Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мүгедектер әлемі және оларды қорғар заң
24.09.2015, 15:08
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Мүгедектер әлемі және оларды қорғар заң

Мақсаты: Мүгедектер, олардың түрлері, әлеуметтік жай – күйі туралы тану. Мүгедектерді қорғайтын заң негіздерін талдау. Адамгершілік қасиетті сақтауға рухани мүгедектіктен сақтануға шақыру.
Ұйымдастыру бөлімі: 3 желтоқсан мүгедектер күні. Бүгінгі тәрбие сабағымызға дәрігер, заңгер, тілші қонаққа келіп отыр. Мүгедек деген кім?
А) туа біткен кемістік
Ә) жүре пайда болған кемістік
Б) кенеттен пайда болған кемістік
Дәрігер: Мүгедектер бірнеше топтарға бөлінеді.
1 топтағы мүгедектер еңбекке жарамсыз,
2 топтағы мүгедектер жеңіл еңбектерге жарамды,
3 топтағы мүгедектер еңбекке жарамды адамдар. Біздің республикамызда соқырлар мектебі «Зағиптар» Орал қаласында, ал Ақтау қаласында соқырлардың жұмыс жасайтын мекемесі бар. Ол жерде барлық жағдай жасалған. Ақтөбе қаласында мылқау – саңырау балаларға мектеп ашылған. Ол жерде руларға білім беріп, өмірге деген құштарлығын оятады.
Заңгер: Балалар конвенциясы. ҚР - дағы балалардың құқықтары туралы 6 – тарих « Мүгедек баланың құқықтары»делінген.
31 - бап. Мүгедек баланың толымды өмірге құқықтары.
32 - бап. Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдер.
33 - бап. Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек беріледі.
Тілші:
ҚР - дың 2007 - 2011 жылға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы 100%
білім және тәрбие алуына жағдай жасау көзделіп отыр. Қазір бұл 23, 3%. Қазіргі таңда «Аялы алақан» бағдарламасын көрсетудеміз. Осы бағдарлама арқылы біз мүгедек жандарға қиын кездері болатынын, қаржылай тапшылық, нашар отбасы т. б. сол сияқты күрделі проблемаларды шешуіміз үшін шығардық. Мына Бейнеудегі «Оңалу» орталығы ашылды. Бұл жерде мүгедек балаларға барлық жағдай жасалған. Әртүрлі қайырымдылық акциялары, қорлары жасалуда. Барлығы да балалардың болашағы үшін.

Жүргізуші: Балалар, Тамара Асар апаларыңыз аяғынан айырылса да, сахнаға шығуға барлық қиындықтармен күресіп, жеңді. Серікболсын Қонарбаев - географ - ғалым арбаға таңылып еңбегін қорғады. Ең жаман мүгедектік – рухани - адамгершілік тұрғыдан кеудесі қуыс адамдар. Өнер – білімнен жұрдай болмай, ар - ұятты бағалай білсең, шын мүгедектік далада қалады. Полигон құрбаны қолы жоқ Семей баласы аяғының бақайларымен қылқаламды шырқ үйіреді.
Түйін: Мүгедектер – тән саулығын аңсаған,
Біреуге аяқ, ал біреуге қол қайғы.
Өз борышын сезінуден қалса адам,
Бұдан асқан мүгедектік болмайды – деп Қ. Мырзағали ағамыз жырлағандай мүгедектерді қорғайық, адамгершілікті ойлаймыз.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: әлемі, қорғар, Оларды, және, Заң, Мүгедектер
Просмотров: 283 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar