Ұлттық киімдер - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұлттық киімдер
24.09.2015, 10:57
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы білімін молайту, ұлттық киімдермен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: Дұрыс сөйлей білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру
Тәрбиелік мақсаты: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақтың тарихына, салт - дәстүріне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, этнография Көрнекіліктер: Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің суреттері, сөзжұмбақ, дидактикалық карточкалар
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы білімін молайту, ұлттық киімдермен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: Дұрыс сөйлей білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру
Тәрбиелік мақсаты: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақтың тарихына, салт - дәстүріне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, этнография Көрнекіліктер: Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің суреттері, сөзжұмбақ, дидактикалық карточкалар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Психологиялық дайындық
2) Оқушыларды бүгінгі күнмен таныстыру
II. Өткен тақырыпты қайталау
Алдыңғы сабақта өтілген тақырыпты қайталап пысықтау.

III. Жаңа сабақ
Балалар бүгін біз киім жайында оның ішінде Қазақтың ұлттық киімдері туралы өтіп олармен танысамыз. Киім - денені ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын жасанды жамылғы, тұтыныс бұйымы. Қазақ халқының ұлттық киімдері өзіндік өзгешелікке толы. Ұлттық киімдерге біз тақия, қалпақ, сәукеле, мәсі, саптама етік, кимешек, жейде, көйлек, камзол, шапан, ішік тағы сол сияқты киімдерді жатқызамыз. Біз бүгін олардың әрқайсысына жекелеп тоқталамыз.
Тақия - сәтен, шұға сияқты матадан кестелеп тігілген баскиім. Тақияның үлгілері көп: үкілі, оқалы, шошақ төбе, тікше, қатипа, т. б.
Қалпақ - ақ киізден қалың матадан тігілген, биік төбелі баскиім. Төбесі шошақ биіктеу етегі кең келген бұл баскиім күннің сәулесін, суық өткізбейді, жауын-шашыннан пана сәнді киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді.
Сәукеле - қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Сәукеле баскиім ғана емес, қазақ сән - салтанатының, салт - дәстүрінің, мәдениетімен шеберліктің озық үлгісі.
Кимешек - қазақ әйелдеріне тән. Кимешекті ақ матадан, кейде жібек матадан тігіп, жиегін көмкеріп әшекейлеп дайындайды. Салт бойынша әйелдер балалы болғаннан кейін киеді.
Ішік - әрі жылы, сәнді, сырт киім. Ішікті еркектер де әйелдер де киеді. Ішікті әшекейлеп, ою, кестелеп, зерлеп тігеді.
Шапан - қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәделі сырт киімдерінің бірі. Тысы мен астарының арасына жүн немесе мата салынып, шұға сияқты әдемі мықты матадан қапталып тігіледі.
Жейде - түймелігі жоқ ішкиім. Алдыңғы екі өңірі өте ұзын, камзол тәрізді төменге салбырап тұрады. Жейде қайырма жаға, тік жаға, қақпақ жағалы боп бөлінеді.
Камзол - орны ерекше, әрі жылулық, сәндік міндет атқаратын киім. Камзол астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындармен әшекейленген, бойтұмар қадап, әртүрлі әткеншектер ілген.
Саптама етік - қонышы ұзын, киіз байпақпен шалбардың балағын ішіне салып киетін етік. Оны ертеде қолдан иленген көңнен адамның аяғы мен тізе буынын суықтан бейімдеп киіз байпақтың сыртынан киген.
Мәсі - өкшесіз, жұмсақ, аяққа жеңіл тігілетін қонышты аяқкиім. Мұны көп жерлерде іш байпақ, іш етік, былғары байпақ, көзел, жұмсақ былғарыдан тігіледі.
IV. Сергіту жаттығу
Бойды бүкпей тік ұста
Оң қолыңды оң жаққа
Сол қолыңды сол жаққа
Дәл осылай қайтала
V. Бекіту
Оқушыларға киімдердің суретін көрсете отырып олардың атын жеке және хормен атату.
1) тақия
2) қалпақ
3) мәсі, саптама етік
4) жейде
5) кимешек
6) көйлек
7) камзол
8) шапан
9) ішік
VI. Қорытынды
Өткен сабақ бойынша құралған «Кимешек» атты сөзжұмбақты шешу.

1. СәуКеле
2. КИім
3.Мәсі
4. ЖЕйде
.Шекпен
6. Тү йЕ[/b
7. Еш[]К
і

1) Қызды ұзатқанда киетін аса қымбат бас киім
2) Денені суықтан сақтайтын, жасанды жамылғы тұтыныс бұйымын ата
3) Өкшесіз жұмсақ аяққа жеңіл тігілетін қонышты аяқ киім
4) Түймелігі жоқ іш киім.
5) Ұзындығы тізеден сәл төмен болып келетін, жеңінің ұшы саусақ ұшын жабатын ұлттық киім.
6) Қай түліктің жүнінен шекпен тоқып, шуда жіп алынған
7) Қай түліктің түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналып, шәлі, шұлық тоқыған
VII. Үйге жұмысын беру
Қазақтың ұлттық киімдерінің атын жаттап келу, сипаттама беру
VIII. Бағалау
Балаларды жауап беру деңгейіне қарай бағалау
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ұлттық, киімдер
Просмотров: 243 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar