімен өрге басып кідірмейік.
Өз өнеріне кезек береміз.

Ж: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер деген рас
Қыздарымыз шебер қолға араласқан
Келесі бөлімге түйме тағуға береміз

Ж: Ақын болып әділдікті жақтап өтемін,
Ананың ақ үмітін ақтап өтемін
Әдеп пен инабатты сақтап өскен
Қазақтың аруларын мақтан етемін
Ақын мен әнші деген ел еркесі
Қазақтың тарқамасын берекесі –
Келесі бөлім Мәнерлеп өлең оқу
Ж. Бақытың бастан кетпесін
Жамандық қуып жетпесін
Әсем күлкі жүзіңнен
Өмір бойы кетпесін
Сау болыңдар, көргенше,
Қайта айналып келгенше
Қорытындылау және марапаттау
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: 2014, аруы, лагерь
Просмотров: 217 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar