Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар
24.09.2015, 08:41
Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» (слайдымен)
9 - 11 сынып оқушылары
Сабақтың мақсаты: оқушыларға дұрыс кәсіби таңдау жасауларына көмектесу.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларға мамандықты дұрыс таңдау мәселесінің маңыздылығын көрсету; мамандықтар әлеміне саяхат жасау;
1. Талдау, ойлау, рефлексияны, өзін - өзі тануға деген талпынысын дамыту;
2. Өз таңдауы үшін жауапкершілік сезімін, алға мақсат қою және соған ұмтылу, өмір сүруге деген құлшынысын қалыптастыру.
Сабақтың барысы: жалпы сабақ ұсынған презентация желісімен өткізіледі.
1. Сәлемдесу кезеңі. Психолог өз қалауы бойынша бір әдісті таңдап, оқушылармен амандасады.

2. Сабаққа кіріспе.
- Құрметті оқушылар, сендердің ойларыңда түрлі сұрақтар туындап жатады. Мысалы,
• Қайда барамын?
• Кім маған көмектеседі?
• Мен кіммін?
• Не үшін өмір сүріп жатырмын?
• Кім боламын?
• Кімге сенемін?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қысқа талдау жасалады.
- Балалар, қазіргі кезде мектеп бітіруші түлектердің ең жиі таңдайтын мамандықтары мынандай екен:
• заңгер
• аспазшы
• аудармашы
• мұғалім
• менеджер
• ветеринар
• программист
• инженер
• банк қызметкері
• дизайнер
• экономист
• дәрігер
• психолог
• тәрбиеші
• бизнесмен
• құрылысшы
- Статистикаға сүйенсек, Қазақстанның ЖОО бірінші студенттерінің 28% өз таңдауларына көңілдері толмай, сол мамандықты таңдағанына өкінген екен. Сұрастыра келе, мамандықты таңдауда олардың:
1. 30% - ата - анасының, мұғалімдердің кеңесіне сүйенген екен;
2. 44% - үйеріне жақын аймақты таңдаған екен;
3. 12% - қазіргі таңда «модно» деген мамандықтары таңдаған;
4. 14% - мамандығын ең соңғы сәтте таңдағандары белгілі болыпты.
- Сондықтан да, құрметті оқушылар дәл қазір дұрыс таңдау жасау мәселесіне көңіл бөлейік. Мұқият тыңдап, сұрақтарың болса, түртіп отырыңдар. Сабақ соңында туындаған сұрақтарды талқылайтын боламыз.

3. Негізгі бөлім
Негізгі бөлімде психолог презентацияда ұсынылған ақпаратпен таныстырады.
1. Негізгі 5 мамандықтар аймағын бөліп, оларға сәйкес мамандықтарды атап келеді. Олар:
1. «Адам - Табиғат» аймағы
2. «Адам - Техника» аймағы
3. «Адам - Адам» аймағы
4. «Адам - Белгілер жүйесі» аймағы
5. «Адам - Көркемдік бейне» аймағы
2. Осы мамандықтар әлемінде дұрыс таңдау жасай алуы үшін балаларды «Мамандық таңдау формуласымен» таныстырады.
Талдау, қорытындылау: «Қалаймын», «Қолымнан келеді» және «Қажет» - осы үшеуін бір - бірімен үйлестіре алсаң, сенің кәсіби таңдауың өте сәтті болмақ.
Сенің міндетің – келесі талаптарды орындайтын мамандықты таңдау:
• Сен үшін мамандығың қызықты және тартымды болуы қажет;
• Сенің қабілеттеріңе сәйкес келуі қажет;
• Еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет.

4. Практикалық бөлім. «Мамандықты таңдау» практикумы.
Оқушыларға «Сен кімсің?» мини - тестін орындау ұсынылады. Тест нұсқау бойынша орындалып болғаннан соң, интерпретацияланады, әр фигураға сәйкес психологиялық сипаттамалар беріледі. Соңында, әр фигураға (сәйкесінше, мінез ерекшеліктеріне) сай келетін мамандықтар ұсынылады.
Талдау:
- Таңдаған фигураңа сәйкес психологиялық сипаттамалар саған қаншалықты келеді деп ойлайсың?
- Әр топтағы мамандықтарға ортақ не?
- Өзің туралы жаңа не білдің?
Балалар өз ойларымен бөлісіп, талқылау жүреді.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: таңдайтын, Мамандықтар, жолдар, біз, әлемі:
Просмотров: 317 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar