Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
24.09.2015, 11:59
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Мақсаты:
1. Білім алушылардың мақал - мәтелдер, жұмбақтар туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру, мағынасын түсіне білуге үйрету. Мақал - мәтелдер, жұмбақтар тіліміздегі сөздің көркі екенін ұқтыру.
2. Алғырлығы мен аңғарымпаздық, тез шешім қабылдай білу, ойлау қабілетін арттыру.
3. Ата мұраны құрмет тұтуға, өз пікірін мақал - мәтелмен көркемдеп жеткізіп, ойын түйіндеп айта білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: білім - білік, дағдыны арттыру
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, іздендіру, сұрақ - жауап, ойын, талдау.
Көрнекілігі: тақта, слайдтар, тақырыптық кестелер, үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Әдіс - тәсілдер: пікір бөлісу, талдау, сұрақ - жауап, іздендіру т. б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Білім алушыларды түгендеу.
2. Білім алушылардың сабаққа психологиялық дайындау.
II Үй тапсырмасын тексеру өткен сабақты пысықтау арқылы жаңа сабаққа бағыттау.
Ой қозғау:
1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетінің түрлері?
3. Мақал - мәтелдер дегеніміз не?
4. Мақал - мәтелдердің тақырыбы қандай түрлерге бөлінеді?
- Кәне, бәріміз тақтаға зер саламыз.
Мақал - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасайды, яғни айтар ой түсінікті болады. Мәтелдерде ой - пікір бейнелі, тұспалдап айтылған ишара түрінде болады, яғни оны оқығанда бірден түсіне қоймайсың, әбден ойланып, тұжырым жасайсың.
Мақал - мәтелдер қосарланып айтылғанымен олардың өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түсіндіру жағынан да құрылымы жағынан да байқалады.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ЖҰМБАҚТАР, айнасы, шешендіктің, мақал, мәтелдер
Просмотров: 212 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar