Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!
24.09.2015, 15:41
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Абленова Нұргүл Мырзаболатқызы

Тақырыбы: Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!
Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!» әдеби - музыкалық кеші.
Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, тыңдаушыларды тарихымызды тереңнен тануға баулу. Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Әдеби - музыкалық кеш көрініс арқылы ашылады: (Музыка ойнап тұрады). Жаздың жаймашуақ күні. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған қос ғашық көше бойлап, қыдырып жүр.
Музыка
Жігіт:
– Ауылдағы анамды тастап арман қуып, оқуға бара алмадым. Елдегі еңбекке де үйреніп қалдық. Сенің бейнең күндіз - түні жадымнан шықпайды. Бас қосып, шаңырақ көтерсек қайтеді?
Қыз:
–... не дерімді де білмеймін, менің де өмір бойы сенің жаныңда болғым келеді. Бірақ, ойлануым керек.
(Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді).
Ю. Левитанның дауысы аудиотаспадан қойылады. («Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін, 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасына басып кірді…» Дауыс баяулай бастайды да, аудиотаспадан «Священная война» әні орындалады.
1 бейнесюжет (соғыстың басталуы – 1941 жыл)
Көрініс: Ән ойналып жатқанда бірі әкесін, бірі ағасын, ал бірі сүйген жарын, бірі бауырын соғысқа шығарып салып тұрғаны сомдалады.

(АІІБ екі тыңдаушы)
1. Тазартам жаудан жерімді,
Қарумен алып кегімді.
Қам жеме халқым, ата - ана.
Ұлыңның анты сенімді.

2. Аттандым жауға қарсы елім үшін,
Отаным, ата мирас жерім үшін.
Көргенше қайта айналып сау болыңдар,
Ата - ана, құрбы - құрдас, үлкен - кіші.
Көрініс. «Кестелі орамал» әні
Қыз: (Арайлым)
Кестелі ақ жібек орамал,
Алыстан жолдаған сүйген жар.
«Жауынгер жарым сен, есіңе ал», -
Деп жазған оюлы хаты бар.
Қ - сы
«Жауынгер жарым сен, есіңе ал», -
Деп жазған оюлы хаты бар.
Жігіт (Арман)
Есіңе ал, еркетай, жазғы таң.
Қол қысып, құшақтап аттанған.
Қас дұшпан мейірімсіз жауыздан.
Аяма деп едің қасық қан.
Қ - сы
Қас дұшпан мейірімсіз жауыздан.
Аяма деп едің қасық қан.

1 слайд. («Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!»)

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті әріптестер, тыңдаушылар, қонақтар!
- Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы 9 мамырда бұл соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
Бүгінгі әдеби – музыкалық кешіміз Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ұрпаққа, жеңіс, аманат!, Ұлы
Просмотров: 242 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar