Мамандықтың бәрі жақсы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мамандықтың бәрі жақсы
24.09.2015, 11:15
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Сыныбы: 1-2
Мақсаты: 1. Оқушыларды жастайынан мамандықтың барлығы жақсы екенін меңгерте отырып, таңдай білуге үйрету.
2. Әр мамандыққа тоқталып, шағын мәлімет беру.
3. Кез келген маман иесін сыйлау, құрметтеу, бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
Түрі: дәстүрден тыс. сабақтан тыс
Формасы: топтық, көпшілік, жеке
Принципі: түсініктілік, көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік, ынталандыру
Әдіс - тәсілдері: көрнекілік, ойын, түсіндіру, ізгілендіру
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика
Көрнекілігі: қажетті көрнекіліктер

І. Кіріспе бөлім (5 мин)
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Барлығымыз назарымызды тақтаға аударамыз. Не көріп тұрмыз? Сандар. Қандай сандар көріп тұрмыз? Бір және екі таңбалы сандар, ия? 1 таңбалы сандарды ашқанда дауысты дыбыстар, екі таңбалы сандарды ашқанда дауыссыз дыбыстар шығады. 1 таңбалы сандарды ашып шығайық. Енді екі таңбалы сандарды ашамыз.
10 ---1 ---11 ---9--- 14 ---13 ----4 -----12
М ---а ----м ----а ----н---- д -----ы----- қ

Демек, сынып сағатымыз мамандыққа байланысты болмақ. Тақырыбымыз – «Мамандықтың бәрі жақсы». Мамандық дегеніміз адамдардың белгілі бір салада жұмыс істеуі.
Мысалы, мұғалім, дәрігер, милиционер, өрт сөндіруші, шаштараз, құрылысшы, жүргізуші, диірменші, егінші, нан пісірушілер, сатушы, аспаз, почташы, бухгалтер, журналист, тігінші, т. б.
Енді барлығымыз тыңдаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім (30)
Ребус
Көпшілік форма
Мамандық – жауапкершілікпен қарайтын, өзіңнің таңдауың арқылы белгілі бір салада жұмыс жасау.

Тақтадағы ребусты шешеміз. Ребустың 1 суретінде не тұр? Мысық, соңынан 4 әріп алып тастаймыз. М. 2 - сурет – құлақ, алдынан 1 әріп, соңынан 3 әріп аламыз. Ұ. 3 - сурет – ғарыш, соңынан 3 әріп аламыз. Ға. 4 - сурет – лақ, соңынан 2 әріп алып тастаймыз. Л. 5 - сурет – ірімшік, алдынан 5 әріп алып тастаймыз. І. 6 - сурет – мақта, соңынан 4 әріп алып тастаймыз. М. Қандай сөз шықты? Мұғалім

Суреттерге назар аударамыз? 1 суретте қандай мамандықты көріп тұрмыз? Мұғалім. Мұғалімдік мамандығы жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мұғалім болу үшін баланы жақсы көру керек. Мұғалім болмаса, біз білім ала алмаймыз. Тәрбиені үйрене алмаймыз.

(Оқушы тақтаға шығып айтады): «Мен – мұғаліммін. Мен оқушыларға сабақ беремін. Оларды білімге шақырамын. Балалардың білімді болуына мен жауап беремін.»
Мысалы, мен – мұғаліммін. Біздің сыныпты екі оқушы – мұғалімнің балалары.

Талғат: «Ұстаз»
Биікке өрлеген,
Тайсалып көрмеген.
Ұрпақсыз кеудесін
Қуаныш кернеген
Ұстаз деп ән шырқап
Күй төккен пернеден

Бәріміз орнымыздан тұрамыз. Кішкене сергіп алайық. Партадан шығып, дұрыстап барамыз. Мен айтамын, сендер менің соңымнан қайталайсыңдар.

Нан анасы – бидаймын (қолдарын көтеру)
Нанды елге сыйлаймын (қолдарын алға созу)
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын (дөңгелеп билеу)

2 суретте нан пісіруші көріп тұрмыз. Ұнды илеп, қамырды ашытып пісіреді. Дайын болған соң, дүкендерге нан тапсырады.

3 - суретте кім бейнеленген? Дүкенші. Ол адамдарға қажетті заттардың барлығын сатады. Саудамен айналысады. Дүкенге бәрі келеді

4 суретте дәрігер маманын көріп тұрмыз. ( тақпақ айтады) «Мен – дәрігермін. Ауырып калған, денесін жарақаттаған адамдарды емдеймін. Адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қараймын.»

Кезекте мені күтіп отырған адамдар бар. Оларға кезек берейік.

- Кіріңіз. (Милиция қызметкері келеді)
- Сәлеметсіз бе, дәрігер?
- Сәлеметсіз бе? Айта беріңіз, қай жеріңіз ауырып тұр.
- Дәрігер, мен соңғы кезде көп шаршап, басым көп ауыратын болып жүр. Маған көмек беріңізші..
- Қане, орныңыздан тұрыңыз. Сіздің демалуыңызды тексеріп жіберейін. Терең тыныс алыңыз. Демалмаңыз. Дем шығарыңыз. Жақсы, ешқандай қауіп жоқ. Тек күн тәртібін дұрыс қадағалап жүріңіз. Уақытында демалып, уақытында тұрыңыз. Ал бас ауыруын қойғызу үшін анальгин ішіңіз. Егер, қызу көтерілсе парацетамол ішіңіз.
- Рахмет, дәрігер! Сау болыңыз!
- Сау болыңыз!

Милиция қызметкері өмірде және көшеде болып жатқан әртүрлі жайсыз жағдайларды реттейді. Адамдарды көше тәртібін және еліміздің заңдарын сақтауға шақырады»

5 суретте өрт сөндіруші мамандығы.
«Мен – өрт сөндірушімін. Біз өртеніп, жанып жатқан үйлерді, ғимараттарды, ормандарды сөндіреміз. Адамдардың өміріне жауап береміз. Біздің жұмысымыз өте жылдам болуды, сақ болуды талап етеді.»

6 - суретте кімді көріп тұрсыңдар? Құрылысшы.
«Мен – құрылысшымын. Мен көптеген үйлерді, мектептерді, басқа да зәулім үйлерді саламын. Кірпіш, балшық, цемент, қаңылтыр т. б. құралдармен жұмыс жасаймыз.»

Сергіту сәті
Балалар, шаршап қалған шығармыз. Аздап сергіп алайық.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жақсы, Мамандықтың, бәрі
Просмотров: 166 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar