Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ!
24.09.2015, 12:44
М. Әділова
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ!
Тәрбие сағатының мақсаты:
Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, портреттер. гүлдер, слайд, кітаптар көрмесі. т. б.

Жүргізуші:
Қайырлы күн қадірменді соғыс ардагерлері, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі 10 сынып ұйымдастырған «Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Мұғалім: - Ия, жеңісті сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап, жылдап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.
Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген!»
Орындайтындар: Қалау Гүлажар мен Запенова Нұрайна.
Жүргізуші:
«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын».
Кім келіспейді бұл тілекпен! Әр көктемде Жеңіс күні осы әнді бүкіл қазақ Елі боп шырқасақ! Тіпті тек бір біз ғана емес, бүкіл адамзатқа ұсынар Әлемдік Ән.
ФИЛЬМ - ге назар аударайық.
Туған өлкеміздің төл перзенті Әлия Молдағұлова жайындағы фильмді барлығымыз бірге көрейік.
Көрініс: «Майданнан жазылған хаттар». 10 сынып оқушылары.
Мұғалім: 2015 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толады. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 70 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақ¬тат¬ты. Мысалы; Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов -
1942 жылғы желтоқсан айында Талғат Бигелдинов кейіннен 144 - ші гвардиялық деп аталған алғы шептегі 800 - ші шабылдаушы авиаполкке келіп қосылып, соның құрамында соғыстың соңғы күндеріне дейінгі бүкіл от - жалынды бастан өткере кешіп өтті. Кітаптар көрмесі:

Суреттер сыр шертеді.

Жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей - теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға - ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен...
Ән: «Жеңіс жыры». Орындайтын: Сәндібаева Арайлым.

Мұғалім: Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, оның 497 - сі қазақстандық, оның ішінде 97 - сі қазақ.
110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері.
Ұлы Отан соғысы тарихында зерттелмеген ақтаңдақтар беті жеткілікті. Соның бірі Қазақстанда соғыс жағдайында деп жарияланған жалғыз облыс Гурьев(Атырау) болғаны. Өлке тарихын зерттеуші, тарих ғылымдарының докторы Х. Б. Табылдиев ҚР Президенті архивінен бұны дәлелдейтін құжаттарды тауып, баспасөзге жариялады.
Жүргізуші:
«Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.»
Арманымыз орындалсын! Сәбилердің ұйқысы бұзылмасын. Келіңіз бәріміз қосылып, әлемге осы әнді салып берейік. Сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жоқ!, жеңіс, келген, оңайлықпен, Ұлы
Просмотров: 174 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar