Әлия – рух! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Әлия – рух!
24.09.2015, 14:39
Әлия – рух!

Мақсаты: Оқушыларды Отанын, елін, туған жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке тәрбиелеу. Әлияның ерлігіне үңіле түсу, ерліктерін оқып үйрену, тану.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Әлияның суреттері, өмір жолы туралы альбом, «Әлия» әні, ерлік туралы мақал - мәтелдер.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі ( музыка, тыныштық, құстар сайрауы мен өзеннің сылдырап ағып жатқаны, балалар ойнап жүреді. Кенет таспаға басылған соғыстың басталғаны туралы хабарланып, соғыс даласының дыбыстары естіліп,«Майданға» әні орындалады.)

Кіріспе: 1941 жылы 22 маусымда ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны қалғанша шайқасты. Осынау қанқұйлы соғыста жеңіске жетуде майдангерлердің шайқас даласында көрсеткен ерлігі, әскери шеберлігі мен батырлығы, фашизмге қарсы қозғалыстың тізе қосқан күш - жігері арқасында қол жеткізді.

Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге созылды. Майданға Қазақстаннан
1 млн. 366 мың адам аттанды, оның 5183 - і қыз - келіншектер еді.
Ел аумағында 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және 2 артиллериялық, 4 минометтік, 3 авиациялық полктар, 14 жеке батальондар құрылып майданға жіберілді.

Сондай - ақ батыр қыздарымызды мақтан етуіміз керек. Олар:
«Қазаұтың қанатты қызы» атанған, қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова,
Рота капитаны - Құралай Натулаева,
Медициналық қызметтің капитаны - Мариям Сырлыбаева,
Радистер - Орынкеш Мысырова, Шәкира Ботақанова, Бикен Садуакасова, Шағила Құсанова,
Барлаушы - Рахима Ералина,
Пулеметші - Зинат Оңайбаева,
Мерген - Мәликә Тоқтамысова,
Медбикелер – Рәзия Ысқақова, Мая Ғабитова т. б.

Жалпы осы соғыста Кеңес Армиясы қатарында 330 мыңнан астам әйел жауынгерлер болған.
Сол сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан, Кеңес Одағының батыр қазақ қызы Әлия Молдағұлова.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Әлия не бары он жеті жаста ғана еді. 1942 жылдың аяқ кезінде ол өзі сұранып, атқыштар мектебіне оқуға түсті. Оны үздік бітіріп шыққан соң майданға аттанды.
1944 жыл. Біздің әскерлер жаппай шабуылда. Ленинград маңындағы елді мекен үшін қатты ұрыс болып, шабуылға бұйрық берілуі сол - ақ еді, алдыңғы қатарлы жас қазақ қызы «Отан үшін алға!» деп тұра ұмтылды. Батыр қызды қостап соңынан барлық жауынгерлер лап қояды. Жауған оққа қарамастан батыр қыз қыстаққа кіреді. Ондағы жауды атып өлтіреді. Жаудың күші тойтарылып, қыстақ біздің қолға өтті.

Әлияның мұндай ерліктері көп. Ақын Я. Хелемский «Әлияның жүрегі» поэмасында қазақтың батыр қызын ерекше жырлайды.

1 - оқушы: Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,
Әлия Отанына болған мақтан.
Беженица маңында тұлғасы тұр,
Дегендей “ Ерлікке аттан, еңбекке аттан!”
Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен,
Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен.
Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,
Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.
Казачиха дөңінде тұлғасы тұр,
Дегендей “ Ерлікке аттан, жеңіске аттан! “

Әлия 1924 жылы Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерінде туған. Екі жасында жетім қалып, Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ол ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді.
Әлия ерекше ұстамды, зерек болып өсті. Жері, елі үшін өз еркімен майданға аттанады.

Көрініс (мұңды әуен ойнап тұрады, штаб, шекпен, автомат жарда ілулі, үстел үстінде май шам, карта қарындаш, ойланып отырған командир, есік қағылып ішке солдат кіреді).
- Кіруге болады ма, жолдас командир?
- Кіріңіз.
- Шақыртуыңызбен ефрейтор Молдағұлова келіп тұр.
Командир: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде?
Әлия: Мен Әлия Молдағұловамын, қазақстандықпын. Жасым 17 - де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгерлік тапсырманы орындауға дайынмын.

Ән: «Әлия» орындалады
(слайдпен Әлия ескерткіштері көрсетіліп отырады және мағлұматтар беріледі)

2 - оқушы: Ару, қыздар, алауланып от кешкендер,
Сыздап тұр - ау әлі күн оқ тескен жер.
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар алаулап от кешкендер.

3 - оқушы: Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, соның ішінде 2 ұлттық атқыштар бригадасы бар, әр қилы әскери түрлерінің 50 - ге жуық полктері мен батальондары құрылып, майданға аттанды. Кеңестік шығыс әйелдері арасында бірінші болып “Ленин ордені” және “Алтын жұлдыз”медальімен наградталған қазақ қыздары 100 - ші атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Маметова, 54 - ші атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды.

4 - оқушы:
Соғыстың құны – кесілген білек,
Соғыстың құны – тесілген жүрек,
Соғыстың құны – лаулаған орман,
Соғыстың құны – уланған арман,
Соғыстың құны – өртенген аспан,
Соғыстың құны – төгілген жас қан...

5 - оқушы: Әлия Казачиха деревнясы үшін болған ұрыста асқан батылдық көрсетті. Ол өзінің жаралғанына қарамастан “Алға” деп жар салып, жауға қарсы шыққан. Осы ұрыста Әлия оққа ұшады. Ол кезде Әлия әлі 19 жасқа толмаған кезі еді. Әлияның денесі осы селода батыр жауынгерлер зиратына жерленген. Сол жерге ескерткіш орнатылған. Кейін Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді. Өзі оқыған мектепте Әлияға “Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге Отаным, елім деп соққан жүрегім мирас етті” деп арналған ерекше бөлме бар.

6 - оқушы: Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күшін, жігерін.
Ана үшін, бала үшін, жер үшін,
Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.

7 - оқушы: Жеңіс күні. Адамзат аңсап күткен күн, Жеңістің туын тіккен 1418 тәулікке созылып, азаттық күрестің айбынды күнін әкелген Жеңіс күні. Бұл күн өмірді сүйер азамат қауымының есінен мәңгі кетер ме? Бұл жеңіс оңайшылықпен келген жоқ. Соғысқа 35 миллионнан астам қатысып, соның 20 миллионнан астамы дүниеден өтті.

8 - оқушы:
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке болып,
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән - көрік.
Жеңіс келді алақай,
Тоя жейтін нан болып!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: рух!, әлия
Просмотров: 196 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar