Өлкенің тума таланты - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өлкенің тума таланты
24.09.2015, 09:38
Сабақтың тақырыбы: «Өлкенің тума таланты»
Тәрбие сағатының мақсаты: Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, Әбіш Кекілбайұлының қаламгерлігі, қайраткерлігі, саясаткерлігі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру.
Тәрбиелілігі: Әйгілі сөз зергерінің замандастары, достары, әріптестері, іні – қарындастарының әр жылдардағы жазылған, газет – журналдарда жарық көрген ой – толғамдары, ыстық лебіздерін бере отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жазушының шығармалары бойынша плакаттар, жазушының өмірінен сурет – шежіре интерактивті тақтамен слайд арқылы көрсету

1. Кіріспе сөз. Мұғалімнің Әбіш Кекілбаев туралы өлең оқуы
Ұрпақтарды тамсантқан сымбат, нәрі,
Ғұмырыңыз тірліктің түрлі ақпары.
Тәуелсіз ел төрінде жарқыраған,
Бұл ғасырдың өзіңіз бір мақтаны.

Бақыт кейде десек те азапты нұр,
Өмір сізге сыйлапты ғажап ғұмыр.
Қаламменен біліммен, парасатпен,
Көтердіңіз қазақты биікке бір.

Жылытса жүректерді жан шуағы,
Біліммен көңіл кірі аршылады.
Нұр шашсын деп әлемге сыйға тартқан
Сияқтысыз Маңғыстау шамшырағы!
АРАЙЛЫМ: Тылсым тарихын балбал тастарға мүсіндеген, рухани әлемін зергерлік әшекейлеріне күміспен күптеп, күйлерінің күмбірімен көмкеріп, жырларымен жиектеген, өткені өнегелі, бүгіні бай да, баянды, келешегі көңілге шалқар шабыт ұялататын, 362 әулие мен Пір Бекет атаның рухымен тыныстап жатқан Киелі Маңғыстау топырағында дүниеге келген Әбіш Кекілбайұлына арналған «Өлкенің тума таланты» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

ГҮЛНАР: Осы бір қасиетті топырақ, киелі жерде дүниеге келіп, қалың қазақтың қамын жеп, алаштың ардағына айналған ұлы тұлғалар әрине, аз емес. Оларды дәл қазір түгендеп тауыса алмасымыз хақ. Бірақ олардың еңбегіне ілтипат, рухына тағзым етіп отыру ұрпақ парызы.

Амангүл: Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы осыдан он бес жыл бұрын Ақтауда туғанына 60 жыл толуына арналған салтанатты жиында: «Алпысқа жеткен адам да алыстан келе жатқан жолаушы ғой. Жол үстінде талай қуанып, талай құлазиды екен. Сондайда бала-шағасының тілегіне қосып, сенің тілегіңді де тілесе отыратын ақ пейіл ата қауымның барлығы – Құдайдан кейінгі қуатың екен. Бұны мен ешқашан естен шығармақ емеспін. Тұрғанда тәубама, жатқанда кәлимаға қосып келемін. Шырғалаң ғасырды да таусып келеміз. Пікір ете білсек, талай шыңырауға бойлаппыз. Шүкір ете білсек, талай шыңға өрмелеппіз. Жарығы таусылмаған жанға бақыттымын деп қомдану тасырлық, бақытсызбын деп мұңаю пақырлық шығар. Мен де бүгін жер ортасынан асқанда бабаларымыз айтқандай «Жаратқан ием, осы бергеніңе тәуба! десек ерсі болмас. Бұл үшін әуелі Тәңірге, сосын ел – халқыма қарыздармын» дегені барды.

Әбіш Кекілбайұлының өмірбаяны. Ақтілек, Нұржан, Жанар
Қасиетті Маңғыстаудың әрбір тасы тарихи шежіреге толы. Енді осы Маңғыстаудың ой - қырын кім зерттейді, ән - жырын кім жазады деп жүргенде, Мырзайырдың топырағынан Әбіш атты алып кемеңгер, ойшыл, дана, қарапайым сөзбен айтқанда, осы бір ғажайып өлкенің қыр - сырын ашушы, яғни, өзгелерге туған өлкесін таныстырушы бір ұл дүниеге келген еді. Бүгінде есімін шартарап танып қана қоймай, ұлы алаштағы ұлылықты әлемге паш етіп жүрген жандардың бірі, ХХ ғасырдың қазақ халқына берген үлкен сыйының бірі - Әбіш Кекілбайұлы. өзінің жалын жырына қосып, мақтан тұтатын:
Шытыра аппақ шыңдары,
Шыр айнала қоршаған.
Бытыра сусыл құмдары,
Бұлтия шөккен ортадан.
Мырзайыр деген жер бар - ды,

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тума, таланты, Өлкенің
Просмотров: 151 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar