Ұлттық тағылымды ұмытпайық - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұлттық тағылымды ұмытпайық
24.09.2015, 14:54
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағылымды ұмытпайық
Сабақтың мақсаты: Ұлттық ерекшеліктерді, ұлттық мінез - құлық пен әдет –
ғұрыпты оқушылармен бірге терең зерттеу. Имандылық,
ибалылық, үлкенді сыйлау, еңбекқорлық,
қайырымдылық, ізгілікті сияқты жақсы қасиеттерді
оқушының бойында қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Көрнекілігі: Плакаттар, кітаптар көрмесі, қоржын, асықтар, ұлттық
музыкалық аспаптар, карточкалар.
Сабақтың жүрісі:
1) Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты үш топқа бөліп, топ жетекшілер сайлау, топтар атауларын белгілеу.
2) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы, ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты қазіргі ғылыми дәлелдеулер бойынша, а қазақ ұлтының алғашқы пайда болуы 13 - 14 ғасырларда басталды деп жүрміз. Олай болса сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет - ғұрып, салт - дәстүрлері қалыптасып, дамыды. Оның озық үлгілері ұрпақтан ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті. В. Г. Белинский салт - дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде: "Әдет - ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата - бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан - руға, ұрпақтан - ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді"- дейді. Әрине, әр халықтың өзіне тән салт - дәстүрлері, и әдет - ғұрпы болады. Олар сол халықтың ерекше белгісі болып табылады.
Ұлттық салт - дәстүрлер - тарихи және процесс. Көптеген салт - дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан ол кейде бірталай ұлттарға ортақ мәнді дәстүр болып келеді. Мысалы, асар - қырғыз, қазақ, өзбек, тәжік, түрікмен халықтарына ортақ өте ертеде пайда болған дәстүр.
Салт - дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным - сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысына туып, қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы, қазақтар жауынгершілік заманында қой сойып, қанына найзасын малып, бір - бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп серттескен. Бертін жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлде жойылды. Қазақ халқының салт - дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер, тұрмыс салт - дәстүрлері, әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлері болып үш топқа бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдеп - ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім - тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тіл дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той т. б.) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы - жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн - жоралғылар кіреді.
Ал тұрмыс салт - дәстүрлеріне қазақтың киіз үй, киіз үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Сондай - ақ әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл адамдарының туыстық қарым - қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық музыка аспаптары, үйлену - үй болуға байланысты салт - дәстүрлер, қонақ күту, халықтық - ұлттық мерекелерді өткізу, өлікті жөнелту рәсімдері әдет - ғұрыптарға жатады.
3) Сайыстың жүрісі:
1. "Дәстүрді білесің бе?"
а) Бесікке салу
ә) Тұсау кесу
б) Шілдехана
2."Асыл сөзді іздесең - Абайды оқы, ерінбе"
Абай өлеңдерін жатқа оқып жарысу.
3. "Қазақ ырым етеді"
Қазақтың ырымдары мен тиым сөздерін айту.
4. "Туыстық атаулар туралы не білеміз?"
а) бөле, балдыз
ә) жиен, бажа
б) шөбере, нағашы
5. "Көргеннің қылығы көңіл марқайтады"
а) ұлттық тағамдар
ә) ұлттық музыка аспаптары
б) ұлттық ойындар
6. "Өнер алды - қызыл тіл". Топ жетекшілер арасында мақал - мәтелдер сайысы.
а) денсаулыққа байланысты
ә) тіл туралы
б) оқу - білім туралы
7. Сайыстың жеңімпаздарын қоржындағы асықтарды санау арқылы анықтау.

4) Тәрбие сағатын қорытындылау
Бүгінгі тәрбие сағатымызда осыншама халық мұрасының ішінен адам тіршілігіне байланысты көне және бүгінгі күннің салт - дәстүрлерінің негіздер ғана айттық.
Салт - дәстүр, әдет - ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениеттің арқауы. Ғасырдың ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалы, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс.
Дәстүр, салт қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады. Сондықтан бұған осы тұрғыдан қараған дұрыс. Әркім керектісін, көңіліне ұнағанын, көкейіне қонғанын қабылдап, іс жүзінде қолданса, оны ұлтымыздың озық салт - дәстүрлерімен байланыстырып, байытып мазмұндандыра түссе, нұр үстіне - нұр.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тағылымды, ұлттық, Ұмытпайық
Просмотров: 258 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar