Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан
24.09.2015, 09:51
«Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан»
(концерттік бағдарлама)

Мақсаты:
• Қазақ елінің жүріп өткен жолдарын, тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып, оны мәңгі есте сақтау керектігін түсіндіру.
• Оқушыларды Отанды сүюге, туған жерге сүйіспеншілігін арттыруға, саналылыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу.

Түрі: Әдеби – музыкалық монтаж.
Көрнекіліктер: Нақыл сөз, жалаулар, суреттер, рәміздер, слайдтар.

Барысы:

/басталмас бұрын сахнадан Қазақстан туралы слайд көрсетіледі, слайд аяқталған соң фанфар ойналып 2 жүргізуші ортаға шығады/
1 - жүргізуші:
Қазақ елі тәуелсіздігін алғанына биыл 21 жыл толды. Өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз ел атанды, қазақ халқы үшін, әрине, үлкен қуаныш. Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса көз жетпейтін кең, таулары айбат, халқы мерейлі ғажайып өлке.

2 - жүргізуші:
Еркіндік, азаттық біздің халқымыздың ежелгі арманы еді. Атажұрт үшін, азаттық үшін жан беріп, жан алысқа небір сұрапыл шайқастар өтті. Сол шайқасата қаншама арыстың қаны төгілді, жаны қиылды. Тамыры тереңге байланған алып бәйтеректей қазақ халқы талай боздағынан айырылды, талай тозақты көрді, талай теңселді, бірақ құламады. Құламау үшін қаншама қыршынды құрбандыққа шалды. Мінеки, бүгінде біз – тәуелсіздіктің берік тұғырына мінген егеменді елміз.

1 - жүргізуші:
Бүгінгі «Мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан» атты салтанатты кешімізге...

Екеуі бірге: Қош келдіңіздер!!!

1 - жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты кешімізді ашу үшін сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оразқұлова Ділбархан әпкеге беріледі.

2 - жүргізуші: Әнұраным – жанұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны!
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
***
2 - жүргізуші:
Сонымен, Желтоқсан оқиғасы не себептен болды, оған кімдер қатысты, ол оқиғаға сол кезде қандай баға берілді?

1 - жүргізуші:
Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген – әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгі сағат 10 - да бар - жоғы 18 минутта 26 жыл республиканы үздіксіз басқарып келген Дінмұхамет Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз - ақ ұсынылған еді.

2 - жүргізуші:
Келді осылай аңсаған күніміз де
Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге.
Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан,
Қасиетті тіліміз бен дініміз де.

1 - жүргізуші:
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
- Құрметті қонақтар! «Желтоқсан құрбандарын» еске алайық.
(1 минут үнсіздік)

***
1 - жүргізуші:
1986 жыл, 16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,

2 - жүргізуші:
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан - ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

1 - жүргізуші:
Кезекті желтоқсан оқиғасына арналған көрініске берейік!
/көрініс/
***
1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Туымызды бізге ешкім бермеді.
Ел тізгінін қолына алу жолында
Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

2 - жүргізуші:
16 желтоқсан – қазақ ұлты үшiн ерекше қастерлi күн. Қазақстан өзiнiң мемлекеттiк егемендiгiн жариялаған күн ретiнде ғана емес, қазақ халқының тоталитарлы режимге бас көтерiп, Желтоқсан көтерiлiсi болған күн ретiнде ел бұл датаға айрықша мән - мазмұнмен қарайды. Себебi 1986 жылы Алматыдағы Республика алаңында басталған Желтоқсан оқиғалары қазақ тарихында Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет, Сырым Датұлы тәрiздi ұлт тұлғаларының бiр кездегi бас көтеруiнен бiрде - бiр кем болған жоқ.

1 - жүргізуші:
Ендеше Әбиірбек ағамыз бен Майра апайымыздың орындауындағы «Желтоқсан желі» әнін экраннан тамашалайық!
/экранда «Желтоқсан желі» әні/
***
1 - жүргізуші:
Сенен артық қасиет жоқ жер тегі,
Сен ұрпақтың күліп атар ертеңі.
Тағдырыңды тапсыр маған туған жер,
Көркейтуге міндеттімін мен сені!

2 - жүргізуші:
Орынтаев Балғынның орындауында -«Жеңіс туы желбіреп» әні.
Қошеметпен қарсы алайық, халайық!
***
1 - жүргізуші: Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жая бастаған сәттен ақ Отанының тарихына ден қоя бастайды.

2 - жүргізуші: Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.

1 - жүргізуші: Ендеше, еліміздің тәуелсіздік алғалы 20 жылдық тарихына үңілейік, экранға назар аударайық!
/1991 - 2011 жылдар аралығындағы экрандық видеомонтаж көрсетіледі./
***
1 - жүргізуші:
Думан қызсын, көрсетсін ел өнерін,
Жатыр небір айтылып сөз де керім.
Ән бұлағы қайнарын қанып ішкен,
Көрсетсін оқушылар өз өнерін.
/экраннан Бекболат Тілеуханның тәуелсіздік туралы ой - толғауы/

2 - жүргізуші: Сахнада Ратай Сара «Туған жер» әні. Қошеметпен қарсы алайық!
***
1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді
Жылап тұрып аналарым бұл жолда
Сан перзентін қара жерге жерледі.

2 - жүргізуші:
Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдіғім,
Бостандықта байлығым мен ендігім
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім.
/экраннан Ардақ Назаровтың тәуелсіздік туралы ой - толғауы/

1 - жүргізуші:
Аудандық « Жас ақындар жырлайды» атты мүшайраға қатысып алғыс хатпен оралған 5 сынып оқушысы Зинабдуллаев Бекнұрды «Тәуелсіз Қазақстан» өлеңімен қарсы алайық!
***
1 - жүргізуші:
Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқан сепкенсің,
Азаттық күні қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.

/экраннан Медеу Арынбаевтың тәуелсіздік туралы ой - толғауы/

2 - жүргізуші:
Сахнада 9 «ә» сынып оқушылары Қайырханова Зағира мен Рысқұлбек Бағдатты «Сәлем саған, туған ел» әнімен қарсы алайық!
***
1 - жүргізуші:
Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол біздің Елордамыз – Астана. Астана да тәуелсіздігіміздің белгісі емес пе?
2 - жүргізуші:
Достық пейіл – татулықтың тірегі.
Біздің халық бейбіт өмір сүреді.
Бар әлемді бір өзіне қаратқан
Елордамыз – Еуразия жүрегі!
1 - жүргізуші:
Біз бүгінде бүкіл еліміздің игілігі болып табылатын жаңа астанаға ие болдық.
2 - жүргізуші:
Жаңа елорда Отанымыз үшін біздің сүйікті Қазақстанымыздың жаңа болашағының жарқын да ізгі беташары болды.

***
Рсалиев Мадияр - « Астана – Азияның ару қызы»
Әлімбек Жадыра – «Астана»
Датай Дидар«Бәйтерек»

***
1 - жүргізуші:
Арманға ақыр жеттік, ел болдық та егемен
Ойда жоқта түскен жоқ қой бұл төбеден
Тарихи сол күрестің тартуы ол,
Аруақ қолдап, әділ шындық жебеген.

2 - жүргізуші:
Сахнада Сейдалиев Нұрболат «Өз елім» әнімен. Қошеметпен қарсы алайық!

***
1 - жүргізуші:
О, дариға, алтын бесік туған жер,
Қадірімді келсем білмей кеше көр
Сүйем сенің туған ел – атамекен
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.

2 - жүргізуші:
Сахнада Құдайберген Досжан «Жаса қазақ» әнімен. Қошеметпен қарсы алайық!
***
1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік пейіл сыйы қазақтың
Арымыздан арылғалы азаттың
Батыры көп, ақыны көп халыққа
Алла жар боп туа қалған ғажап күн.

2 - жүргізуші:
Сүлейменов Біржанның орындауында Құрманғазының «Адай» күйі
***
1 - жүргізуші:
5 - сынып оқушыларының орындауында хор «Атамекен»
***
1 - жүргізуші:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы басымызға еркін келсін.
Ал енді тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі бақи желбіресін!

2 - жүргізуші:
Намысты от - жалынға шындайық біз,
Қайраттың ерлігіне лайықпыз.
20 жыл толған екен Желтоқсанға,
Әумин, қабыл болсын, жыр - әніміз!

1 - жүргізуші:
Осымен, бүгінгі концерттік бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Тәуелсіз, Қазақстан, мақтанышым
Просмотров: 255 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar