Әлемге - бейбітшілікǃ - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Әлемге - бейбітшілікǃ
24.09.2015, 15:28
Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Әлемге - бейбітшілікǃ»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, бойларына патриоттық сезім ұялату, саяси мәдениетін қалыптастыру. Елін, жерін құрметтейтін тұлға қалыптастыру.
Көрнекілігі: Слайдтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, Ұлы бабалардың портреттері.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың тақырыбы хабарланады. «Бейбітшілік» туралы ән тыңдалады.
Жүргізуші: Бейбітшілік ǃ Бұл сөз бүгінде әлем аспанында қалықтай ұшқан ақ қанатты әсем арман, арайлы үміт, ақ ниетті жандардың асыл мұраты, келешек жарқын өмірге бастар шам шырағы. «Соғыс» деген апат туралы, оған қатысқан ағалар туралы, олар армандап біз өмір кешіп отырған бейбіт заман туралы айтып өту. Слайдтан көрсету. Екінші дүниежүзілік соғыс өртін тұтандырған фашизмнің басқыншылық әрекетін, оқушыларға түсіндіру, өлеңдер оқу.

І оқушы: Менің атам - майдангер
Отан үшін от кешкен,
Өліммен де беттескен,
Омырауын оқ тескен
Менің атам - майдангер.

ІІ оқушы: Жеңіс күні
Ойлап, ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп.
Қуанышты мереке -
Жеңіс күні қай күн?- деп.
Атамнан да сұрадым,
Папамнан да сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым,
Тосты бәрін құлағын.
Дұрыс, десті,- сұрағың ǃ
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні, шырағым ǃ

ІІІ оқушы: Сен құрметте оныǃ (Ә. Сәрсенбаев)

ІV оқушы: Балдақты адам (Ә. Дүйсенбиев)

V оқушы: Салют (Ә. Табылдиев)
Көптеген қазақстандықтар өздерінің майдандас достарымен бірге жеңіс үшін күресті. Олардың көбі жаумен шайқаста болған қанды ұрыста қаза болды. Осының ішіндегі өз ауданымыздың (Ұлан ауданы) батыр ағалары туралы айтып өтейік.
Ұландық батыр ағалар: Қасым Қайсенов - Ұлан ауданы Жантас ауылында 1918 жылы дүниеге келген. 1940 жылы Армия қатарына алынған партизан отрядын басқарған. Бірнеше орден, медаль иегері: Халық ҚаҺарманы, жазушы. 2006 жылы дүние салды.
Ізғұтты Айтықов 1922 жылы Тарғын ауылында дүниеге келген. 1942 жылы соғыста Сталинград үшін шайқасты - разведчик. Қызыл Жұлдыз орденінің иегері. Совет Одағының батыры.
Т. Тоқтаров - Лениногорда болған. 1941 жылы соғысқа аттанды. Атқыштар дивизиясында болды. Москва үшін шайқасты. Ұлан ауданының Көре - кудук тумасы.
Х. Мухамадиев. Ұлан ауданы Тарғын ауылының тумасы. 1941 жылы армия қатарына алынды. Атқыштар дивизиясында болды. «Алтын Жұлдыз» медалі және «Ленин» орденінің иегері.
Ерлікпен қаза тапқан Ұландықтар: Степан Борозенец, Иван Варепа, Трофим Клименко, Владимир Колесников, Николай Лут.
Адамзатты фашизмнен құтқару жолында мерт болған, біздің бақытымыз үшін құрбан болған ағаларды үнсіз еске түсірейік.(1 минут үнсіздік)
Экраннан бейбітшілік туралы кадрлардан үзінді көрсете отырып әңгімелеу. Отан, батырлық, ерлік туралы мақал - мәтелдер айтқызу.
*Туған жерге туың тік.
*Отан оттан да ыстық.
*Өз елім, өлең төсегім.
*Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық.
*Ер елінде, Гүл жерінде.
*Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
*Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Қорытындылау: Біз қаза болған ерлерімізді ұмытпай есте сақтауымыз керек. Солардың ерен ерліктерінің арқасында біз осындай бейбітшілікте өмір сүріп отырмыз.

І оқушы: Жер жүзінде бейбітшілік болсын ǃ
Бейбітшілік болса ǃ
Алаулап гүл тұрады,
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болсаǃ
Түрленіп бақша бағы,
Тірлік те жақсарады
Бейбітшілік болсаǃ
Үйлер де құламайды,
Ешкім де жыламайды,
Бейбітшілік болсаǃ
Балалар болады аман,
Аналар болады аман,
Бейбітшілік болсаǃ
Ұлы Отан соғысы...
Ол біздің ақ шашты аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен қаһармандыққа толы биік рухын күллі әлемге танытқан сындарлы символы болса, 9 мамыр - Жеңіс күні аға ұрпақтың сол жанқиярлық ісін мәңгі сақтауға арналған қастерлі мереке. Иә, 1941 - 1945 жылдардағы алапат от кешу туралы зерде - қасиетті ел - жұртымыздың жалпы тарихының бір бөлігі. Өйткені, аға ұрпақтың сол сұрапыл сындарлы төзімділігі мен табандылығы, қайраты мен қаһармандығы болмаса, бүгінгі жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Біз бүгін осының бәрін ой елегінен өткізе отырып, Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлер алдында басымызды иеміз.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бейбітшілікǃ, Әлемге
Просмотров: 185 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar