Ұлы - Абай, дана - Абай, дара - Абай - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұлы - Абай, дана - Абай, дара - Абай
24.09.2015, 13:48
Тақырыбы: Ұлы - Абай, дана - Абай, дара - Абай
Мақсаты: Ұлы ақынның даналық сөздерін талдап, мағынасына көңіл бөліп, есте сақтап, парасатты ақын екендігін дәлелдей отырып насихаттау. Шәкірттерге бабамыздың ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ой - толғауларын сезіндіре отырып, оларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа және адамдық асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Жоспары:
1 - бөлім. Абай өміріне шолу.
2 - бөлім. Жыл мезгілдеріне саяхат.
3 - бөлім. Көрініс «Бала Абай»
4 - бөлім. Ескірмейтін есті сөз.
5 - бөлім. Бес асыл іс, бес дұшпан.
6 - бөлім. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Жүру барысы:
- Құрметті, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Сіздерге зор денсаулық, молшылық тілей отырып, бүгінгі 4г сыныбында «Ұлы - Абай, дана - Абай, дара - Абай» атты тәрбиелік шарамызды ашуға рұқсат етіңіздер!
1 - бөлім. Абай өміріне шолу.
- Балалар Абай атамыз туралы не білеміз? Соны еске түсірейік.
Топтастыру

- Енді мына суретке қараңдар. Бұл суретте кімдер бейнеленген?
2 - бөлім. Жыл мезгілдеріне саяхат.
- Жыл мезгілдерін кім атайды?
- Қазір жылдың қай мезгілі? (Өлеңнің шығу тарихымен таныстыру.
Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды.

Жүргізуші: Үсті – басы – ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап, келіп қалды - бұл қай өлеңнен алынған үзінді?
Ендеше ортамызға «Қыс» мезгілін шақырамыз.

1 - оқушы: Қыс.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ - сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Жүргізуші:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан - жануар, адамзат анталаса,
Ата - анадай елжірер күннің көзі - бұл қай өлеңнен алынған үзінді?
Ендеше ортаға «Көктем» мезгілін шақырамыз.

2 - оқушы: Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан - жануар, адамзат анталаса,
Ата - анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду - ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: дана, Дара, Абай, Ұлы
Просмотров: 115 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar