Мамандық – жетістік мерейі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мамандық – жетістік мерейі
24.09.2015, 10:10
Тақырыбы: “ Мамандық – жетістік мерейі” (слайдымен)
Мақсаты:
1. Мамандық таңдау кезінде тұрған оқушыларға бағыт – бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Әдіс - тәсілі: кездесу, дөңгелек үстел, сұрақ - жауап.
Кіріспе сөз: Пән мұғалімі.

Құрметті оқушылар және ұстаздар!
Баршаңызда бүгінгі “Мамандық - жетістік мерейі ” атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11 - сынып оқушыларын “қандай мамандықты таңдаймын” немесе “таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін” деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен кешегі түлектер, бүгінгі болашақ маман иелерімен кездестіріп ой - бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ол - ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз – өзіне “Мен кіммін?”, “Осы өмірдегі менің орным қандай?”, “Қалай өмір сүремін?” деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мамандық алғың келе ме?
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған өнеге,- деген өлең жолдарымен бастай отырып, мұнан әрі кешімізді жүргізу тізгінін ертеңгі елдің тірегі болатын болашақ дәрігер мамандығын таңдап отырған мектебіміздің “Алтын белгіден” үміткер оқушымыз Құбайдуллина Айкенжеге беремін.
- Бүгін біз үшін ерекше күн болғалы тұр, өйткені бізге қонақтар келген екен. Мен сендерге бүгінгі күнімізге сәттілік тілеймін.
(Қонақтармен таныстыру).
“Шен - шекпенге жасыңнан –
Құмар болма ”- депті Абай.
“Милары жоқ масылға
Сыңар болма”- депті Абай.
“Бүкіл абзал адамның
Баласы бол”- депті Абай.
Өсиетін Абайдың
Орындап жүр кім қалай?
Сұрақ:
- Абай атамыздың қалдырып кеткен өсиетін кім қалай түсінеді?
Ойланайық. Пікірлесейік.
- Қандай мамандықты таңдап жүрсің?
- Өз ісінің жақсы маманы болу үшін не қажет?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек деп ойлайсыз?
- Бұл мамандықты таңдауына не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
Мамандық таңдау – жүрек қалауы.
Қонақтарға сөз кезегін береміз.
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген - ай деген шақтарыңыз болды ма?
- Мамандық таңдаған кезде біреуге еліктедіңіз бе?
Психологиялық сәт.
“Психометрия”- өзің - өзі тану.
Мақсаты: Адамның тұлғалық типін тез арада анықтау, кез - келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізу.
Нұсқау:
Осылардың ішінен сізді “бұл – Мен!” дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Рефлексия. “Бос микрофон”.
- Осы күннен не алдыңыз?
- Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратындай жағдай болды ма?

Қорытынды.
(ағаштың суретіне өз ойларын жазған қағазды іледі.)
Жүректен - жүрекке.
“Майшам ” жаттығуы.

Толық нұсқасын жүктеу
Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Мамандық, мерейі, жетістік
Просмотров: 284 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar