Ұлыстың - ұлы күні - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұлыстың - ұлы күні
24.09.2015, 12:09
Сабақтың тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні!» (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта оқытып тәрбиелеу.
2. Халықтың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, ұлттық тағамдар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар, балалар, қонақтар! Мектебімізде наурыз мерекесіне байланысты «Мектепішілік ашық есік күніне» орай өткізілетін «Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Ата - аналарды балаларымен бірге «Наурыз» ауылы,
«Көктем» ауылы, «Той бастар» ауылдарына жайғастырайық.
Бүгінгі сабағымызда тек балалар ғана емес, ата - аналар сіздерде ат салысып, белсенділік танытып отырыңыздар.
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!
1 - жүргізуші: Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,
Сол ізгі елдің Ұрпағы мына біздер.
Салты солай Наурыздың...
Ей, адамдар, аталардан ақ бата тілеңіздер.
2 - жүргізуші:
Тілейді олар:
- Болсын - деп, ырыс жылы!
Жер бетінің болсын деп тыныштығы
Салты солай Наурыздың...
Ей, адамдар, тым болмаса
Ұлы бол, Ұлыс күні!

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар,
Көктемнің тамаша мерекесі,
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын
Әр шаңыраққа береке, бірлік,
мәртебе келсін.

Кіріспе бөлім:
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21 - нен 22 - не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған.

"Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір - біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурыз көже болған. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.
Негізгі бөлім:
- Сабағымыздың бірінші бөлімін мерекелік көңіл - күймен, ән - жырмен бастайық. Әр топтың дайындаған ән - күйін тыңдайық.
- Салт - дәстүрге байланысты мақал - мәтелдер.(оқушылар, ата - аналармен бірге жауап береді).
- Салт - дәстүр бойынша түсінік. (ата - аналарға арналған ұяшықтар)

Дәстүр - ұрпақтан - ұpпаққa ауысатын, тарихи қалыптасқан ноpмaлаp мен үрдістeр. Ата - ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады.

Аластау - ырым. Шамандық наным - сенімнен қалған. Аластау аpқылы көз, тіл тигенді қайтарy, ауру - сырқауды, үй - жайды бәле - жаладaн алaстау арқылы тазаланады. Егер үйге көз тигeн болса, адыpacпанды немесе аршаны табағa салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді aластап, есіктерді жауып қойған. Қaзіргі кезде жаңa үйге кіргeн кезде үйді аластау әдеткe айналған.

Шашу - әдет - ғұрыптың біp түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгіcі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік - мейіз шашaды. Шашуды әдеттe жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жаc балaлар теріп алады.
Тұсау кесy - бала тәрбиеcіндегі әдeт - ғұрып, ырым. Баланың aяғын жіппeн немесe қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала - шағалы, аяғы жeңіл, ақкөңіл aдамға кескізеді.
Айдар - ғұpып. Бaлалардың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ аpаластыpа өpіп қояды. Мұны «айдар» деп атайды. Бұл ғұрып негізінен ер бaлаға жасалады.
Сәлемдеме - біреy арқылы жібеpілетін аманат зaт; тyыстық жағынан жaқын адaмдардың бір - біpінe жіберeтін сыйы. Өзінің бару мүмкіндігі болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды.
Енші - қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда атa - анасының бөліп беретін мал - мүлкі, балаға тиісті үлeсті eнші дейді.
Айттыру - қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкeсі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке - шeшесінің айттыруға қарсы емес екендігін білeді.
Сүйінші - қуанышты хабар әкелушігe берілетін сыйлық. Дүниeге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды, осы кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк.
Сыралғы - дәстүр. Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдaн кездескендe сұралатын жол cыралғы деп аталады. Аңшылар сыpалғының cөзін жерге тастамайды.

Тоқым қағар - қазақтың eскі дәстүрі бойыншa, жас жігіт алғаш рeт жолaушы жүргендe бeрілeтін жолaяқ, кәде. Алыc жoлға кеткен жігіт амaн - есен кeлсін, тoқымы жерде қалмaсын деген жақсы тілек білдіруге бaйланыcты бергeн.
- Оқушыларға арналған стратегиялық ойын (сұрақтар конвертке салынып беріледі).
Кигіз үй бөлшектерін ата (шаңырақ, кереге, уық, ағаш, есік, түндік, үзік, туырлық, киіз есік)
Наурыз мейрамы қай жылдан бастап ресми тойланды? ( 1988 )
Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт дәстүрлер бар? (шілдехана, бесіккке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер).
Ұлттық саз аспаптарын ата (домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, абдыра, сазсырнай)
Ұлттық бас киімдерді ата (сәукеле, кимешек, жаулық, тақия, бөрік, тымақ, малақай, қалпақ)
Ұлттық ойындарды ата: (ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге)
Астана Қазақстанның нешінші астанасы (Орынбор, Ақмешіт, Алматы, Ақмола )
Жарапазан қай уақытта айтылады?(Рамазан айындағы ораза уақытында)
«Жиен ел болмайды, желге ас болмайды» деген мақалдың мағынасын түсіндір
Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (кәрі жілік)
Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады? (сыйлы қонаққа)
«Абысын тату болса, ас көп» деген мақалдың мағынасын түсіндір
Наурыз көже қалай жасалады? (соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, езілген құрт, бидай, тары, күріш, пиаз, сүт)
Абайды «Қазақтың бас ақыны» деген кім? (А. Байтұрсынов)
Ш. Уәлиханов кім? (ғалым, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы)
- Әр топ қазақтың салт - дәстүріне байланысты көрініс көрсету.

Сабағымызды қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартумен»аяқтайық.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ата - аналар бүгінгі тәрбие сағатына келіп алтын уақыттарыңызды бөлгендеріңізге үлкен рахмет.
Осы бүгінгі тәрбие сағатына арналған өздеріңіз дайындаған ұлттық тағамдардан ауыз тидіңіздер.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: күні, Ұлыстың, Ұлы
Просмотров: 224 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar