Ұлы жеңіске - Ұрпақтан тағзым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұлы жеңіске - Ұрпақтан тағзым
24.09.2015, 13:18
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Кеңес одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауыл
Б. Әбдіразақов атындағы №88 орта мектептің
музыка пәнінің мұғалімі Батырхан Нұрымбет

«Ұлы жеңіске - Ұрпақтан тағзым» атты Ұлы Отан соғысың 70 жылдығына арналған әдеби - музыкалық кештің сценарийі.

1 - Музыка фонымен(қайғылы) видео - монтаж көрсетіледі. «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында»
«Ардагерлер» өлеңі. Оқитын Рамазан
Ардагерлер – кешегі нар тұлға жан
Жауына найзағайдай жарқылдаған
Елі үшін заман жүгін арқалаған
Отан үшін оқ – оттан тартынбаған

Ардагерлер – кешегі қыран бабам
Ұлт үшін, ұрпағы үшін ұрандаған
Сіздерсіз келмес еді бақытты өмір
Сіздерсіз керек емес жыр – ән маған

Ардагерлер – шайқалмас тіректерім
Сезсеңдер де жастық шақ, күн өткенін
Парасаттың үлгісін үзбедіңдер
Бақытты өмір, бейбітшілік тілектерін

Жағдайыңа өзіңнің қарамастан
Арпалыстың ажалмен жағаласқан
Рухыңнан ызамен қанды кектің
Дұшпаныңды қайғы мен қара басқан

Ардагерлер – ақылды данасыңдар
Шежіренің бұлағы боп ағасыңдар
Асыл тастай санаулы қазынады
Жылдан жылға азайып барасыңдар

Кешегі қиын кезең құрдастары
Өтер уақыт мәңгіге тұрмас бәрі
Бірақ сіздер мәңгілік жасайсыздар
Сіздер мәңгі тірліктің жыр дастаны.

1 - жүр: Асылдарды ардақтаудан талмайық
Аталардың арлы ісін жалғайық
Армандар ай, әжелер ай, сан жылдар
Үмітпенен жалғызын күткен сарғайып..

2 -: Н. Тілендиев «Сөнбейді әже шырағың» орын: Меруерт Иганберген
Музыка фоны: қайғылы..........................
3 -: Б. Нұрымбет.«Батыр Үрмәш» видео - музыкалық монолог. Видео – монтаж көрсетіледі. 8 мин
4 -: Б. Нұрымбет. «Батыр Үрмәш» әні
2 - Жүр: Соғыс заңы - намыс пенен ар заңы
Сұм соғыстың дерті ауыр, зарлы әні
Тағзым етіп ерлікпенен елдікке
Тек тілейік бейбіт күнді алдағы (Музыка фоны..........................................)

5 -: «Аталар ерлігі - ұрпаққа ұран» әдеби - көркем құттықтау.

1 - Соғыс деген қара түнек қаптаған
Айналатын қызыл қанға ақ ғалам
Соғыс деген сумаңдаған сұм ажал
Тағдырларды табанында таптаған

2 - Соғыс деген жан алатын шабарман
Өртенген гүл, ол үзілген ақ арман
Соғыс деген жесір әйел, жетім ұл
Зарлы ана, ерте шашы ағарған

3 - 1933 жылы Германия мемлекетінің басына фашистік қанқұйлы идеяны аңсаған Гитлер келді. Өзімен ниеттес Италия, Жапония мемлекеттерімен одақтасып қарулы күштерін нығайтқан Фашистік европа елдеріне шабуылдап олардың бірінен соң бірін жаулап ала бастады.

4 - 1941 жылдың 22 маусымы күні Неміс - фашист басқыншылары Сол кездегі Кеңес Одағы елі мен арадағы келісімді бұзып 15 одақтас мемлекеттердің шекарасына басып кіріп, бейбіт жатқан шекара бойын қанға бөктірді.

5 - Көптеген ұлттар мен ұлыстардан құралған Кеңес Одағының халқы Отанын, туған жерін жаудан қорғау үшін бір кісідей атсалысып, жан аямай зұлым жаумен айқасқа түсті. Осылайша ІІ дүние жүзілік соғысы басталып өлім мен өмір арпалысы басталды.

6 - Неміс басқыншыларымен соғыста жеңіске жетуге Қазақстан халқы, соның ішінде Қазақ халқы үлкен үлес қосып өздерінің өр рухын растап, ар – намысын таптатпайтын өрлі – өжет, батыр, қаһарман ел екенін дүниеге дәлелдеді

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Жеңіске, тағзым, Ұрпақтан, Ұлы
Просмотров: 159 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar